19 ғасырдың аяғында батыс өнерінде жаңа әдеби бағыттар мен ағымдар пайда болды. Олар сентементализм, экзистениялизм, классицизм, символизм, абстракциолизм, модернизм, постмодернизм пайда болды. Модернизм — өнер қайраткерлерінің әлемдік қақтығыстарға, адамзат дамуындағы дағдарыстарға деген көзқарастарын білдірді. Ең алдымен, «modern» сөзі «қазіргі (жаңа) кезең» деген мағынаны білдіреді. Оның екі мəндік мағынасы бар: біріншісі қазіргі кезең «қазіргі кезең талабына сай», екіншісі модернге, яғни модернизмге. Өз кезегінде «модерн» терминімен мəдени құбылыстардың ауқымды тобы белгіленді. Тар мағынада, «модерн» ұғымы деп ХІХ ғ.-ХХ ғ. басындағы көркем-əдебиеттік қозғалыс түсінілді. Ал кең мағынада «модерн» ұғымы Жаңа заман (Modernity) деп аталған белгілі бір дəуірге сəйкес келген тарихи кезеңді айқындайды. Осылайша, модернизм өзінің теориясында адам абсолюттік білімге жетеді және жүзеге асырады дегенді атап көрсетті. Осы жерде бұл қағида Жаңа Заманнан бұрын пайда болды, және де аталған қағида теориялық және практикалық қолданысқа толық енген деген факторды естен шығармауымыз қажет. Бір сөзбен айтқанда, модернизмнің басты мақсаты — мәдениетті «модернизациялау», яғни «жетілдіру». ХХ ғасырдың басындағы авангардистік ағымдардың манифестерін оқып қарасаңыз, барлығының да мәдениетті жетілдіру проблемасын көтергенін байқар едіңіз. Мұндай үдеріс әсіресе, Ә. Кекілбаев, Т. Әбдіков, О. Бөкей, А. Сүлейменов, Қ. Ысқақов, А. Нұрманов, М. Мағауиндердің стильдік бағдарына тән еді. модернистік эстетиканың талаптарын ұстанған шығармалардың бірі — жазушы Алтай Асқардың романы «Туажат» дер едік. Автор романға «модерндік роман» деп жаңаша анықтама да берген. «Шындығында да бұл кітаптың жазылуы, құрылым-композициясы, оқиғаны өрбітуі ерекше дүние. Бас кейіпкер — Байбураның өмірге келуінің өзі кітап тақырыбы айтып тұрғандай «Туажат», оның мына дүниеге қажетсіз, өгей екенін бетіне қарғыстаңбасындай басып тұрады.