28 билет
1. XX ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық
жағдайы.
2. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанға эвакуацияланған
халықтар мен өндіріс орындары.
3. Қазақстан Республикасы тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы. 12 сәуір 2017 жыл.
1) Қазақ халқы табиғи өсімінің төмен деңгейіне көшпелі тұрмыс салтының
ауыр жағдайы, эпидемиялық аурулардың кең таралуы және медициналық
қызмет көрсетудің болмауы себепті оның қатарындағы, әсіресе балалар
арасында өлім-жітімнің жоғары болуы себеп болды. Қазақтардың 1916
жылғы көтерілісінің зардаптары да ерекше келеңсіз роль атқарды. Көтерілісті
патшаның жазалау отрядтары басып, жаныштап сол кезде осы ұлт-азаттық
қозғалысқа қатысушылар ғана емес, сонымен қатар бейбіт тұрғындар да
мыңдап қаза тапқан еді. Қазақтардың едәуір бөлігі империя шегінен Қытайға,
Туркияға және басқа елдерге үдере көшіп кетті. 1916 жылы Жетісу
облысынан ғана шетелге 150 мыңға жуық қазақ көшіп кетті.
Қазақстанның байырғы халқының үлес салмағының азаюына ғасырдың
басында орыстардың, уркраиндардың және басқа да ұлт өкілдерінің
империяның ішкі аймақтарынан қоныс аудару ағымының ерекше көп өскен
көші-қон үрдісі де қатты әсер етті.
Халық өсімі Столыпиннің аграрлық реформасынан кейін қоныс
аударушылардың жаппай келуінен арта тусті. XX ғ. басында Қазақ өлкесінде
құрылған «Қоныстандыру қоры» қазақтардың жерін тартып алып,
қоныстанушыларға берумен айналысты. Қаладағы ірі әлеуметтік топ-сауда
буржуазиясы (20,3%), одан кейін жұмысшылар мен қызметкерлер (33,1%).
XIX ғ. соңы - XX ғ. басында өлкеде 19 жаңа қала болды. Ақмола
облысындағы ұсақ қалалар саны – 20. 1897 жылғы тұңғыш халық санағы
бойынша: Оралда -36446, Верныйда –22744, Семейде – 20216, Қостанайда –
14175 адам тұрған.
Қала халқының көбеюі жолдары:
1.Қоныстанушылардың көптеп келуі.
2.Жатақтар санының артуы.
3.Ішкі демографиялық өсім.
4.Сауда қатынасының дамуы.
Құрамына қарай қала халқы қанаушы әкімдерге, дворяндар, офицерлер,
саудагерлер және оларға сыбайлас қазақтардың дәулетті бөлігі және жәй
еңбекшілерге (мещандар, шаруалар, жұмысшылар) бөлінді.
2) КСРО-да жүргізілген 1939 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда 6,2
миллион адам тұрған. Соғыс жылдары кеңес әскері қатарына 1 миллион 200
мың қазақстандық шақырылды. Оның 601 мыңы туған жерге оралған жоқ.
Қазақстаннан барған әскерлер майдан даласында ерлікпен шайқасты. 100
000-нан астам отандасымыз жауынгерлік ерліктері үшін медаль-ордендермен
марапатталды.
Шамамен 500 қазақстандық Кеңес одағының батыры, 100-ден астам адам
"Даңқ" орденінің иегері атанды. Ал қазақстандық 4 ұшқыш: Талғат
Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский "Кеңес Одағының
батыры" деген құрметті атаққа 2 мәрте иеленді. Қазақстандықтар арасында
алғаш болып бұл атақты танк әскерінің генерал-майоры, павлодарлық Кузьма
Семаченко (1941 жылдың 22-маусымында) алды. Панфиловшы, полковник
Бауыржан Момышұлынан (11 желтоқсан 1991) соң бұл атақ ешкімге берілген
жоқ.
Днепр үшін болған шайқаста 18 жастағы Жәнібек Елеусізов қазақтар
арасындағы ең жас "Кеңес Одағының батыры" атанды.
