1 билет Балалар әдебиеті туралы түсінік


Өтірік өлеңдердегі ой-қисыны, тақырыптарының әр алуандығы



бет10/30
Дата02.06.2023
өлшемі95,8 Kb.
#98103
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30
Байланысты:
балалар әдеб экзамен

Өтірік өлеңдердегі ой-қисыны, тақырыптарының әр алуандығы.

Халық поэзиясында айрықша тапқырлық пен өмір шындығын өзгертіп, қисынсыз түрге келтіріп айтудың шеберлік белгісі ретінде бағаланған. Өтірік өлеңде суреттелетін оқиға желісі нақтылы шындықтан алынғанымен, ондағы іс-әрекет шынайы өмірге жанаспайды: “Аспанға алты жерден тіреу қойдым, Той қылып, мың масаны сонда сойдым” деген сияқты фантастикалық қиялға, күлкіге құрылады. Өтірік өлеңде әсірелеумен қатар бейнелеу, теңеу тәсілдері арқылы көркем бейнелер жасалады, қиыннан қиыстырылған тапқырлық, ойдың өткірлігі мен логик. жүйенің қисыны сарапқа түседі. Ақыл-өрісін кеңейтетін фантазиялық қиялдың шарықтауы көрініс тауып, әсіресе ғылыми-техникалық жаңалықтар шынға бергісіз ойға құрылған сан қилы өтірік өлеңдер туындатады. Бала өтiрiкке иланбайды, қайта соның өтiрiк екендiгiн бiлгендiктен де езу тартады, күле отырып қызығады, қызыға отырып қиялдайды, қиялдай отырып ойымен ойнайды. Өтiрiк өлең жөнсiз қиыстырылған сөздердiң ұйқасы ғана емес, онда белгiлi заңдылық, логика бар. Бала ойын жетелейтiн де осы «ақылға сыйымды өтiрiк». Яғни, өтiрiк өлеңнiң астарындағы күлкi туғызатын жеңiл әзiл, юмор, баланы үлкен рахатқа бөлейтiн рухани азық. Және ол күлкi – ойлы күлкi. Бала күлу үшiн алдымен күлкiнiң көлеңкесiндегi шындықты тануы керек. Бала шындық пен өтiрiктi салыстыра отырып өлеңмен өрiлген ұшқыр қиялды, тапқырлықты, шеберлiктi таниды. Сондай-ақ өтiрiк өлең қай халықтың болмасын тұрмыс-тiршiлiгiмен, өмiр салтымен iштей берiк байланысып жатады

10-билет

  1. Эпостық жырлар туралы түсінік.

Эпос (грек. Epos – сөз, баяндау, әңгіме, өлең) әдебиетінің бір саласы. Ең көне эпостық жанр – ертегі, ол халықтың ауыз әдебиетінде бар. Эпостың басты ерекшелігі – өзі әңгімелеп отырған өмір құбылыстарын кең көлемдеғ эпикк, тұрғыдан қамтып, кейіпкер образын, көркем әдебиетінің алуан түрлу әдістерін мейлінше мол қамтау, суреттеу. Қазақ эпосының түрлері:
Көне эпос; Батырлық эпос; Ғашықтық эпос; Тарихи эпос.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет