Ұзақ мерзімді кезең – бұл сондай уақыт аралығы, осы кезде фира барлық пайдаланатын ресурстарының санын (өндірістік қуатын қоса алғанда) өзгерте алады. Сонымен қатар, осы кезеңнің өзінің уақыт аралығы белгілі бір фирмалар осы саладан кетіп, ал басқалар, керсінше осы саламен айналысуға уақыт жеткілікті болуы қажет.
Белгілі бір өндіріс көлеміне жету үшін аталған пайдалану комбинациялардың жиыны көп мөлшерде болса, онда мынадай ой пайда болады: осы жиыннан қай комбинация ең тиімді, яғни минималды шығындармен қажетті өндіріс көлеміне жетуге мүмкіндік беретін бола алады? Пайдаланылатын факорларды кәсіпкер нарықта сатып алатындықтан, олардың бірігуі нұсқасын таңдағанда ол нарықтық бағаларды да ескеру керек.
Ұзақ мерзімді кезеңде барлық пайдаланылатын факторлардың айнымалы сипаттамасы фирмаға оларды біріктірудің ең тиімді жолдарын ұсынуға мүмкіндік бергендіктен, бұл жағдай орташа шығындардың динамикасы мен көлеміне әсер етпей қоймайды.
Станок құны -20мың$. Эксплуатация мерзімі -10жыл. Табу керек жыл сайынғы амортизациялық жинақты және амортизациялық нормасын?
100 % / 10 жыл = 10 %-амортизациялық норма
20 000 дол. × 10 % = 2000 дол-жойылу құны
2 000 дол / 12 ай = 167 дол
13 билет Экономикалық жүйелердің мәні, әртүрлі жіктелу өлшемдері, түрлері және ұйымдастыру үлгілері.
Экономикалық жүйе — экономикалық өнімді өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну барысында туындайтын негізгі экономикалық қатынастардың нысаны мен мазмұнын айқындайтын қағидаттардың, ережелердің, заң жүзінде баянды етілген нормалардың тарихи тұрғыда пайда болған немесе белгіленген, елде жұмыс істеп тұрған жиынтығы.
Әртүрлі өлшемдер негізінде экономикалық жүйелер 3-ке жіктеледі. 1-жіктеу – ашықтық дәрежесі бойынша. Ол бойынша:
а) жабық экономикалық жүйені, белгілі бір шекте өзінің қызметтік іс-әрекетін шектейтін жүйе.
б) ашық экономикалық жүйені ажыратады, өзінің байланыстарын басқалармен үнемі кеңейтетін жүйе.