1-билет Қазіргі заманғы білім беру мазмұнына анықтама беріп,білім берудің мақсаты жайындағы


Мұғалім жұмысының нәтижелі болуы үшін қандай талаптар қойылады? Өз тұжырымыңызды көрсетіңіз



бет4/7
Дата14.12.2022
өлшемі2,12 Mb.
#57360
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1-5

Мұғалім жұмысының нәтижелі болуы үшін қандай талаптар қойылады? Өз тұжырымыңызды көрсетіңіз.

Біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет. Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім жалтақ болмайды. Өз ісін жетік біліп, табанды жүргізетін мұғалім ғана түпкі нәтижеге қол жеткізе алады. Ондай мұғалім әрбір күніне есеп беріп отырады, азаттык ар-ожданын корғай алады.
Екіншіден, мұғалім педагогтық, психологиялық білімін күнделікті ісінде шебер пайдалана білетін болуы керек. Дүниежүзінде ғаламтану үрдісі жүріп жатқандықтан, ақпараттар ағыны көбейді. Мұғалім қандай пәннен сабақ бермесін, ол баланың өмірді әр саласына қатысты кез келген сұрағына жауап беруге даяр болуы керек.Үшіншіден, міндетті орта білім беру, стандартты оқулықтарды пайдалану, ақпараттардың көбеюі, т.т. мұғалімнің білім берудегі жетекші рөлін жойды. Енді білім беру негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыны баулу міндеті тұр. Өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйретпеген мұғалім қазір түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайды. Жан-жақты даму үшін балаға осы салада мұғалім ғана көмектесе алады.
Төртіншіден, мұғалім ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік сараптамалық қабілеттермен қатар өз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды, дәйектерді, құбылыстарды талдай білуі және солардың пайда болуының себеп-салдарын анықтай білуге де бейім болуы шарт. Соның негізінде күрделі жағдайларда шешім таба алатын дәрежеге жетуі мүмкін.
Бесіншіден, мұғалімнің адамгершілік, саяси-идеялық ұстанымы жұмысында көрініс тауып, ол ұстанымды бала тәрбиесіне негіз етіп алу шарт. Қысқасы, бала ықпал ету объектісі емес, ынтымақтаса қызмет ететін тұлғаға айналуы керек.

4-билет

  1. Мұғалім еңбегінің профессиограммасына талдау жасаңыз.


Мұғалім профессиограммасы - мұғалімнің білімі, дағдысы мен іскерлігіне, оның жеке тұлғасына, қабілетеріне, психофизиологиялық мүмкіндіктері мен дайындық деңгейіне қойылатын талаптар тұрғысынан алғанда толық біліктілік сипаттама берілген кұжат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет