1 билет Балалар әдебиеті туралы түсінік


-билет Батырлар жырының мәні



бет12/30
Дата02.06.2023
өлшемі95,8 Kb.
#98103
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30
Байланысты:
балалар әдеб экзамен

11-билет

  1. Батырлар жырының мәні.

Батырлар жыры – көлемі жағынан да, мазмұн-мәні жағынан да қазақ ауыз әдебиетінен ауқымды орын алатын жанрдың бірі. Жырда тарихи оқиғалардың ізі сақталған.
Батырлар жырының басты тақырыбы – ерлік, батырлық, елді сыртқы жаулардан қорғау. Батырлар жырының басты қаһарманы – батыр. Халық ауыз әдебиетінен ерекше орын алатын батырлар жыры: «Алпамыс», «Ер Тарғын», «Қобыланды», «Қамбар». Қаһармандық эпос деп те аталады. Батырлық жырлар халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеуметтік қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі.[2] Бас кейіпкердің жүріс-тұрысына, өзге елге ерлік сапарға шығуына және өз елін жаудан азат етуіне байланысты оқиғалар бір қаһарманның маңына топталып, соның бейнесін ашуға қызмет етеді. Батырлық жырлардан тыңдаушы сөз, әдеп, ақыл, нақыл, үйренеді, ерік – қайрат, ес сияқты түсінік қабілеттерін ұшқырлайды.

  1. Қазіргі кезеңдегі қазақ балалар әдебиеті туралы түсінік:

Қазіргі дәуірдегі балалар әдебиеті деп шартты түрде 1956—76 жылдардағы балалар әдебиетін атап отырмыз. Әрине, бұл дәуірдегі балалар әдебиетінің де жанр, тақырып, көркемдік және мазмұны жағынан өркендеу, әрлы-су ерекшеліктері бар. Ең алдымен, бұл кезендегі балалар әдебиеті кеңестік патриотизмнің жоғарғы үлгісін көрсететін кеңес халқынын аса көрнекті қайраткерлері туралы, азамат соғысы және Ұлы Отан соғысының батырлары туралы биографиялық повестер бере бастады. Бұл жөнінде алдымен Қалмақан Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» (1955), Қайнекей Жармағамбетовтің «Әнші -азамат» (1951), Сәуірбек Бақбергеновтың «Талғат» (1950), «Дина» (1957), «Бозторғай» (1960), «Қоянкөзге кұлаған жұлдыз» (1955), Сәйділ Талжановтың «Сейфулланың Сәкені» (1959) атты повестерін атауға болады. Қазақ кеңес балалар әдебиетінде ғылыми-фантастикалық тақырыпқа жазу соғыстан кейінгі жылдарда, атап айтқанда, 1957 жылдан бері қарай қолға алынды. Бұл ретте алдымен аталатын геология-минералогия ғылымынын кандидаты, Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Ақжан Машановтың «Жер астына саяхат» (1957), инженер Медеу Сәрсекеевтің «Ғажайып сәуле» (1959), «Жетінші толқын» (1964), «От пен атом» М. Арыстанов пен Б. Ысқаковтың «Балдырған саяхатқа шықты» (1960), Т. Сұлтанбековтың «Лұқпан — хакім», «Көшпелі алтын», М. Әлімбаевтың «Данышпандың мәйегі» деген әңгімелері мен Адырбек Сопыбековтың «Айра сапар» атты фантастикалық поэмасын атауға болады.
Ақжан Машановтын «Жер астына саяхат» деген әңгімелер жинағы «Алғашқы әңгімелер», «Ұлы тартыс», «Туған жер қазынасы», «Қайтуда», «Жаңа саяхаттар» деп аталатын көлемді бес тараудан тұрады. Бұл тараулардың әрқайсысын тағы да әлденеше қысқа-қысқа тақырыптарға бөлген. Балалар әдебиетімен тек жазушылар ғана шүғылдана бермейді. Балалар әдебиеті тақырыбына өзінік өмірлік тәжірибесін, мамандығы мен кәсібін үлгі ретінде тарту етіп ұсыну үшін барлық мамандықтағы ғалымдар да, педагогтар да, ннженерлер де, әскери адамдар да жазады. Соңғы жылдарда қазақ кеңес балалар әдебиетінде ғылыми-фантастикалық әдебиет кітаптары үлкен орын алып отыр. Бұл балалардын дүниеге маркстік, материалистік көзқарасын қалыптастыру құралдарның бірі болып табылады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет