Сын тұрғысынанойлау технологиясы—оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Бұл бағдарлама оқытудың 100 түрлі стратегияларынан: әдістерінен тұрады. Мақсаты – шығармашылық ойлауды, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді.
Технология бойынша әр сабақ үш кезеңнен тұрады: - қызығушылықты ояту;
- мағынаны ашу;
- ой толғаныс.
Бірінші кезең «Қызығушылықты ояту»
Кезеңнің мақсаттары:
- оқушы өзінде қалыптасқан білімі мен түсініктерін өзектендіру;
- оқылатын тақырыпқа танымдық қызығушылықты ояту;
- оқушының белсенділігін ояту;
Жеке тұлғаның іс - әрекеті Қолдануға болатын әдістер мен тәсілдер
оқылатын мәселелер бойынша не білетінін еске түсіреді, ақпаратты жүйелейді, жауап алуға қажетті сұрақтар қояды. Өзге мақсатын тұжырымдайды. «Белгілі ақпараттар» тізімін түйін сөздер бойынша - әңгіме, кластерлер, дұрыс және дұрыс емесін мақұлдау және т. б.
Бірінші кезеңде алынған ақпараттар тыңдалады, жазылады, талқыланады, жеке, жұп және топ бойынша жүргізіледі.
Екінші кезең «Мағынаны ашу»
Кезеңнің мақсаты:
- жаңа ақпаратпен танысу;
- жаңа ақпараттармен өз білімімен ара - қатынас белгілеу.
Жеке тұлғаның іс - әрекеті Қолдануға болатын әдістер мен тәсілдер
- мұғалім ұсынған белсенді оқыту әдістерін қолданып, жаңа тақырып материалдарын тыңдайды, оқиды;
- жаңа ақпараттардың мәнін түсіну барысында мәтін шетіне белгі қояды немесе жазып алады;
- қарастырылған материалдармен жұмыс істеу барысында өз түсінгенін қадағалайды, алдына қойған мақсаттарына жету үшін белсенді әрекет етеді.
Белсенді оқу әдістерін қолдану:
- инсерт;
- екі жақты күнделік;
- қосымша журнал;
- сабақтың бірінші кезеңінде қойылған сұрақтарға белсенді түрде жауап іздеу және т. б.
СТО технологиясының негізгі тәсілдері: «Блум сұрақтарының түймедағы» әдісі, «Фишбоун» (балық қаңқасы), «ДжигСо» әдісі, «Инсерт» әдісі, «Төрт сөйлем» әдісі, «Екі жақты күнделік» әдісі, «Концептуалды кесте», «Ақылдың алты қалпағы» әдісі, «Миға шабуыл» әдісі, «Ыстық орындық» әдісі, «Борттық журнал» әдісі, «Стоп-кадр» әдісі, «Галереяға саяхат» әдісі, «Авторға хат» әдісі, «РАФТ» әдісі», «Кластер» әдісі, «Кубизм» әдісі, «Венн диаграммасы» әдісі, «Биопоэма» әдісі т.б.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы-оқушының туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке даму жанжақтылығына негізделген білім беру жүйесі. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының дидактикалық, педагогикалық, писихологиялық негіздемесі С.Рубинштейн, Л.С.Выготскийдің, В.В. Давыдов, Л.В.Занков, Ю.К. Бабанский, Б.П.Беспалько, В.М.Монахов т.б. ғалымдардың ғылыми-теориялық идеяларына негізделіп жасалған.
Педагогика ғылымының докторы Ж. Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі туралы іліміне сүйеніп, әр пән бойынша деңгейлік тапсырмалар дайындауға болады. Ж.Қараевтің деңгейлеп саралап оқыту технологиясында төмендегідей 4 деңгей көрсетілген:
Танымдық деңгей. Бұл деңгейде жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты.
Алгоритмдік деңгей – мүнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылданған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.
Эвристикалық деңгейге оқушы ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді.
Шығармашылық деңгей – оқушының таза өзіндік шығармашылығы байқалады.