1 билет ішкі аурулар туралы ілімнің даму тарихы және орыс және кеңестік терапевтік мектептердің қысқаша сипаттамасы


Сананың депрессивті бұзылу түрлеріне



бет15/57
Дата29.04.2022
өлшемі127,46 Kb.
#32763
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   57
Сананың депрессивті бұзылу түрлеріне:

  1. ступор (лат. stupor –есеңгіреу, мелшиіп қатып қалу)

  1. сопор (лат. Soрor – ұйқы)

  2. кома (грек. Koma – терең ұйқы) жатады

Ступор не есеңгіреуде науқас адам айналасындағы құбылысты жөнді айырып білмейді, қойған сұрақтарға көп кешігіп жауап береді, мелшиіп қатып қалған белгі көрсетеді.Ступор контузияда (лат.contusio жалпы жарақаттану, басты соғып алу ) уланғанда т.б жағдайларда кездеседі.

Сопор терең ұйқыдағы жағдай. Науқас адамды қатты дауыспен, не жұлқылап оятуға болады. Бірақ ол сол бойда тағыда ұйқыға кетеді. Сана бұзылуының бұл түрі қатаң жұқпалы ауруларда (сүзектерде) және диабеттік, уремиялық және бауыр комасының бастамасында кездеседі.

Кома деп науқастың ессіз күйін атайды. Кома қант диабетінде (диабеттік және гипогликемиялық кома), уремияда несеп - haima қан несепқан), бауыр функциясының бұзылғанында (бауыр комасы), қатты уланғанда (морфиймен, ұйқы дәрілерімен, алькогольмен, көміртегі шалатотығымен т.б.), жұқпалы ауруларда, бас миы ауруларында (миға қан құйылу, мидың жарақаттануы, мидың ісігі), анемияда және эпилепсияда (гр. еpilepsia – талма) кездеседі.

Сананың ирритативті бұзылатын түрлерінің ішінде ішкі ауруларда жиі кездесетіні сандырақ. Ол жұқпалы ауруларда және уланғанда кездеседі



  1. Кеуде қуысын тексеру және пальпациялау - кеуде қуысының тыныс алу турын анықтау.

Кеуденің сыртқы бейнесіне қарап қалыпты немесе патололгиялық түрін анықтайды. Кеуде қуыс өзгерістерінің үш түрі болады:

бөшке тәрізді кеуде (эмфизематозды) – кеуде торшасының ұзындығы қысқалау, көлденең кеуде бөшке сияқты дөңгелектеу келген пішінде болып келеді. Қабырға арасы сиректелген, дем алғанда бұлшық еттерінің қабысуының сирегені байқалады.

сал көкірек қуысы (паралитикті) – бөшке тәрізді кеудеге қарама – қарсы келген өзгерістер байқалады: кеуде торшасы тар және ұзын. Бұл өкпенің туберкулез ауруында жиі кездеседі, дем алу қимылы бәсеңдейді.

мешелді кеуде (“тауық” кеудесі) – бұнда кеуде қуысының алды артына қарай ұзарғаны байқалады, қабырға шеміршектері жуандайды, кішкентай балалардың мешел мен ауырған кезінде пайда болады.

Кеуде құрылысының ауытқуы (деформациясы) омыртқаның өзгергендігіне байланысты болады: омыртқаның алға қарай қисаюы - лордоз, артқа қарай – кифоз, бір жақ қырына – сколиоз, ал артқа және бір жақ жамбасына қарай қисаюы – кифосколиоз деп аталады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет