1 билет Әдебиеттану ғылымы және оның салалары


Тілдің көркем шығармадағы рөлі. Тіл байлығының қайнар көздері туралы. Әдеби тілді ажарлау тәсілдері. Өлең сөздің теориясы. Поэтикалық тіл



бет9/30
Дата19.09.2023
өлшемі234 Kb.
#108795
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30
Тілдің көркем шығармадағы рөлі. Тіл байлығының қайнар көздері туралы. Әдеби тілді ажарлау тәсілдері. Өлең сөздің теориясы. Поэтикалық тіл.

Әдеби тіл жай тіл емес, көркем тіл, сұлу сөз. Жаңа әдебиеттегі тіл көркемдігі мен сөз сұлулығы жасанды жалт-жұлтта, күлдібалам бояуда емес, сөздің табиғилығы мен қарапайымдылығында, нақтылығы мен тазалығында жатады. Алайда, әдеби тілде әдебиетші қолымен жасалатын әр түрлі ажарлаулар болатынын естен шығармау керек.
Бұл арада әр сөзге ажар беріп, оның мағынасын толықтыратын ең қарапайым тәсіл – интонация (лат.intonare – дауыс ырғағы), немесе әр сөздің айтылу мәнері.
Әдеби тілге дауыс ырғағы емес-ау, тіпті дыбыс қайталаулар арқылы да ажар бітіруге болады.Бұл тәсіл екі түрлі: аллитерация – бірыңғай дауыссыз дыбыстарды қайталау және ассонанс – бірыңғай дауысты дыбыстарды қайталау. Бұлар поэзияда да, прозада да кездеседі
Айқындау, яғни эпитет – заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз. Эпитет – адамның, сан-алуан өмір құбылыстарының ерекше белгі, сипатын, сапасын айқындау, олардың нақты да затты оқырмнның көз алдына көркем елестету мақсатында қолданылатын көріктеу құралы.
Теңеу (орысша сравнение) – заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ, оны басқазатпен, құбылыспен салыстыра суреттейтін көркемдеуіш құрал.
Өлең сөздің көркем құралы сөзден құрылыс жағына не айырмасы – онда мөлшерлі ырғақ болады. Және ол қара сөзден де бола беретін, сөйлем не сөйлемшелердің біткен жеріндегі тыныс алу немесе дауыс толқынының құбылып, өзгеріп, тиянақталып отыруынан туатын ырғақ қана емес. Өолең сөзге тән өлшемділіктен туатын, өлеңнің өзінеде ғана болатын ырғақ
Поэтикалық тіл (орыс.поэтический язык) — поэтикалық, көркемдік, эстетикалық қызмет аткаратын тіл. Поэтикалық тіл ұғымы алғашында поэзия тіліне қатысты болғанымен, кейін жалпы көркем әдебиет тілінін ерекше сапасын білдіру мәнінде "Көркем тіл" тұрғысында жұмсала бастады. Поэтикалық тіл әрі өнертану, поэтика, әдебиет теориясымен, әрі тіл білімінін стилистика, лингвистикалык поэтика салаларымен байланысты.



          1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет