Абайдың «исламият», «хауас», «жәуанмәрттілік», «үш сүю», «иманигүл» адамгершілік концепциялық таным мұраттары.
Абай қара сөздерінің жанрлық және стильдік ерекшеліктері.
Абай қарасөздерінің жанырлық және стильдік ерекшеліктері туралы пікірлер әр түрлі. Бұған себеп Абай қарасөздерін қалыптасқан проза жанрының қатарына салудың қиындығынан туындайды. Абайдың қарасөздерінің жанрлық және стильдік ерекшеліктері турылы арнайы зерттеген Х.Ж.Сүйіншәлиев оны алты топқа бөледі : 1) Өсиет , ғақлия ; 2) Тастих (утверждение) ретінде келетін трактат ; 3)Нақыл сөз ; 4) Кеңес әңгіме , дидатикалық насихат ; 5) Сын мақала ретіндегі публицистика ; 6) Көркем прозалық элементтері бар әңгіме ;
Абайдың сөздерінде прозаның жанр түрлерінің көбінің ізі , элементі бар. Мысалы . оның ішінде ғақлия да , нақыл сөздер де , ғылыми мақала да , трактат та өткір сын, мысқыл ретінде келетін сатиралық әңгімеде , шешендік әңгіме кеңестері де бар.
Абайдың қара сөздеріне тән стильдік ерекшелік – нақыл сөзділік. Афоризм , лаконизм Абай сөздерінің бірсыпырасына тән. Абайдың өз атынан айтылып , тоолғанатын сөздерінде де афоризм кездесіп отырады,
Қара сөздеріне тән тағы бір стильдік ерекшелік оның сөйлем құрылысынан айқын көрінеді. Абай сөйлемдерді өзінің синтаксистік құрылысы жағынан өз кезіндегі кітапшыл әдебиеттен өзгеше болып келеді. Ол өзгешелік Абайдың өлеңді сөйлемінен де , қарасөзді сөйлемінен де байқалып отырады . Абайдың қара сөздерінеде көбірек кездесетін сөйлем : жай сөйлем түрі мен құрмалас сөйлем түрі.
Абайдың сөйлемдері жинақы , ұғымға оңай , сөздері жатық келеді.
Абай поэзиясындағы реализм және сыншылдық дәстүр. Абайдың ақындық мектебінің зерттелуі.
Реалистік әдіс орыс әдебиетінде Пушкин творчествосы арқылы биік дәрежеге көтерілді. Реализм әдісін одан әрі Абай поэзиясында жоғары сатыға көтерілді. Абайға жалғас шыққан қазақ әдебиетінің ірі өкілдері Ш. Құдайбердиев, М. Дулаттов т.б. реализм әдісін өркендетіп, дамыта түсті.Реалистік әдебиеттің міндеті - өмір құбылысын, заман сипатын шынайы бейнелеу. Абай тозығы кетіп қаусаған феодалдық қоғамға: «Несі өмір, несі жұрт?, Өңшең қырт, Бас қаңғырт» деп өз кесімін айтып, болашаққа зер сала қарайды. Мұнда Абайдың феодалдық қоғамынан мүлде безінумен бірге, сол қоғамның болашағы жоқтығын сезінген сыншыл реализм әдісі де анық танылады. Бұл Абай реализімінің демократияшылдығын ғана емес, сонымен бірге, оның халықшыл бағытын да әйгілей түседі. Абайдың болыс билерді сынап жазған өлеңдерінде Гоголь сыншылдығының әсері сайрап жатады. Патшалық чиновниктердің елге келуі дәл Городничиге «Ревизордың» келуіндей қорқынышты да үрейлі оқиға болып көрінетіні даусыз. Ояз начальнигі келгенде немесе губернатор келерде қазақ ішіндегі болыс, байларда да зәр – иман қалмайтын, не істерін білмей қатты сасатын «Күлембайға» деген өлеңінде осы жайтты керемет суреттегген.
Абайдың ақындық мектебі : Абай мектебі деген ұғымды екі мағынада алып қарастыру бар. Бірі - кең мағына, яғни Абайдан кейінгі қазақ поэзиясы өкілдерінің дені ақынның әдебиеттегі дәстүрін ұстанушылар, демек поэзия жолындағы шәкірттері. Екінші - мектеп ұғымы тар, әрі нақты мағынада. Бұл тұрғыдан келгенде Абаймен күнделікті қарым-қатынаста болған, ақынның алдын көріп, тәрбиесін алған ақын шәкірттерге қатысты айтылады. Жалпы «Абайдың ақындық мектебі» концепциясына қатысты 1950 жылдардағы даудың негізгі себебінде саяси астар жатқанмен, әдеби айтыстың өршіп кетуінің екінші бір себебі «Абайдың ақындық мектебі» деген ұғымға қай тұрғыда келу керектігінің нақты межесі анықталмағандығында да жатыр. Дәлірек айтқанда әлгі кең мағына мен тар мағынада қарастырудың ара жігі сақталмай, араласып кетті. Тағы бір әсер еткен фактор «ақындық мектеп» деген батыс пен орыстың әдебиетіндегі ұғымды Абай мен оның айналасындағы ақын шәкірттерге қатысты қоданудан барып туындағанын да ескерте кету керек.