1-билет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы және оның маңызын талдаңыз



бет68/81
Дата29.05.2022
өлшемі343,45 Kb.
#35857
түріСабақ
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   81
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары (1)

87. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы және оның маңызын талдаңыз.:
Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.
88. Президенттік басқару институтының қалыптасуы. Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесіндегі жаңа құрылымның мемлекеттілік тұжырым­дама­сы.
Тəуелсіздік алған күннен бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстанда мемлекеттік жүйе, президенттік институт ядросы қалыптасуда. Бүгін жиырма жылға жуық уақытта Қазақстан мемлекеті үлкен асулардан өтті, міне, бұл президенттік институтының мемлекет механизміндегі жетістіктер деп айтуға толық негіз бар деп ойлаймын.Əрине, 1995 жылғы Конституциямызды арқау етеміз.Мемлекеттік биліктің институттарын қалыптастырудың негізгі міндеті жүйе ретінде қоғамның даму деңгейі мен саяси, əлеуметтік жəне экономикалық жағдайына сəйкес оның саяси жəне құқықтық рəсімдеуін таңдау болып табылады. Мұндай таңдау мемлекетті қалыптастыруда саяси жəне құқықтық негізін жəне мемлекет пен қоғамның өзара іс- қимылының сипаттамасын анықтайды. Ғылыми талдауда объективті қажеттілік берілген мəселемен, сонымен қатар Қазақстан қатысты ауыспалы қоғамда басқару үлгісінің саяси жəне құқықтық табиғатын зерттеуде көрінеді. Бұл қазақстандық қоғамның басқарудың қазіргі заманғы жəне демократиялық үлгіні таңдаудағы бірінші тəжірибесі жөнінде сөз болып отырғаны анық. Бір жағынан, Қазақстан мемлекеті тəуелсіздік алғаннан кейін басталған кезеңде саяси реформаның негізгі мақсаттарының бірі – ауыспалы кезеңдегі қоғамның қажеттілігін толық жүзеге асыру үшін мемлекеттік билікті ұйымдастырудың əдістерінің өзгеруі болды. Қазақстанда президенттік институттың қалыптасуы мен дамуы жəне мемлекеттік «құрылыстың» қиын процесінің стратегиялық концепциясын, басқарудың берілген үлгісін таңдауды жүзеге асырғандағы жағдайын, саяси жəне конституциялық табиғатының ерекшеліктерін, барлық заңдылықтарды шығару жоспарында қазақстандық ғалымдар əлі аяғына дейін əзірлеген жоқ. Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекет басшысы, мемлекеттік биліктің жəне халық бірлігінің кепілі жəне рəмізі, тұрақты Конституция, азаматтар мен адамның бостандығы мен құқығы. Негізгі өзгерудің шешуші факторы президенттік институт республикасында қазақстан мемлекетінің барлық қалыптасу процесі табысты іс-əрекет болып табылады. Осыған байланысты басқарудың президенттік үлгісінің қазақстандық нұсқасы- шетел мемлекетінің конституциясының тəжірибесі есебімен қалыптасқан процесс, біздің елдің ұлттық дəстүрі актуалды болып отыр. Қазақстан Республикасында президент институттарының дамуы жəне қалыптасуына бағытталған, мемлекеттік саясатты теориялық жəне методологиялық талдау, мəселені анықтау, Қазақстанда президент институтының қалыптасуы мен дамуы, елде президент институтының қалыптасу процесінде туындаған мəселені шешуді көрсету жəне шығару болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясына сəйкес Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктері оның мемлекеттік механизм мен мемлекеттік билікті бөлісу жүйесінде алатын орны мен рөлі оның конституциялық құқықтық қатынастағы мəртебесін айқындайды. Ол біріншіден, Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі жəне сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде жəне өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға. Аталған конституциялық норманың мазмұнына жүгінсек, бүгінігі таңда мемлекеттің даму стратегиясын, оның ұзақ мерзімді біріншілігін, эволюцияның жалпы бағдарламаларын анықтау ҚР Президентінің мойнына жүктеледі.Өзіне жүктелген қызметтерді атқару мақсатында ҚР Президентіне нақтылы өкілеттіктер берілген.Осылардың қатарында ең маңыздысы оның заң шығару, атқару жəне сот биліктері салаларындағы өкілеттіктері.Бұл ретте Президент билік тармақтарының өзара келісімді іс- əрекетін қамтамасыз ету өкілеттігіне ие. Қазақстан Республикасында президенттік басқару жүйесі тəуелсіздікпен тұтас қалыптасып дамып келе жатқанына баріміз куəміз. Еліміздің тəуелсіздігін нығайту жолында күшті президенттік билік жүйесі қажет, əрине бұл мемлекеттік тұтастануға үлкен ықпал жасайды. Қазақстан Республикасының Конститутциясына сəйкес Президентке үлкен өкілеттіктер берілген. Осы өкілеттіктердің арқасында заман талабына сəйкес дамудамыз. Қазақстан Республикасында Президенттің негізгі тарихи атқаратын рөлі еліміздегі саяси- тұрақтылық пен биліктің тұтастығын сақтау, Конституция Президентті осындай өкілеттіктермен толық қамтамасыз еткен.
89.Астанадағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 2003ж., 2006ж., 2009ж. сьездеріндегі қабылдаған шешімдерді салыстырып, маңызын анықтаңыз.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының I съезі 2003 жылы 23-24 қыркүйекте Астанада өтті. Оның жұмысына ислам, христиандық, иудаизм, синтоизм, индуизм және буддизмнің мейлінше беделді өкілдері қатысты. Съездің қатысушылары құрамының көрнекілігі мен жоғары деңгейі конфессияаралық форум өткізу жөніндегі Қазақстан бастамасының жүзеге асуының даусыз табысына айналды. Діндер диалогы І Съездің тұжырымдамалық идеясы және дау-дамайды шешу тәсілі ретінде дінаралық және ұлтаралық қарым-қатынастардағы күш көрсету мен террор әдістеріне қарсы қойылды. Съезге қатысушылар арасында бүгінгі әлемдегі діннің рөлі және кез келген діннің негізгі моральдық құндылықтарының жалпыадамзаттық сипаты жөнінде ашық пікірлесу өтті. Бірегей және есте қаларлық оқиғаға айналған форум бүкіл әлемдегі адамзат баласының бейбіт және лайықты өмірі үшін түрлі діндер өкілдерінің ынтымақтастығы мен бірлігінің өзектілігін және аса қажеттігін көрсетіп берді. Съездің идеясын К.Аннан, Дж.Буш, М.Тэтчер, Цзянь Цземинь, Н.Манделла, Ж.Д'Эстен және әлемнің өзге де аса ықпалды саясаткерлері қолдады. Форум қорытындысы бойынша рухани көшбасшылар болашақтағы үйлесімді әлемнің негіздері ретінде адамзат үшін бейбітшілік пен өрлеуді қамтамасыз ету және барлық қоғамда тұрақтылықты сақтау бағытындағы бірлескен іс-әрекеттері туралы мәлімдеген декларация қабылдады. Ауқымды шараның табысы І Съездің дінаралық форумды әр үш жылда бір реттен кем емес тұрақты негізде өткізіп тұру туралы шешімінде бекітілді. 
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІ съезі 2006 жылы 12-13 қыркүйекте Астанада өткізілді. Съезд арнайы форум өткізу үшін салынған жаңа «Бейбітшілік және келісім сарайы» ғимаратында өтті.
Форум «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік» атты жалпы тақырып аясында «Діни наным-сенім бостандығы және өзге дінді ұстанушыларды құрметтеу» және «Діни көшбасшылардың халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы рөлі» деген екі негізгі бағыт бойынша өткізілді. Екінші форум жұмысына 29 делегация қатысты.
Бірінші күні Съезд жұмысының барысында қатысушылар басшылыққа алған негізгі бөлігі көрініс тапқан «Дінаралық диалог қағидаттары» қабылданды. Екінші съезд қорытындысы бойынша қатысушылар барлық діндер мен этникалық топтар өкілдерін мәдени және діни ерекшеліктер негізіндегі дау-жанжалдарға жол бермеуге шақырған бірлескен декларация қабылдады. Бұл құжатта «қырғиқабақ идеологияны» «әлем мәдениетіне» ауыстырудың жаһандық қажеттілігі кең көрініс тапты.
Еуропа, Азия, Таяу Шығыс және Американың 35 елінен 77 делегация қатысқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының III съезі 2009 жылы 1-2 шілдеде Астана қаласында өтті. Оның басты тақырыбына кез келген мәселенің оң шешілуіндегі рухани көшбасшылар рөлін олардың өзара құрмет пен ынтымақтастыққа негізделген толерантты әлемді қамтамасыз етуге қосқан үлесі аясында арттыру жайы арқау болды.
