1 билет Экономикалық теория пәні, әдісі мен зерттеу мақсаттары. Экономикалық теорияның функциялары



бет3/59
Дата20.10.2023
өлшемі0,65 Mb.
#119940
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Байланысты:
Otvety OE

2 билет
1.Капитал нарығы және оның құрылымы. Кәсіпорынның капиталының айналымы және ауыспалы айналымы. Негізгі және айналым капитал.
Капитал нарығы - орташа мерзімді және ұзақ мерзімді несие капиталына сұраным мен ұсынымды қалыптастыру аясы, несие капиталдары нарығының бір бөлігі. Мұнда орта және ұзақ мерзімді несие капиталына сұраным мен ұсыным қалыптасады. Екі бөліктен тұрады: бір жағынан, меншікті капитал нарығы, атап айтқанда, акциялар нарығы; екінші жағынан, несие нарығы қарыз капиталы нарығы. Бұл нарық қысқа мерзімді қаражат нарығына ақша нарығына және ұзақ мерзімді қаражат нарығына облигациялар нарығына ажыратылады.
Айналым капиталы – кәсіпорында қорларды құру және өнім өндіру мен өткізу үдерісінде шығындарды аванстау үшін пайдаланылатын және 1 жыл ішінде немесе 1 өн дірістік циклде айналым жасайтын ресурстар.
Капиталдың ауыспалы айналымы – ақшалай қаражаттың өндіріс пен айналыс аясындағы қозғалысы‚ бұл қозғалыс барысында ол толық айналым жасайды.
Капиталдың ауыспалы айналымы дүркін-дүркін жаңарып отыратын процесс ретінде қаралады‚ оның дәйекті түрде авансылануын (өндіріс құрал-жабдығын сатып алуға‚ еңбекақы төлеуге аванс берілуін)‚ өндірістік тауардың өткізілуін‚ бастапқы нысанға қайтып оралуын қамтиды, яки капитал үш сатыдан өтеді:

  • бірінші сатыда ақшалай нысаннан өндіріс құрал-жабдығы мен жұмыс күші нысанына ауысады;

  • екінші сатыда тікелей өндіріс процесі жүзеге асырылып‚ тауар жасалады;

  • үшінші сатысында тауар сатылады (ол аяқталған бойда капитал қайтадан ақша нысанына ие болады).

Негізгі және айнымалы капитал.
Негізгі капитал - өндірісте ұзақ мерзім қолданылатын өндірістік капиталдың бір бөлігі. Негізгі капитьалға еңбек құралдары жатады – зауыттардың ғимараттары, машиналар, жабдықтар және т.с.с. олар бірден сатып алынады, ал өзінің құнын шығарылатын өнімге тозу шамасына қарай өткізеді.
Бұған қарағанда, айнымалы капитал - өндіріс процесіне қысқа мерзімде қатысады және өзінің құнын дайын өнімге бірден және толығымен өткізеді. Ол ақшалай формада бір айналым аралығында қайтып оралады. Оған еңбек заттары және тез тозатын инструменттер жатады. Айнымалы капиталға тәжірибеде жалақыны жатқызуға болады.
Өндіріс сферасында қызмет ететін негізгі және айнымалы капиталдан басқа кәсіпорында айналым қорлары болады - өткізу үшін бағытталған тауарлар мен ақшалай қаражаттар. Айналым қорлары мен айнымалы қорлар әрбір айналым сайын жаңарып отырады. Олардың арасындағы тығыз байланыс бар – айнымалы қорлар өндіру процесі кезінде айналым қорларына (дайын өнімге, одан кейін ақшалай қаражаттарға) айналады, және керісінше, өнімдерді сатудан түскен ақшалай қаражаттар айнымалы қорлардың элементтеріне – шикізатқа, отынға және т.с.с. айналады. Осыған орайайнымалы қорлар мен айналым қорларына салынған ақшалай қаражаттар айнымалы құралдарға бірігеді.
2.Ақша-несиелік жүйе. Ақша жүйесінің типтері. Несиенің мәні, функциялары мен формалары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет