1 билет ішкі аурулар туралы ілімнің даму тарихы және орыс және кеңестік терапевтік мектептердің қысқаша сипаттамасы


Митралды қақпақша жеткіліксіздігі



бет46/57
Дата29.04.2022
өлшемі127,46 Kb.
#32763
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   57
Байланысты:
Билеты ВБ каз

Митралды қақпақша жеткіліксіздігі

Жүрек ақаулары деп жүрек қақпақшалар аппаратының органикалық өзгерістерге ұшырауын айтады. Жүрек ақаулары екі үлкен топқа бөлінеді: туа біткен және жүре пайда болған.

Жүре пайда болған жүрек ақауларының ішінде ең жиі кездесетін түрі - митралды қақпақшасының жеткіліксіздігі.Бұл жүрек ақауы митралды қақпақшаның систола кезіңде толық жабылмауымен сипатталады. Митралды қақпақшаның жеткіліксіздігі органикалық немесе функционалдық себептерден пайда болады. Олар: а) қақпақшалар жармасының органикалық зақымдалуы кезіңде (атеросклероз, ревматизм және басқалары); б) атриовентрикулярлы тесіктің жабылу механизміне қатысатын бұлшық ет аппаратының кординациялық функциясының бұзылу нәтижесінде; в) сол жақ қарыншаның, атриовентрикулярлы тесіктің айналымы бұлшық еті мен фиброзды сақинаның шамадан тыс кеңеюі кезіңде.

Бұл ақау кезіңдегі гемодинамикалық бұзылыстар қанның систола кезіңде митралды қақпақшаның толық жабылмаған жармалары арқылы сол жақ қарыншадан жүрекшеге кері ағуынан туындайды(регургитация). Шамалы митралды жеткіліксіздік кезіңде қарыншадан сол жақ жүрекшеге 20 – 30 мл ден артық қан түссе, онда оның көлемі ұлғайып, ол кеңейеді, кейінірек сол жақ жүрекше миокардының гипертрофиясына әкеледі. Жүрекшеден сол жақ қарыншаға қан көп мөлшерде түссе, ол дилятацияны, миокардтың гипертрофиясымен гиперфункциясын тудырады. Сонымен митралды қақпақшаның жеткіліксіздігінің компенсациясы сол жақ қарыншамен жүрекше миокардының гипертрофиясымен гиперфункциясының есебінен жүреді. Жүректің бұл компенсациясы қуатты сол жақ қарынша миокарды қызметінің артуы нәтижесінде көп жылдар бойы сақталады. Бірақта кейде сол жақ жүрекше кеңейе отырып, қанды толық шығару қабілетін жояды. Сол жақ жүрекшеде одан кейін кіші қан айналымында қысымның жоғарылауы мен қанның іркілуі болады, ол тоқыраулы қан айналымының жеткіліксіздігінің дамуына әкеледі.

Митралды жеткіліксіздік кезіндегі клиникалық көрінісі қақпақшалардағы ақаудың айқындылық дәрежесі мен миокардтағы өзгерістерге байланысты. Шамалы митралды қақпақша жеткіліксіздігіне жүрек қызметінің толық компенсациясы өмір бойы, тіпті физикалық жұмыс істегенде де сақталады. Бұндай жағдайда ақау кездейсоқ анықталады. Ауыр физикалық күш түскенде науқастың ентігуге, жүрек қағуына және ырғақсыздыққа шағымдары болады. Митралды қақпақша жеткіліксіздігінің компенсацияланған кезеңінде науқас тері жамылғысында өзгеріс байқалмайды. Қақпақшаның айқын жеткіліксіздігі бар науқастарды сол жақ қарыншаның ұлғаюы белгілі бір дәрежеге жетеді, соның нәтижесінде жүрек ұшы түрткісі өзінің көлемі ұлғайып, бұғана орта сызығынан сыртқа ығысады. Науқастарға перкуссия жүргізген кезде аздаған қақпақша жеткіліксіздігінде жүректің салыстырмалы тұйық өлшемдері жоғары және солға ұлғайғандығы анықталады. Митралды қақпақша жеткіліксіздігіде артериялық қысыммен тамыр соғу көрсеткіштері әдетте қалыпты болады. Рентгендік тексерулер кезіндегі өзгерістер митралды қақпақшаның айқын жеткіліксіздігі кезінде байқалады және сол жақ жүрекше құлақшасының айқын жеткіліксіздігі кезіңде байқалады және сол жақ жүрекше құлақшасының ұлғаюымен сипатталады, жүрек мықынының тегістелуі, оған “митралды” конфигурация береді. Бірінші қиғаш жағдайда өңештің үлкен радиус доғасы бойынша оңға және артқа ығысуы байқалады. Екінші қиғаш жағдайда ретрокардиалды кеңістіктің тарылуы мен сол жақ қарыншаның ұлғаюы байқалады, олар омыртқа артында анықталады. Митралды қақпақшаға жеткіліксіздігін эхокардиограммада анықтау тек жанама белгілерімен болады, ол жүрек ішілік гемодинамиканың бұзылуымен сипатталады, яғни жүректің сол жақ бөлігінің көлеммен зорығу; сол жақ қарынша мен жүрекше аралық перде қабырғасының гиперкинезі мен гипертрофиясы. Нақты дерт анықтамалық нәтижені -эхокардиография береді, ол митралды сақина айсағындағы қанның кері ағуын анықтауға және сандық бағалауға арналған. Бұл әдіс митралды регургитация синдромымен, митралды қақпақшаның ревматизмдік зақымдалуымен, оның босаңсуымен субқолқалық бұлшық еттік қатаюымен, митралды қақпақша жармасындағы вегетациямен ажырату диагнозын жүргізуге көмектеседі.

Митралды жеткіліксіздіктің ағымы көптеген жылдар бойы қолайлы болады. Митралды қақпақшаның айқын жеткіліксіздігі мен ревмокардиттің жиі асқынуы әуелі кіші, кеңінен үлкен қанайналым шеңберінде қан айналым бұзылуы белгілерімен біртіндеп, әуелі жүректің сол жақ, кейінірек оң жақ жартысының айқын жеткіліксіздігінде оны өз уақытында протездеу жүректің қалпына келе алмауының алдын алады.

Этиология:

1.Ревматикалык эндокардит-жарманын деформациясы мен кыскаруына жане букыл какпаша аппаратынын фиброзы мен ригидтылыгыне акеледы.

2.Инфекциялық эндокардит – жармалардың деформациялары мен бұзылысынан болады,

3,Қабыну нәтижесінде жармалардың зақымдалуы болады: ЖҚЖ, ревм артрит, анкилозды спондилоартрит,жүйелі склеродермия

4,Митральді клапанның пролапсы кезынде , хордалардың созылу және миксематозды дегеннерация нәтижесінен, сонымен катар , емізікще тәрізді бұлшық еттын созылуынан: ишемия, инфаркт, сол жақ қарынша аневризмасы, жарақаты кезінде жане тб, процестерде емызыкше тарызді БЕттін жиырулуынан болады,

5, Обструктивті гипертрофиялық кардиомиопатия-митральді қақпашаның алдынғы жармасының алға ығысуы,

6,Марфан синдромы кезінде хорда мен қақпақшалық сақинасының созылуынаң болады,

7,Қақпақша жармасының және сақинасының кальциозы кезінде,

8,Сол жақ қарыншаның кеңеюі, мысалы дилатационды кардиомиопатия, гипертониялық аурудың кеш сатысында, аортальді жетіспеушілік,қақпақша сақинасының кеңейуіне әкеледі , ол митральды қақпашанын жетіспеушілігіне әкеледі,




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет