1-билет фонетика ғылымының зерттеу нысаны, салалары, дамуы. ҚАзақ фонетикасының зерттелу жайы



бет10/68
Дата10.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#113477
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   68
Байланысты:
GOS AUYZShA

V класс - Ш.Кәрібаев «Әдебиеттік оқу кітабы»
VI, VII клас - Р.Құтхожина «кластың қазақ әдебиеті программасындағы жаңа материалды оқыту»
VIII класс - Х.Жұмалиев,Т.Ақшолақов, М.Ғабдуллин,
IХ класс - Е.Ысмайлов Х.Жұмалиев, С.Қирабаев,
X класс - Ғ.Мүсірепов, Қ.Бекхожин, С.Сейітов, З.Қабдолов, А.Нұрқатов, М.Базарбаев, Б.Сахариев, М.Хасенов, т.б.
С. Қирабаев, Қ. Айтқалиев, К. Назарғалиева, Р. Құтхожиналар – оқулық авторлары. Т.Ақшолақов, Б.Сманов, С.Тілешова, Т.Жұмажанова, Қ.Мырзағалиев - «Қазақ әдебиеті методикасының мәселелері» жинағының авторлары.
С.Қирабаев «Әдебиетті жаңа программамен оқытудың кейбір мәселелері», Тілешова С. «V-VIII кластарға арналған қазақ әдебиетінің жаңа программалары мен оқулықтары жөнінде», «Әдебиет сабағындағы жазба жұмыстар», «Эпикалық шығармаларды оқытып үйрету», Дайырова Ә. «Қазақ әдебиетін оқытудағы жаңа бетбұрыс», Ақшолақов Т. «VIII-X класс программалары мен оқулықтарын жетілдіру
жолдары», «Көркем шығарманың эстетикалық табиғатын таныту», «Қазақ әдебиетін оқыту», «Тереңдетіп оқыту мақсаты »әдістемелік құралы, Р.Сүлейменова «Қазақ совет әдебиетін оқыту методикасының кейбір мәселелері», Тасболатов Қ. «Әдебиет сабағында оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру жолдары», т.б. әдебиетті оқыту саласындағы еңбектері.
5-билет. 1. Сөз және мағына. Сөз мағынасының түрлері. Сөздің негізгі және туынды, тура және ауыспалы мағыналары. Сөздің көп мағыналылығы.Тіл білімінде сөздің лексикалық мағынасы әр түрлі бағытта топтастырылып келеді. Өткен ғасырдың 50-жылдары сөз мағынасын семантикалық тұрғыдан топтастыру орын алды. Сөздерді мәдени, шаруашылық, тұрмыстық, туыстық атаулар, адамға байланысты сөздер т.б. деп семантикалық топтастыру - беретін ұғымы бірыңғай сөздердің мағыналық типтерін анықтауға негізделді. Профессорлар Ғ.Қалиев пен Ә.Болғанбаев сөз мағынасын сөздердің шындық өмірдегі заттар мен құбылыстарды білдіруіне, тарихи пайда болуына, өзара тіркесімділігіне, стилистикалық қызметтеріне қарай топтастырып, қазақ сөздерінің лексикалық мағыналарын:
1) сөздің негізгі атауыш (номинатив) немесе тура мағынасы;
2) сөздің ауыс мағынасы;
3) сөздің нақты және дерексіз мағыналары;
4) сөздің түпкі және туынды мағынасы;
5) сөздің еркін және байлаулы мағынасы деп бөледі.
6) сөздің бейтарап және терминдік (кәсіби) мағыналары;
7) сөздің бейнелі және поэтикалық мағыналары деп жіктейді
Сөз мағынасына сөздің белгілі бір лексика-грамматикалық топқа, мәселен сөз табына телінуі де әсер етеді. Сөздің лексикалық мағынасы мен грамматикалық мағынасы бір-бірімен тығыз байланысып жатады. Сөздің лексикалық мағынасы дегеніміз - оның жеке тұрып білдіретін, өзіне ғана тән, қоғам таныған мағынасы , тілдің грамматикалық заңдарына сай тұлғаланған, оның сөздігіне тән семантикалық жүйесінің элементі болып табылатын сөздің заттық-материалдық мазмұны . “Сөздің грамматикалық мағынасы дегеніміз - грамматикалық амал-тәсілдер арқылы туатын, сөздің бірыңғай топтары мен сөз тұлғаларына, синтаксистік құрылымдарға тән, жинақталған дерексіз мағына. Ол сөздің лексикалық мағынасы негізінде туады. Қазақ тілінде сөздер тура және ауыспалы мағынада қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет