Өкпе аускультациясы. Өткізу әдістемесі. Тыныс алу түрін анықтау.
Өкпенің аускультациясы - бұл стетоскоп жеткілікті болып табылатын қарапайым медициналық процедура. Бұл құрылғы сізге шуды естуге және тыныс алудың сипаттамаларын қадағалауға мүмкіндік береді, ол өкпе, бронх, қан айналымы жүйесі мен жүрек ауруларын диагностикалау үшін белсенді қолданылады. Өкпеден ауыруды жүзеге асыратын дәрігер теорияны жақсы білуі керек, сонымен бірге сезімтал есту қабілеті болуы керек.
Өкпе аускультациясының әдісін қолдану арқылы мұндай ауруларды анықтауға болады:
- тікелей – дәрігер науқасқа тікелей құлағын қою арқылы тыңдау;
- аспаптық – естігіш түтік: стетоскоп (мембранасыз, гр stethos - кеуде, scopeo - қараймын) немесе фонендоскоп (мембранасы бар, гр phonos - шу, endo – ішінде) арқылы жүзеге асырылады.
Тікелей аускультацияның ерекшелігі – шығатын дыбысты тікелей естуге мүмкіндік береді, ал стетоскоп арқылы тыңдағанда стетоскоптың үлкен шеті құлағына, ал кіші шеті науқасқа қойылады, оны қолданғанда дыбыс кедергісіз анық, фонендоскоптың дыбысынан салыстырғанда жай естіледі.
Аускультацияның жалпы ережелері:
- науқастың кеудесінен киімінтолық шешу керек, себебі, киім дыбысқа кедергі келтіруі мүмкін;
- кеудесін қалың түк жапқан науқас болса, түктерін сумен сулау немесе майлау қажет, түктердің фонендоскоптың мембранасына үйкелісі тыныс алудың патологиялық шуларына ұқсайды;
- аускультация жасайтын бөлме жылы және тып-тыныш болуы керек;
- фонендоскопты науқастың терісінен сырғып кетпес үшін кеудегетығыз қою керек, керісінше жағдайларда мембрананың сырғуы кедергілер тудырады;
- фонендоскоптың мембранасын денеге қатты тығыз қоюға болмайды, себебі ол дыбыстың өткізілуін төмендетіп, тыныс алу экскурсиясына кедергі болады, сөйтіп, дыбыстың өткізілуін нашарлатады;
- бір фонендоскопты неғұрлым ұзақ қолдану керек, себебі, дыбыстың шығуы оның конструкциясымен де тығыз байланысты;
- аускультацияны науқасты отырғызып өткізген жөн.
Бірінші негізгі тыныс алу шуларын, содан кейін патологиялық шуларды тыңдайды (егер болса).
Везикулярлық тыныс алудың өзгеруі (әлсіреуі - дем шығару естілмей, дем алудың дауысының төмендеуі кезінде; күшеюі - дем алудың дауысының жоғарылауы және дем шығарудың ұзаруы) физиологиялық және патологиялық түрде болуы мүмкін.
Қалыпты бронх тынысы ауа дыбыс өзегі арқылы өткенде кеңірдек пен көмекейден естіледі (синонимы - ларинготрахеалды тыныс алу).