1 билет Қазіргі Қазақстан жазушылары мен композиторларының шығармашылық еңбектері



Pdf көрінісі
бет37/43
Дата16.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#34527
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   43
Байланысты:
1 билет азіргі аза стан жазушылары мен композиторларыны шы ар

 

3) Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында орындалу 

керек міндеттердің ішіне «Туған жер» бағдарламасын ұсынды. Ел президенті 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұл бағдарламаның мәні деп үш ерекшелікті 

атап көрсетеді. 

«Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын 

жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса 

мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени 

нысандарды қалпына келтіруді көздейді».   

«Екінші, басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған 

қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым 

өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл – қалыпты және 

шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін».   

«Үшінші, жергілікті билік «Туған жер» бағдарламасын жинақылықпен және 

жүйелілікпен қолға алуға тиіс».  «Бұл жұмысты өз бетімен жіберуге 

болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс түсіндіру қажет.  Туған 

жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеудің түрлі жолдарын табу 

керек».  «Қысқаша айтқанда, «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық 

патриотизмнің нағыз өзегіне айналады».  Батырлар мен ақындар бірі 

найзамен, бірі жырмен қорғап қалған ұлан байтақ даланың қазіргі иесі 

ретінде, әрбір Қазақстан азаматы өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқару 

керек. «Туған жер» бағдарламасының жаппай халық арасында үлкен күшке 

ие болуы, жастардың бойына патриоттық тәрбие ұялату үлкен міндет. 

Берілген тапсырманың үдесінен шығу ғана емес, оны бүгінгі күнмен 

өлшемей, ертеңгі ұрпаққа жету үшін еңбек ету – басты парыз. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет