2-билет .
Тұлғаның білім алуының қазіргі заманғы тәсілдеріне талдау жасаңыз
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр. Қазақстан Республикасында білім беру саласындағы нормативті құқықтық құжаттардың құрылымы мен логикасын анықтап, маңыздылығын анықтаңыз.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы орта білім стандарттары, Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептердің мемлекеттік базистік оқу жоспары қабылданды.Білім беру стандарттары оқу пәндері бойынша білім мазмұнының құрылымы мен құрамының нормаларын және оларға қойылатын талаптарды рәсімдейді, сондай-ақ білім мазмұнының мемлекеттiк минимумы мен оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді. Мемлекеттік білім стандарты бір-біріне сабақтас үш құрамдас бөліктен тұрады: 1) тұжырымдамалық, 2) нормативтік, 3)әдістемелік бөліктер. Бірінші бөлікке бұған дейін дайындалған мектептің дамуы мен ондағы білім мазмұны жөніндегі екі тұжырымдама ендірілген. Екінші бөлікке, нормативтік қызмет атқаратын жаңа құжат базистік оқу пәндері, үшінші бөлікті оқу-әдістемелік кешен құрайтындығы нақтыланған. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының бастауыш, негізгі, жоғары сатыларындағы жалпы орта білім берудің стандарттары 34 пән бойынша қазақ, орыс және ұйғыр тілдерінде жарияланды. Мемлекеттік білім беру стандарттары оқу пәндері бойынша: базалық білім мазмұнына, білім беру бағдарламаларының түрлеріне, оқу жүктемесінің көлеміне, мектептің әр сатысындағы оқушылардың міндетті (минимум) дайындық деңгейіне, оқу үдерісіне ұйымдастыру және оны жүзеге асыру шарттарына қойылатын жалпы талаптарды белгілейді. Стандарт балалардың денсаулығын қорғау ісіне, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына және оқу үдерісінің сапасын көтеруге қолайлы жағдайлар туғызуға қызмет етеді.Оқытудың формаларына қарай – күндізгі мектеп, атаулы мектептер, интернаттар деп бөлінсе, оқытудың ерекше жағдайына қарай мектеп-интернаттар, дарынды балалар мектебі, мүмкіндігі шектеулі балалар мектебі деп аталады. Қазақстан Республикасының “Білім туралы" Заңына сәйкес үш сатылы: бастауыш саты (1-4 сынып), негізгі (5-9 сынып) және (10-11 (12) сынып) жоғары сатыны қамтитын міндетті және тегін орта білім беру әлемдік білім беру үдерісіне сәйкес жетілдірілді. Орта білім берудің әртүрлі жолдары айқындалды. Жалпы білім беретін мектеп (күндізгі, кешкі, қашықтықтан оқытатын (сыртқы), кәсіптік мектептерге (лицей) және мектептің жоғары сатысының жалпы және кәсіби білім беретін оқу мекемелері мектеп бағдарламасы бойынша кәсіби білім алатын колледждер негізінде ұйымдастырылатын болды.