Сонымен қатар, Съездің өткізілуіндегі жаңалық бейбітшілікті қамтамасыз етумен, қазіргі әлемдегі келісім және үнқатысумен байланысты өткір мәселелерді талқылау жөніндегі секция отырыстарын ұйымдастыру болды. III Съезде секция отырыстары үшін мынадай тақырыптар таңдап алынды: 1) Моральдық және рухани құндылықтар; 2) Әділеттілік, бейбітшілік және қауіпсіздік; 3) Қоршаған орта және үйлесім; 4) Диалог және әріптестік; 5) Дағдарыстар кезеңінде аса қажет ынтымақтастық.
Үшінші форумның қорытындысы бойынша қатысушылар жұртшылықты шынайы дінаралық диалог орнату үшін діни көшбасшылар мен ұйымдардың күш-жігерін қолдауға және арттыруға, діндер мен өркениеттердің өзара түсіністік пен құрметті жақсартуға бағыталған үнқатысуын қолдауға ықпал етуге шақырған бірлескен декларация қабылдады.


90. Индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы, оны жүзеге асырудың алғашқы табыстары. (2015-2019жж.) ЭКСПО-2017 – өткізудің Қазақстан үшін маңызын ашыңыз. Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: «бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi. Еліміз жоғарыдағы проблемаларды шешу мақсатында бәсекеге қабілетті алдыңғы қатарлы елдер санатына қосылу үшін, тұрақты экономикалық өсуді және экологиялық тиімді өндірісті қамтамасыз ету үшін «Қазақстан Республикасының Индустриялды-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзімді стратегиясын» қабылдады және ол алғашқы жылдан бастап оң нәтижелер бере бастады. Стратегияның негізгі мақсаты – ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану негізінде елдің ұзақ мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық дамуының бiрыңғай мемлекеттік саясатын қалыптастыру мен жүргiзу. Бағдарламасына сәйкес біз экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустриялануын тездетуге, машина жасау мен өнеркәсіп жабдықтарын жолға қоюға тиіспіз. Яғни инновация – негізгі қозғаушы күш болмақ. Бағдарламада сауда саясаты, инвестициялық саясат, еңбек ресурстары, білім беруді дамыту, кадрлар даярлау, денсаулық сақтауды дамыту, қаржы рыногын дамыту, фискалдық саясат, ғылымды дамыту, ғылыми-техникалық және инновациялық саясат, стандарттау және сертификаттау саласындағы саясат, инфрақұрылым, электр энергетикасы саясаты, ақпараттық саясат,телекоммуникацияларды дамыту, көлкті дамыту, тариф саясаты мен бәсекелестікті қорғау, экологиялық саясат мәселелері де қарастырылған. Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік экономикалық саясаттын қалыптастырады жəне экономика салаларын əртараптандыру арқылы дамудың шикізаттық бағытынан қол үзу арқылы елдің тұрақты дамуына қол жеткізуге бағытталған. Өңдеуші өнеркəсіпте жəне қызмет көрсету саласында бəсекеге түсуге қабілетті жəне экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар жəне қызметтер өндірісі мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады. Экспо 2017 — Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын Халықаралық көрме. Көрме 2017 жылдың 10 шілде мен 10 қыркүйек дейін аралығында өтеді. Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып Future Energy (Болашақ қуаты) болып табылады .Экспо 2017 иесі 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Астана үшін ХКБ-ның 103 мүше-мемлекеті дауыс берген, ал бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинады. Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрмеге айналуы мүмкін. EXPO-2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізу - Қазақстанның негізгі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы Мемлекет басшысы бастама көтерді. EХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Астана осы саладағы ең үздік әлемдік әзірлемелер мен трендтер көрсету үшін тиімді алаңға айналуы мүмкін. Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді.Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу шағын және орта бизнестің дамуына елеулі серпін береді. Көрме елорданың көрмелер объектілері құрылысы мен инфрақұрылымына едәуір жеке меншік инвестицияны тартуға мүмкіндік туғызады.ЕХРО көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның астанасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі мәдениеттер үніне толады. Көрменің аумағында күн сайын концерттер, шоу, ұлттық күндер және өзге де ойын-сауық іс-шаралары өтетін болады.EXPO бүкіләлемдік бірегей көрмесі – маңызы жағынан дүниежүзілік экономикалық форумдармен, ал туристік тартымдылығы бойынша ең танымал әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстармен салыстыруға тұрарлық жаhандық ауқымдағы оқиға.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет