13-билет.1. Есімдік, мағыналық түрлері, синтаксистік қызметі. Есімдіктердің түрленуі. Зерттелу жайы. Есімдіктер - заттың атын, сынын, санын,олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалатын сөз табы. Есімідіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай айқындалады. Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, Оның тәтті оралған мәні оятар (А) деген сөйлемде оның деген сөз алғашкы бөлігіндегі ән деген зат есімнің орнына қолданылған: әннің мәні. Бір шалдың төрт ұлы болыпты, Бірде шал сол ұлдарын жинапты (Ертегілер) деген сөйлемдерде сол сөзі төрт деген сан есімнің орнына қолданылған: төрт ұлын жинапты. Кімді айтса, сол келер (мәтел) деген сөйлемде сол сөзі кім дегеннің орнына жұмсалған да, кім дегеннің өзі адам деген заттың атауының орнына қолданылған.
Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді: 1) жіктеу есімдігі; 2) сілтеу есімдігі; 3) сүрау есімдігі; 4) өздік есімдігі; 5) жалпылау есімдігі; 6) болымсыздык есімдігі; .7) белгісіздік есімдігі.
ЖІКТЕУ ЕСІМДІГІ. Бслгілі бір жақтық ұғыммен байланысты колданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады. Жіктеу есімдіктері мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар. Жіктеу есімдіктерінің үш жағы және жекеше, көпше түрі бар. Олар мынадай:Бірінші жақ— айтушы, сөйлеуші жақ, екінші жақ — тыңдаушы жақ.Бұлар — адамға байланысты атаулар, сондықтан кім? деген сүраққа жауап береді. Үшінші жақ бөгде жақ. Ол — адамға, адамнан басқа да затқа байланысты бола береді. Сондықтан кім немесе не? деген сұраққа жауап береді. Мысалы: бір ағашта екі алма, мен (кім?) де алмайын, сен (кім?) де алма (халық әні). Ол (кім?)— оқыған азамат. Ол (не?)— биік тау т. б.Жіктеу есімдіктері тәуелденбейді.
СІЛТЕУ ЕСІМДІГІ.Сілтеу есімдіктсрі меңзеу, нұскау, көрсету мағыналарын білдіреді. Сілтсу есімдіктеріне бұл, сол, ол, осы, осынау, сонау, анау, ана, мына, мынау, тонау, әне, міне, деген сөздер жатады. Әдетте сілтеу есімдіктері сілтеу, меңзеу, мәнін білдіріп, сын есімнің орнына жұмсалып, қай? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш кызметін атқарып түрады. Мысалы: Самғай бер асқардан-асқарға мынау қырандай (Ә. Ә). Бұл ұрыста Төлеген ерекше ерлік көрсетті (М. Ғ.) деген сөйлемдерде мынау, бұл есімдіктсрі к,ай? (қырандай, ұрыста)? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш болып түр.
Сілтеу есімдіктеріне кейде көптік, тәуелдік жалгаулары жалғанады, анау, мынау, сонау, осынау дегендерден басқасы септелініп те қолданылады. Мысалы: бұл - бұлар, сол - солар, осы - осы-лар, анау - анауым-анауың-анаулары т. б.