Кеңес Одағы батырларының қатарында қазақтың екі батыр қызы: мерген
Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова да бар.
Ал Рақымжан Қошқарбаев Рейхстагқа Жеңіс туын тіккені үшін
"Жауынгерлік Қызыл ту" орденінің иегері болды. 2001 жылы "Халық
қаһарманы" атанды.
Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар
және резервтік күштер дайындауға үлес қосты. 1941-1945 жылдары КСРО-
дағы әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық білім алуға
аттанса, нақтыланбаған ақпарат бойынша, Қазақстанның аумағында соғыс
жылдары жұмыс істеген 27 әскери оқу орны 16 000 офицер дайындап
шығарған.
Партизандық соғыс
Қазақстандық сарбаздар жау тылында қоршауда қалып, партизандық күреске
араласқан. Ұлы Отан соғысы жылдары 3 500 қазақстандық партизан
отрядтары қатарында болды деген мәлімет бар.
Тарихшылардың айтуынша, олар Украина мен Беларусь елдерінің батыс
аудандарында, Молдавия мен Балтық жағалауларында фашистік Германияға
қарсы соғысқан. Олардың ішінде Қасым Қайсенов, Тоқтағали Жанкелдин,
Әди Шәріпов, Сәтімбек Төлешов, Нұрым Сыдықов, Ғалым Омаров, Ғалым
Ахмедияров сынды батыр партизандармен қатар Нұрғаным Байсейітова,
Тұрғаш Жұмабаева, Жамал Ақәділова есімді қазақ қыздары да жау
әскерлеріне қарсы күрескен.
3) Тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың
бірнеше бағытын атап өтер едім.
1. Бәсекелік қабілет
Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін
арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.
Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта
бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл
материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім
немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін.
Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес,
адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады.
Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және
конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша
қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы.
2. Прагматизм
Халқымыз ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көздің қарашығындай
сақтап, оның байлығын үнемді, әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ
экологиялық өмір салтын ұстанып келді.
Тек өткен ғасырдың ортасында, небәрі бірнеше жыл ішінде миллиондаған
гектар даламыз аяусыз жыртылды. Бағзы замандардан бері ұрпақтан ұрпаққа
жалғасып келген ұлттық прагматизм санаулы жылда адам танымастай
өзгерген.
Осының бәрі – жерге аса немқұрайлы қараудың ащы мысалы.
Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде
тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек.
Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді
пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен
астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі
қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – ұстамдылық, қанағатшылдық пен
қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділік.
Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби
тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды
пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі деген осы.
Бұл – заманауи әлемдегі бірден-бір табысты үлгі. Ұлт немесе жеке адам
нақты бір межеге бет түзеп, соған мақсатты түрде ұмтылмаса, ертең іске
аспақ түгілі, елді құрдымға бастайтын популистік идеологиялар пайда
болады.
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау
Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді.
Оның екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту.
Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар
сипаттарын өзгерту. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз,
әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз
бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы,
Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан
жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана.
4. Білімнің салтанат құруы
Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар
қасиет.
Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс жасалды. Біз он мыңдаған жасты
әлемнің маңдайалды университеттерінде оқытып, дайындадық. Бұл жұмыс
«Болашақ» бағдарламасынан басталды. Елімізде өте жоғары деңгейдегі
бірқатар университеттер ашылды, зияткерлік мектептер жүйесі қалыптасты.
Басқа да көптеген іс тындырылды.
5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы
Биыл Еуразия құрлығының ұлан-ғайыр аумағын астаң-кестең еткен 1917
жылдың қазан айындағы оқиғаға 100 жыл толады.
Күллі ХХ ғасыр революциялық сілкіністерге толы болды. Бұл осы аумақтағы
барша ұлттарға мейлінше әсер етіп, бүкіл болмысын өзгертті.
Әрбір жұрт тарихтан өзінше тағылым алады, бұл – әркімнің өз еркіндегі
шаруа.
Біреуге өзіңнің көзқарасыңды еріксіз таңуға ешқашан болмайды. Бізге тарих
туралы өздерінің субъективті пайымдарын тықпалауға да ешкімнің қақысы
жоқ.
6. Сананың ашықтығы
Сананың ашықтығы зерденің үш ерекшелігін білдіреді.
Біріншіден, ол дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және
өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.
Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне
дайын болу деген сөз. Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс,
тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы
түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын болуымыз керек.
Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға
сіңіру мүмкіндігі. Азиядағы екі ұлы держава – Жапония мен Қытайдың
бүгінгі келбеті – осы мүмкіндіктерді тиімді пайдаланудың нағыз үлгісі.
ІІ. ТАЯУ ЖЫЛДАРДАҒЫ МІНДЕТТЕР
Осыған байланысты, мен алдағы жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын
бірнеше жобаны ұсынамын.
Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын
бастауымыз керек.
Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды,
бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз.
Ол кезең де таяп қалды, сондықтан біз уақыт ұттырмай, бұл жұмысты осы
бастан қолға алуымыз керек. Біз осынау ауқымды жұмысты бастауға қажетті
дайындық жұмыстарына қазірден кірісеміз. Үкімет қазақ тілін латын
әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауы керек.
Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық
ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және
білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты.
Мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін
онсыз да үйреніп жатыр. Сондықтан, жас буын үшін ешқандай қиындық,
кедергілер болмақ емес.
Екіншіден, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа
гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын қолға
аламыз.
Оның мәні мынада:
1. Біз тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану
және филология ғылымдары бойынша студенттерге толыққанды білім беруге
қажетті барлық жағдайды жасауға тиіспіз. Гуманитарлық зиялы қауым
өкілдері еліміздің жоғары оқу орындарындағы гуманитарлық кафедраларды
қайта қалпына келтіру арқылы мемлекеттің қолдауына ие болады. Бізге
инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең
түсіне алатын білімді адамдар да ауадай қажет.
2. Біз алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары
бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне
аударып, жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға
мүмкіндік жасаймыз. 2018-2019 оқу жылының өзінде студенттерді осы
оқулықтармен оқыта бастауға тиіспіз.
3. Ол үшін қазіргі аудармамен айналысатын құрылымдар негізінде
мемлекеттік емес Ұлттық аударма бюросын құру керек. Ол Үкіметтің
тапсырысы бойынша 2017 жылдың жазынан тиісті жұмыстарға кірісе бергені
жөн.
Бұл бағдарлама арқылы неге қол жеткіземіз?
Ең алдымен, жүз мыңдаған студентке жаңа сапалық деңгейде білім бере
бастаймыз.
Біздің әлеуметтік және гуманитарлық біліміміз ұзақ жылдар бойы бір ғана
ілімнің аясында шектеліп, дүниеге бір ғана көзқараспен қарауға мәжбүр
болдық. Әлемнің үздік 100 оқулығының қазақ тілінде шығуы 5-6 жылдан
кейін-ақ жемісін бере бастайды. Сол себепті, уақыт ұттырмай, ең заманауи,
таңдаулы үлгілерді алып, олардың қазақ тіліндегі аудармасын жасауымыз
керек. Бұл – мемлекеттің міндеті.
«Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Оның ауқымы ізінше
оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады.
Мәселен, «Ауылым – әнім» атты әнді айтқанда, «Туған жерін сүйе алмаған,
сүйе алар ма туған елін» деп шырқайтын едік қой. Бажайлап қарасақ, бұл –
мағынасы өте терең сөздер.
Бағдарлама неге «Туған жер» деп аталады? Адам баласы – шексіз зерденің
ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге
түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-
бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін
жан баласы болмайды.
Бұл жұмысты өз бетімен жіберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа
дұрыс түсіндіру қажет.
Қысқаша айтқанда, «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің
нағыз өзегіне айналады.
Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық
сезімге ұласады.
Достарыңызбен бөлісу: |