Капитал— өндіріс факторлары жүйесіндегі материал¬дық және қаржылық ресурстар. Еңбек — тікелей өндіріс процесімен айналысатын халықтың белсенді бөлігі. Кәсіпкерлік — «еңбек» факторының бір түрі, табысты өндіріс ұйымдастыру қабілеті, нарық конъюктурасын басқара білу, тәуекелге бару және экономикалық проблемаларды шешу. Нарықтық экономикада өндірістің әрбір факторы оның меншік иелері арқылы көрсетілген, сондықтанда, өндіріс «қоғамдық процесс» саясатына ие болады және меншік иелері арасындағы қарым-қатынас арқылы өндіріс факторларын көруге болады. Өндірістің әрбір факторы өзінің иесіне кіріс әкеледі: капитал-пайда, жер-рентаға, еңбек-еңбекақыға, кәсіпкерлік-кіріс алуға. Қоғамдық жиынтық өнім мен табыс алудағы әрбір фактордың қосқан үлесінен шығара отырып, оның иесі өзінің орнын табады және қоғамдағы шектеулі ресурстарға иелік жасайды.Ресурстардың шектеулігі оларды пайдаланудың альтернативтілігін (таңдау мүмкіндігі) анықтайды. Оны сипаттау үшін П. Самуэльсонның сандық мысалы қарастырады. Өнд мүмкншілігі көлбеуі немесе трансформаци, бұл экономика толық жұмыс істеген кезде баламалы болды. Өндірістің техникалык жағдайына қарай ресурстарды бөлу арқылы өндіруге мүмкіндік бар. Ресурстарр толық жұмыс істеген кезде байланыс болады, барлық нүктелер мүмкіндік комбинациясына байланысты көлбеу трансфориацияланады. Кез келген нүкте көлбеуге паретто тиімділік жағдайында анықталады.
Ұзақ мерзімдік кезеңдегі өндіріс шығындары.
Ұзақ мерзімді кезеңде шығындардың қисық сызықтары өндірістің әр түрлі көлемдері үшін олардың ең аз маңызын көрсетеді. Сондықтан, ұзақ мерзімді орташа LRAC (long run average costs curve) шығындар қисық сызығының графигі өндірістің әр түрлі көлемдерінің қысқа мерзімді орташа шығындарының қисық сызықтарына қатысты жанама болып келеді де (56 сурет), «орауыш қисық сызық» деп аталады. Ұзақ мерзімді шекті LRMC шығындардың қисық сызығы қысқа мерзімді шекті шығындардың қисық сызықтарына сәйкес салынады.