1-билет Жаңа педагогикалық технологиялар. Жаңа педагогикалық технология


Модульдік оқыту технологиясының мақсаты



бет3/3
Дата18.06.2022
өлшемі63,5 Kb.
#37000
1   2   3
Байланысты:
Педагогика

Модульдік оқыту технологиясының мақсаты – оқу үрдісінде оқушының шығармашылығын дамытуға қолайлы жағдай тудыру және оны іске асырудың педагогикалық шарттарын айқындап, оңтайлы формаларын даярлау.
Модульдік оқыту технологиясының міндеті –
- Жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыру.
- Таным үрдістерін дамыту
- Танымдық қабілеттерін дамыту
- Сөздік қорын дамыту
- Өзара көмек және бірге бастан өткізу
- Оқу себептілігінің өзгеруі
Бұл технологияның ерекшелігі:
- білімді меңгеруге емес, жеке тұлғаның таным қабілеттері мен таным процестерін арнайы жасалған оқу және танымдық жайлар арқылы дамытуға, жеке тұлғаның қауіпсіздігін, өзін - өзі көрсетуін, маңыздылығын анықтауға, өзара қарым – қатынас, ойын арқылы шығармашылық қажеттіліктері мен белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуы. Екінші ерекшелігі – дарынды балалармен тұрақты, жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады. 

  • Ол төмендегідей ережелердің сақталуын талап етеді.
    - Мұғалім кеңес беруші, үйлестіруші.
    - Оқушымен мұғалім бірлесе оқытудың тиімді жолдарын таңдайды.
    - Өзін - өзі басқару функциясына ауысады.

  • Модульдік оқыту технологиясының негізгі құрылымы:
    КІРІСПЕ (модульге, тақырыпқа енгізу)
    СӨЙЛЕСУ БӨЛІМІ (оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру)
    ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ (бақылау)
    Оқу модулінің ерекшілігі- жалпы сағат санына қарамастан , кіріспе бөлімге сабақтың 1-2 сағаты, қорытынды бөлімге 2-3 сағат беріледі. Қалған уақыт 3-10 сөйлесу бөліміне қалдырылады.

  • Жобалау технологиясы - оқушылардың жоспарлау жəне күрделене беретін тапсырмаларды орындау арқылы меңгеретін білім. Жобалау технологиясы 19 ғасырдың 2-ші жартысында АҚШ ауылшаруашлығы мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған - Джон Дьюи атты психолог жəне педагог , философ.

    Оқу процесін жобалау технологиясы бойынша мұғалім жұмысының кезеңдері:

    1. Оқу процесін технологиялық карта атласы түрінде жобалау;

    2. Жобаны шынай оқу процесінде жүзеге асыру, оқу процесінің сапасы жөнінде ақпарат жинау;

    3. Жинақталған ақпаратқа талдау жасау;

    4. Жүргізілген талдау негізінде жобаға өзгерістер енгізу.

    Жобалап оқыту технологиясы жобалау кезінде де және оны жүзеге асыру кезеңінде де қолданылатын мынадай бес түрлі сатылардан тұрады:
    — мақсат қою ( кіші мақсаттар жүйесі)
    диагностика
    — оқушының өзіндік жұмысының мөлшері
    — жобаның логикалық құрылымы;
    — түзету
    2. Синтаксисті оқыту әдістемесі, оның тәсілдері.
    Қазақ тілі синтаксисінің методикасы- жас буындарға тіл ғылымының озық табыстарының негіздерінде сөз тіркесі мен жай және құрмалас сөйлемдерден, қазақ тілі пунктуациясынан терең, жүйелі, берік, саналы білім беру жолында қолданылатын ең тиімді әдістер мен тәсілдердің жиынтығы. Ол әдістер: байқау әдісі, тәжірибені талдау-жинақтау әдісі, бұрынғы мұраны үйрену әдісі, эксперт-анкета әдісі.
    3. Ойын технологиясы.

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет