1-билет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


Экологиялық дағдарыстар: Арал қасіреті, Семей ядролық сынақтың қазақ халқына тигізген трагедиялық зардабы



бет47/81
Дата29.05.2022
өлшемі343,45 Kb.
#35857
түріСабақ
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   81
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары (1)

52.Экологиялық дағдарыстар: Арал қасіреті, Семей ядролық сынақтың қазақ халқына тигізген трагедиялық зардабы.
Оның табиғи экологиялық және техногендік себептері. Кеңестік милитаристік империя жасақтаған әскери-өнеркәсіптік кешенінің қазақ халқына тигізген трагедиялық зардабы: Семей ядролық сынақ полигоны (1949-1991). Атомдық радиациядан болған жергілікті халықтың денсаулығындағы генетикалық зақымдар, жаппай онкологиялық, психикалық, т.б. аурулардың таралуы. Өнеркәсіп өндірістерінің қоршаған ортаны ластауы.
Мәдениет пен ғылым. Жоғарыдан әміршіл басқарудың күшеюінен мәдени және рухани өмірдегі қайшылықтардың тереңдей түсуі.
Семей ядролық полигоны. Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі - Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар және тұрғын халықтар зардап шекті.
Қазақстандағы сансыз ядролық зерттеулердің салдарлары әлі де толық зерттелген жоқ. Белгілі ақын Олжас Сүлейменовтың басшылығымен Невада—Семей экологиялық қозғалысы Семей ядролық полигонында сынақтар өткізуге толық тыйым салды. Бұл қозғалысқа Қазақстанның көптеген халқы кеңінен қатысты. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев республикада ядролық сынақтар өткізуге мораторий жариялады. (Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығына 1991 жылы тамыздың 29-да қол қойылды.) Соңғы сынақтардан бері он жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан, Семей ядролық полигонының белдемі күні бүгінге дейін экологиялық кауіпті аудан болып есептеледі. Өйткені онда ұзақ сақталатын радиоактивті заттар жинақталған.
Полигон аймағында күні бүгінге дейін топырақ және өсімдіктер ластанған. Қазақстан Үкіметі Семей ядролық полигонымен шектесіп жатқан аудандар аймағындағы экологиялық жағдайды жеңілдету жөнінде бірқатар шұғыл шаралар қабылдады. АҚШ пен Жапония үкіметтері Семей ядролық полигоны аймағында экологиялық зерттеулерді жүргізуге елеулі қаржылық көмек көрсетуде. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. 1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама.
Невада-Семей полигонының инфрақұрылымы
Сол ядролық сынақ полигондарының бірі – Семей полигоны Кеңес Одағының аса маңызды стратегиялық объектісі болды. Осынау полигонның кемел инфрақұрылымы: Курчатов қаласын (Семей – 21), реакторлар кешенін, «Балапан», «Г» (Дегелеңдегі сейсмокешен), «Ш» («Тәжірибелік алаң» дейтін) сынақ алаңдарын, толып жатқан басқа да ұсақ тәжірибелік алаңдарды қамтиды. Семей ядролық полигонның осынау тәжірибелік алаңдарында 456 ядролық жарылыс жасалды. Осынау сынақтар атом қаруының қиратқыш қаруын айтарлықтай арттыруға ғана емес, оның жаңа түрлерін де жасауға мүмкіндік берді.
Ядролық сынақтар.
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. 1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Полигонда жаңа таталды жұлдыздың тууын Лаврентий Берия, Сергей Курчатов, әскери бастықтар мен атақты ғалымдар, Кеңестік атом бомбасының толып жатқан идеологиялық, идеялық және техникалық аталары тасадан бақылап тұрды.

53. Кеңестер Одағының ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуының тарихи маңызын айшықтаңыз. КСРО-ның ыдырау барысын тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жөнінде Конституциялық Заң қабылдауы улкен айтыс-тартыстың арқауы болды. Сөз жоқ, осыдан бір жыл бұрын Қазақстанның тәуелсіздігі жөніндегі Заң көптеген қарсылықтарға ұшырар еді, 1991 жылдың соңғы 4 айының ішіндегі саяси процестер тығырықтан шығудың табиғи жолына бастап әкелді:Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Қазақ КСР-ның жоғарғы Кеңесі 1991жылғы қазанның 16-сындағы қаулысында 1991жылғы желтоқсанның 1-інде сайлау өткізу жөнінде қаулы шығарды. «Президент сайлау жөніндегі Заң» Қабылданып, ол бойынша 1991 жылғы желтоқсанның 1-інде бүкілхалықтық сайлау қортындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды, Е.М. Асанбаев-вице президент. Желтоқсанның 10-ы күні Президенттің таққа отыру рәсімі болып, ант берді. 1991 жылғы желтоқсанның 10-ы Республика Жағарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп өзгертілді. КСРО-ның ыдырау процесін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Қеңесінің жетінші сессиясында « Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Сонымен, 1991 жылғы 16 желтоқсан Республиканың тәуесіздік алған күні. Қабылданған Заң бойынша Қазақстан тәуелсіз демократиялық құқылық мемлекет ретінде анықталды. Ол өз аумағында барлық өкімет билігін толығынан қолданады ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше жүргізеді, республика барлық мемлекеттер мен халықаралық құқық принципі негізінде өз қарым-қатынасын орнықтырады. Қазақстан Республикасының шекаралары біртұтас бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды. Қазақстан Республикасының және оның атқарушы өкіметінең басшысы Президент болып табылады. 1991 жылы 8 желтоқсанда РСФСР, Украина, Белеорусь басшилары Минск қаласында кесдесті (Беловеж келесімі). Талқыланған негізгі мәселелер-1922 жылғы КСРО қүру тұралы келісімшартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы қағаздарға қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев та, басқа Ортаазиялық республикалардың басшылары да шақырылмады. 1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қыргызстан, Туркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келесімі) шешімін қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Туркіменстан, РСФСР, Украина, Белорусь, Армения, Молдова Алматыда бас қосты. Оған Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты. 1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды.
54. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы және қазіргі қолданыстағы ҚР Конституциясын қабылдау, Қазақстанда парламентаризмнің даму ерекшеліктерін талдаңыз. Алғашқы Қазақстан Конституциясы 1926 жылы 18 ақпанда КСРО құрылғаннан кейін 1925 жылғы РСФСР Конституциясы ескеріле отырып, ҚазАКСР Орталық Атқару Комитетінің қауылысымен түпкілікті редакцияда қабылданды, өйткені бұл кезде Қазақстан РСФСР-дың бір бөлігі еді. Бұл Негізгі заң басқару нысанын, мемлекеттік құрылысты, саяси режимді, мемлекеттік билік органдарының құрылымын, атқарушы-өкім беруші органдарын бекітті. Сайлау құқығының, бюджеттік құқықтың негізгі бастаулары белгіленді. Осы Конституцияға сәйкес Қазақстан РСФСР құрамындағы толық құқықты республика болып танылды. Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады. Конституция Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған сәттен бергі көптеген құқықтық нормаларды:
халықтық егемендік,мемлекет тәуелсіздігі,билікті бөлісу принципі,қазақ тілін мемлекеттік деп тану,Президентті мемлекет басшысы деп тану,сот органдарын — Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқаларды қамтыды. 1993 жылғы Конституция негізіне парламенттік республика моделі алынды. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады. 1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді. Конституция құрылымы
I бөлім. Жалпы ережелер,II бөлім. Адам және азамат,III бөлім. Президент,IV бөлім. Парламент,V бөлім. Үкімет,VI бөлім. Конституциялық кеңес,VII бөлім. Соттар және сот төрелігі,VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару, IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер Ең түбегейлі өзгерістерге Парламент туралы конституциялық бөлім ұшырады (49-63-баптар). 1995 жылғы Конституция бойынша елде екі палаталы заң шығарушы орган – Парламент, жоғарғы палата – Сенат және төменгі палата – мәжіліс жұмыс істейді (49-50-баптар). Конституцияда барлығы 9 бөлім және 98 мақала бар. Қажет болған жағдайда Парламент өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады. Сонымен бірге, өтпелі кезеңде, тәуелсіздік алу, мемлекеттік құқықтық жүйенің ауысужәне елді демократиялық даму жолында бекіту жағдайында жасалған 1993 жылғы ҚР Конституциясы қазіргі заманғы дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыра алмады.Бұл жаңа Конституцияны қабылдауды негіздеді, оның басымдықтарын ел Президенті Н.Ә.Назарбаев 1995 жылғы наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясының отырысында мазмұндады. 1995 жылғы 30 тамызда өткізілген жалпыхалықтық референдум нәтижесінде, бұрынғы мемлекеттік құрылымның кемшіліктерін жойдырған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданған.
55. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мақсаттар: халықаралық және аймақтық қауіпсіздік, мемлекеттің аумақтық тұтастығы мен егемендігі мәселесін айшықтаңыз.Ұлттық Қауіпсіздік - азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің өмірлік мәнді мүдделерінің, ұлттық құндылықтарының, өмір салтының әртүрлі (саяси, экономикалық, әскери, экологиялық, психологиялық және тағы басқалар) ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерден қорғалғандығы. Ұлттық қауіпсіздік Ұлттық қауіпсіздік өзара байланысты үш деңгейден тұрады: жеке адамның қауіпсіздігі, қоғамның қауіпсіздігі және мемлекеттің қауіпсіздігі. Олардың өзара байланысы қозғалмалы және қоғамдық қатынастардың сипатымен, саяси және экономикалық құрылымдармен, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның даму деңгейімен анықталады. Ұлттық қауіпсіздіктің мемлекет пен қоғам қауіпсіздігі өзіндік мақсат емес, жеке адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметіне айналған жағдайда толық жүзеге асырылады. Сыртқы ұлттық қауіпсіздік - ұлттық мүдделердің, ұлттық құндылықтардың, байлықтың және өмір салтының сырттан келетін қауіп-қатерден қорғалуы. Ұлттық қауіпсіздік әскери жолмен де, басқа да әдістермен бұзылуы мүмкін, мыс., шекара арқылы заңсыз шикізат, ресурстар, валюта, көркем және өзге құндылықтар- ды енгізу, алып өту, өнеркәсіптік немесе өзге де тыңшылық, рухани басакөктеу, іріткілік ақпарат тарату және тағы басқа. Қазақстанның сыртқы қауіпсіздігі халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын мойындап, қорғауға негізделеді және белсенді сыртқы саяси және өзге де әрекеттермен жүзеге асырылады. ішкі ұлттық қауіпсіздік жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің тұрақты қызмет етіп, дамуына эсер ететін қауіпқатерден қорғануы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары мен кезеңдерін стратегиялық жоспарлау кезінде, сондай-ақ осы саладағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, қабылдау және орындау кезінде міндетті түрде ескеріледі. Бұл ретте ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің стратегиялық мақсаттары Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін – іске асырылуына; мемлекеттің адам мен азаматтың құқықтарын сақтауға; қазақстандық қоғамның құндылықтарын және конституциялық құрылыс негіздерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. Осылайша, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік саласындағы саясаты Қазақстанның халықаралық және қорғаныс салаларындағы, экономикадағы, ішкі саяси, әлеуметтік және ақпараттық салалардағы, рухани өмір мен мәдениеттегі ұлттық мүдделерін қорғауға бағытталған.Жалпы, Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік тұрғысында ұстанып отырған саясатына байланысты әскери ғылымдардың кандидаты, доцент Георгий Дубовцев былай дейді:«Қазақстанның ұлттық мүдделері, ең алдымен, оның өңірдегі және ТМД-дағы ықпалды мемлекеттердің бірі ретіндегі ұстанымын нығайтумен, оның БҰҰ, ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ШЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдардағы рөлін арттырумен байланысты. Әлемдегі және өңірдегі әскери-саяси жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мүддесінде Қазақстан басқа мемлекеттермен түрлі деңгейлерде ынтымақтастықты жүзеге асырады. Бұл республиканың ұлттық қауіпсіздігінің сыртқы құрамдас бөлігін қалыптастыру. Оны қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі көп деңгейлі дипломатияны жүзеге асыру. Қазақстанның ұлттық мүдделеріне жақын және алыс шетелдермен диалог пен жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға жауап береді».
56. Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың дамуының негізгі кезеңдері: экономикалық, өндірістік қатынастар жүйесін түбегейлі өзгертудегі реформалар, қиыншылықтары мен жетістіктерін сипаттаңыз.Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықгық экономикаға көшу жолына түсті. Осы бағытта 1992 жылы қаңтарда мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып жекешелендіруге кірісті. Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Нарықтақ экономиканың Бірінші кезені шағын жекешелендіруден басталдық Алғашқы кезеңнің барысында 1991-1992 жылдары 5000-ға жуық нысандар жекешелендірілді, олардың катарында ұжымдық меншікке берілгендердің саны 470-тен астам болды. Екінші кезең «Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған ,Ұлттық бағдарламасы» негізінде жүргізілді. Бұл кезеңнің аса маңызды қадамы мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендірудің біртұтас жүйесі болды. Сол кезде шағын жэне орта бизнесті дамытуға белгі берілді. Көтерме сауда буынын қоса алғанда бүрынғы кеңеетік сауда жүйесін өзгерту басталды, Қызмет көрсету саласында бәсекелестік орта пайда болды. Үшінші кезең 1995 жылғы желтоқсанда заң күші бар «Жекешелендіру туралы» Жарлықтан басталып, Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден және т.б. Сондай-ақ нарықты экономикаға тән инфрақұрылымның кейбір түрлері биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жеке меншіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді.1999 жылға дейін жалғасты. Осы сәттен бастап ол тек ақша қаражатында жүзеге асырылды. Алайда, нарықтық экономикаға көшуде бірсыпыра қателіктерге жол берілді. Біріншіден, реформаны бастауда мемлекеттің мақсаты да, мүдделері де, әдіс-тәсілдері де толық анықталмады. Екіншіден, барлық елдерге бірдей сай келетін экономикалық реформаның моделі болмайды. Әр елдің өзіне тән, оның ұлттық бітіміне, тарихына, дәстүріне, нақтылы саяси, әлеуметтік, экономикалық қалыптасқан жағдайына сәйкес өз моделі, өз жолы болу керек. Оны әлемдік тәжірибе де көрсеткен. «Жапондық», «Немістік» тағы басқадай әр елдің өз даму жолы болғаны белгілі. Қазақстан көп елде жақсы нәтиже бермеген, Халықаралық Валюталық Қоры ұсынған «есеңгіретіп емдеу» деп аталатын жолына түсті, Ресейдің соңынан ерді.Үшіншіден, экономикалық реформа бірінен кейін бірі және өзіндік ретімен жасалуы арқылы жүзеге асуға тиіс. Ал Қазақстанда кажетті заң жүйесі жасалып бітпей, жеке меншікке негізделген кәсіпорындардың үлесі өсіп, бәсеке ортасы калыптаспай тұрып, ең әуелі бағаны ырықтандырудан бастау қате болды, өйткені бағаны ырықтандыру үкімет тарапынан мезгіл-мезгіл оны өсіріп отыру болып шықты. Өндірістік қатынастар — өндіріс, бөліс, айырбас, тұрмыстық игіліктерді тұтыну үдерісінде адамдар арасында объективті түрде қалыптасатын қатынастар. Өндірістік қатынастар қоғамдық дамудың бір сатысын екінші сатысына шектеуде объективті өлшемдерді құрайды, мұның өзі қоғамның бірін-бірі кезекпен алмастырушы тарихи тұрпаттарын – қоғамдық-экономикалық формацияларды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Қоғамның экономикалық құрылымы, заңи және саяси қондырма икемделетін және қоғамдық сананың белгілі бір нысандары сай келетін нақты базис өндірістік қатынастардың жиынтығын құрайды. Өндірістік қатынастардың екі жағы бар. Бірінші жағы – тікелей материалдық-өндіргіш күштермен айқындалатын өндірістік-техникалық қатынастар; олар технологиямен және өндірісті ұйымдастырумен байланысты туындайды, мысалы, түрлі мамандықтағы жұмысшылар арасындағы, ұйымдастырушылар мен орындаушылар арасындағы қатынастар, бұлар кәсіпорын ішіндегі немесе қоғам ауқымындағы технологиялық еңбек бөлінісімен байланысты туындайды, Екінші жағы – өндірістік-экономикалық қатынастар; олар өндірістік-техникалық қатынастардан өзгеше түрде адамдардың өндіріс құрал-жабдығына қатынастарын, яғни меншік қатынастарын білдіреді. Өндірістік қатынастардың бұл жағы мен меншік қатынастары мағыналас ұғымдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет