1-билет фонетика ғылымының зерттеу нысаны, салалары, дамуы. ҚАзақ фонетикасының зерттелу жайы


Бағдарламада ақын, жазушы өмірбаянын оқыту



бет55/68
Дата10.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#113477
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   68
Байланысты:
GOS AUYZShA

Бағдарламада ақын, жазушы өмірбаянын оқыту 9-11- сыныптарда тарихи әдебиеттік ізбен беріледі. Ал 5-8-сыныптарда әдебиеттік оқуларда өмірі емес, жекелеген шығармаларын талдау ұсынылады. Сол себептен де әр оқушы өздері оқып жатқан шығарма кімдікі, шығарманың жазылу тарихы туралы тұжырымды түрде хабар алса, артық болмайды. Сондықтан 5-8-сыныптарда да суреткер өмірінен мәліметтер берудің тиімділігі бар. 5- сыныпта М.Шахановтың «Отырар дастаны» шығармасын оқу алдында оқушыларға әңгімелеу әдісімен Мұхтардың қысқаша өмірін таныстырып, әсіресе, Желтоқсан, арал мәселелеріндегі азаматтық, күрескерлік, ұлтжандылық қасиеттерін айтып берудің маңызы зор. «Отырар дастанын» оқып болған соң, әңгімені қайта жалғастырып, ақынның өлеңдегі Қайыр ханға ұқсастығы бар ма, неге ақын осы Қайыр хандай халық ұлдары туралы жиі жазады деген сұрақтармен оқушыларды ойландырып, өзі халқын сүйетін ақ, адал, батыр ақындар ғана ондай тақырыптарға бара алатындығы жөнінде сөз қозғау тиімді тәсіл болмақ.
8 – сынып оқулығында Абайдың Әбіш туралы өлеңдері беріледі. Әбіш кім болған (оқулықта қысқа ғана мәлімет беріледі), Абай оған неге бірнеше өлеңдер жазған, ол өлеңдер әкенің баласын жоқтауы ғана ма деген сұрақтарды мұғалім ақын өміріне шолу жасай отырып, түсіндіреді. Тіпті, берілген шығарманы талдау, оған қызықтыру үшін де бұл тәсілдің маңызы ерекше, мұғалім әңгімелей отырып, Абай өлеңдерінің басты- басты кезеңдеріне тоқталады. Халық үшін «мыңмен алысқан» ұлы ақын өз балаларын сол «Халық ұлы, адам ұлы» болу үшін тәрбиелегенін, әсіресе, Әбішінен үлкен үміт күткенін, бірақ әбіш қазасы ол үмітті үзіп, ақынды орны толмас қайғыға ұшыратып, қолына қағаз алғызғанын әңгімелеудің тиімділігі зор. Оқушылардың қызығушылығын арттыру, танымын дамыту мақсатында М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясынан мысалдар келтірудің де маңызы бар. Мысалы, Абайдың «Өзімді ғана сүйсіндірмес, тірі болып, сау болса, халқын да сүйсіндірер. Қараңғы сахарасына жарық сәуле әкелер алғашқы адал буын сен болармысың!» деген Әбіш туралы толғауын немесе «Қапыда» бөлімі бойынша Әбіштің қайтыс болар алдындағы әкесіне жазған қоштасуын оқып беруге болады. 5-8-сыныптарда суреткердің бүкіл өміріне тоқтаудың қажеті жоқ. Өміріне тұжырымды түрде шолу жасап, әсіресе, оқығалы отырған шығармаға байланысты мәселелерге ғана көбірек көңіл бөлу керек.
Тәжірибеде суреткер өмірбаянына арнайы сағаттар бөліп, шығармашылығын талдау алдында оқыту және оны шығармашылығымен қоса, хронологиялық жүйемен оқыту орын алған. Орыс әдебиетін оқытуда соңғы тәсіл кең орын алады.
Ал қазақ әдебиетін оқытуда бұл соңғы тәсіл кей жағдайда келе бермейді, оның басты себебі жазылып қалған деректердің болмауы, тағы басқа себертері бойынша ақын – жазушының өмірі, шығармаларының дүниеге келуінің нақты мерзімі белгісіз болуы. Жоғарыда айтылғандай, арнайы сағат бөліп, суреткер өмірі, шығармашылығына қысқаша шолу жасаудың тиімділігі де бар. Егер мұғалім қосымша материалдар пайдалана отырып, кең көлемде суреткермен алдын ала таныстырып, оның тек өмірі ғана емес, азаматтық тынысы, халқына сіңірген еңбегі, өмір сүрген ортасына байланысты әр қилы өмір жолы, жеке басының қуаныш, қайғысы жайында ұтымды сөз қозғай білсе.
Сондай – ақ Сәкен туралы алғашқы сабақты «Тарпаң асау тұлпарым...», «Сыншыл, тәкаппар ақын...» немесе «ақындар аққуы», «Поэзия Оқжетпесі», т.с.с. эпиграфпен өтуге болады. Кіріспе монологті Г. Серебрякованың: « Мен Алатаудай сымбатты заңғар тауды жер жиһанда көрген жоқпын. Қазақстан - бай өлке, байтақ өлке, құнарлы жер де, мыңғырған мал да сонда, қазыналы кен де, тасқындаған өзендер мен көркемдігі жанды елітетін сұлу таулар да сонда, ең бастысы, онда табиғат артықша дарынды етіп жаратқан талапкер жұрт бар. Мен таныған Сәкен Сейфуллин Қазақстанның бір бөлшегі сияқты»,- деген пікірінен бастап, Сырбай ақынның атақты:
« Өлімге жан екенсің қия алмайтын,
« Қазақты көргің келсе, міне, осы» -деп,
Көрсетсе жер жүзіне ұялмайтын», -
деген өлеңімен жалғастырып, ары қарай Сәкеннің өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқи отырып, сабақты алып кетуге болады. Немесе суреткер туралы пікір, бағалар, оларға арналған өлеңдерден әдеби монтаж жасап (оқушылармен) , сол арқылы да сабақтың кіріспесі жүргізіледі. Ақын – жазушы туралы дәріс әдісі жетекші рөл атқарғанда, мұғалім дәрісінің жоспар тезисімен таныстырады, керекті мәселелереді жазғызады, сұрақтар қойып, алдын ала берілген тапсырмалар бойынша оқушыларды қатыстырып отырады. Тапсырмалар естелік, хаттар, бағаларға, басқа да қосымша материалдарға негізделеді. Олар хабарлама, қысқаша баяндама, дәйексөз, үзінділер түрінде болып келеді, т.с.с. Сондай –ақ, дәріс, сабақтың ара – арасында ақын – жазушы өмірінен инсценировкалар көрсету (ең маңызды кезеңінен). Мысалы, Сәкеннің Колчак түрмесінде болуын «Қызыл сұңқарларынан» қысқаша үзінді көрініс беру арқылы түрлендіру, «жас қазақ марсельезасын» әнімен күйтабақтан тыңдату әдістері тиімді болмақ. Қорытынды сабақ семинар, пікірталас, конференция, концерт, емтихан сабағы түрінде өтіледі, т.с.с. сабақ үлгісі, әдіс – тәсілдер сынып ерекшелігі, қабілеті, сондай – ақ тақырып ауқымы, оның өзіндік сипат, ерекшелігіне байланысты ойластырылып алынады. Жазушы өмірбаянын өтуге байланысты сөз етілген жоғарыдағы мәселелердің барлығы - әдістемелік нұсқау, бағыт – бағдар. Оны мұғалім өз жағдайы, сыныптың күй – жайына байланысты тиімді, қонымды дегендерін саралап алады. Балаға білім мен тәрбие берудегі тиімділік идеясы (оптимизация) әр мұғалімнен осыны талап етеді. Ақын – жазушы өмірбаянын оқытуда үй тапсырмаларын іздендіру, шығармашылық бағытта беруге назар аударылады. Мысалы, Шоқанның достарымен жазысқан хаттары бойынша «Мен Сізді сүйемін...» атты шығарма – эссе немесе оқушылар қалауы бойынша Шоқанға хат жазылу тапсырылады. Сөзбен ақын – жазушы мүсінін, ескерткіш салу, өлеңдер жазу (әрине, қабілеті негізінде), т.б. тапсырмалар орындатуға болады. Сондай – ақ қорытынды сабақ кезінде осы «Мен Сізді сүйемін...», немесе «Болмасаң да ұқсап бақ...» тақырыбында Шоқанның қандай қасиеттері, мінезі өзіңе ұнайды, сол бойынша шағын әңгіме – пікірге дайындалу немесе Шоқаннан алған әсері туралы шығарма – талдау жазу, Шоқан атынан болашаққа хат жазуды да «Мен Сізді сүйемін...» тақырыбында беруге болады. Оқушыларға мынадай сұрақтар беріп, пікірін дәлелді түрде қорғай сөйлеу талап етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет