1-билет фонетика ғылымының зерттеу нысаны, салалары, дамуы. ҚАзақ фонетикасының зерттелу жайы



бет56/68
Дата10.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#113477
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   68
Шоқан туралы қорытынды сабақ:
Қалай ойлайсың, Шоқанның қай саяхаты бүкіл өміріне, еңбектеріне ерекше әсер етті?
шоқан туралы қай орыс достарының пікірі, бағасы ерекше құнды?
Шоқанның қай ғылым саласында артына қалдырған мұрасы ерекше маңызды?
Осындай тапсырмалар Ы. Алтынсарин туралы қорытынды сабақта да берілді.
Ыбырайдың педагогикалық мұрасының қазіргі қазақ мектептері үшін маңызы бар ма?
Ыбырай әңгімелеріндегі халықтық педагогика, тәрбие мәселесі, оның өміршеңдігі туралы не айтар едің?
Мысалы, Абай өмірі, шығармашылығына байланысты мынадай материалдар пайдаланылады:
Абай киіз үйінің макеті («Абай мұражайы» атты кітапшада бар).
а) Абайдың үрім – бұтағы таратылған кесте (сызбаны қолдан жасау керек);
ә) суреттер, портреттер.
3. «Абай жолы» эпопеясы бойынша салынған суреттер (осы кітапты суреттерді үлкейтіп салғызуға болады).
4. «Абай еліне саяхат» атты стенд – көрме.
5. «Абай әлемді шарлап кетті» атты карта- сызба (Абай шығармалары мен « абай жолы» тараған елдер бойынша).
6. «Абай құнанбаев. Нені міндетті түрде білу керек?» атты стенд ( тақырыптың негізгі түйіні іріктелінген).
7. «Абай» операсы, киносына қатысушылар, Абай әндерін айтушыларды бейнелейтін фотомонтаж.
8. а) «Абайтану ғылымының негізін салушылар».
ә) «Абай ақындығының айналасы» атты фотомонтаж.
б) «Абай ақындығының үш қайнар көзі» (суретті кесте – плакат).
9. Абай шығармалары, М.Әуезов шығармаларынан көрме – витрина.
10. «Абайдың нақыл сөздері» атты кесте – плакат.
11. Оқушылар шығармашылығынан көрме.
а) Абай туралы төл туындылар (арнау өлеңдер, т.б.).
ә) Суреттер, макеттер.
б) Альбом, газеттер, т.б.
Суреткер өмірбаяны көбінде дәріс, әңгіме әдісімен түсіндіріледі. Оқушыларды жалықтырмау, әрі оларды сабаққа тарту мақсатында мұғалім монологін, кіріспе сөздің өзін ерекше ойластырған жөн. Шебер де шешен сөйлеу, сөз ырғағы, мәнерлеп оқу, мәнерлдеп айта білу өте қажетті мәселелер.
Оқушы эмоциясына әсер ету, өтілгелі отырған автордың әдебиеттегі, халық өміріндегі орнына баса назар аударту үшін, шебер ұстаз әр түрлі әдіс – тәсілдерді, оқу жабдығын, қосымша материалдарды үйлесімді сұрыптап алады. Жазушының даусын күйтабақтан тыңдату немесе ол туралы небір тамаша пікірлерді, оған арналған өлеңдерді мәнерлей отырып, жатқа оқу, әндерін тыңдатып алып, сонан соң мұғалім өз монологін бастау сияқты әдіс – тәсілдер тиімді болмақ. Сабаққа эпигаф таңдап ала білудің, сабақ түрін ізденудің маңызы зор. Мысалы, Абайдың өмірін түсіндірмес бұрын, эпипроектордан суретін (әр түсті) көрсетіп, ал экранда көрініп тұрғанда, Абай әнімен бастап, Абай... деп жалғасып кететін көркем сөзі бар «Абай әндері» деген күйтабақтан үзінді тыңдатып, әрі қарай:
« Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма», -
деген Абай өлеңін өзі тебірене, мәнерлей оқи отырып, сабақты бастаса, сөз жоқ, мұндайсабақтың тартымдылығы, тиімділігі зор болмақ.


26-билет. 1. Салалас құрмалас сөйлемдер, өзіндік белгілері, жасалу жолдарына қарай түрлері.
Құрамындағы салалас құрмалас сөйлем жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, өз ара бір-бірімен тең дәрежеде байланысқан құрмаластың түрін дейміз. Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен бағынбай, тең дәрежеде байланысып, баяндауыштары тиянақты тұлғада келетіндіктен, ол жай сөйлемдерді жеке-жеке де колдануға болады.Мысалы, Салық қырман басына келіп, Жүзбай карттың үйінен шай ішіп қызара бөртіп, терлеп-тепшіп отыр еді, водовозбен салып ұрып Саша Гармош деген комбаиншы жетіп келді (Ш. Мұртаза) деген құрмаластың екі жай сөйлемін бөлек-бөлек айтуға болады: Салық қырман басына келіп, Жүзбай қарттың үйінен шай ішіп қызара бөртіп, терлеп-тепшіп отыр еді. Сөйлемді осы баяндауышпен аяқтап, бітіруге болады, өйткені баяндауышы отыр еді тиянақты тұлғада қолданылған. Салаластың екінші сыңары да өз алдына жеке сөйлем бола алады: Водобозбен салып ұрып Саша Гармош деген комбаиншы жетіп келді.Салалас құрмаластың кұрамындағы жай сөйлемдер өзара бір-бірімен екі түрлі жолмен байланысады:1) интонация арқылы мағыналарының жақындығына қарай іргелес байланысады. Мысалы, Сырбайдың қыш кесектен соққан үш бөлмелі үйі бар екен, соның біреуі қонақ жайына арналған екен (С. Мұқанов). Малдары не күн көретінін білмейміп, қора маңында бір шошактан артық шөп көрінбейді (Мұстафин). Алғашкы мысалда кұрмаластың құрамындағы бірінші жай сөйлем жалпылық мәнде қолданылып, екінші жай сөйлем ол ойды нақтылап тұр: бірінші жай сөйлемде Сырбайдын үш бөлмелі үйі бар екені жайында болса, екінші жай сөйлемде сол үш бөлменің біреуі қонақ жайына арналғаны айтылып тұр. Екінші мысалда бірінші жай сойлем мен екінші жай сөйлем бір-бірімен мағыналық жағынан себеп-салдарлык, қатынаста жұмсалған: құрмаластың құрамындағы екінші жай сөйлем бірінші жай сөйлемде айтылған ойдың себебін білдіріп тұр. Сөйтіп, іргелес келген екі я одан да көп жай сөйлем бір-бірімен өз ара белгілі мағыналық қатынаста айтылады да, әрқайсысының баяндауыштары тиянақты тұлғада келсе де, бірінші жай сөйлем аяқталған тұста дауыс ырғағы бәсеңдеп бітіп қалмай, көтеріңкі қалыпта айтылады да, интонация тиянақсыз болады, одан кейін кідіріс (пауза) жасалып, екінші жай сөйлеммен ұласа байланысып тұрады;2) салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен өз ара жалғаулык, шылаулар арқылы да байланысады. Жай сөйлемдердің арасындағы мағыналық қатынасқа қарай оларды байланыстыратын мынадай жалғаулық шылауларды көрсетуге болады: 1) Ыңгайлас мәнді да, де, та, те, әрі, және, мен жалғаулык шылаулар; 2) Қарсылық мәнді бірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе де, сөйткенмен, ал тәрізді жалғаулық шылаулар; 3) себеп-салдар мәнді өйткені, себебі, сол себепті, сондықтан, неге десеңіз тәрізді жалғаулық шылаулар; 4) талғау мәнді не, немесе, я, яки, не болмаса, яки болмаса, әлде тәрізді жалғаулық шылаулар; 5) кезектес мәнді кейде, бірде, біресе тәрізді жалғаулық шылаулар. Мысалы: Қазір тұрыңдар деген белгі берілді де, дос-жарандарым түгел түрегелді (Б. Бұлқышев). Адам даусы екені анық, бірақ не айтып жатқанын айыру мүмкін емес (0. Сәрсенбаев). Дәметкеннің жүрегі бұл кезде ерекше тулап кетті, өйткені, оның ойынша, осы тоқтаған тракторда немерес Күлжан болуға тиіс. (С. Мұқанов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет