1-билет. Жасуша туралы ғылым


Түр түзілудің оқшаулану факторлары



бет22/39
Дата25.11.2023
өлшемі178,37 Kb.
#126061
түріҚұрамы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39
Байланысты:
1-билет. Жасуша туралы ғылым-emirsaba.org

Түр түзілудің оқшаулану факторлары.


Түр-құрылысы мен атқаратын қызметтері ұқсас,шығу тегі,өзара шағылыса алатын,белгілі бір ортада тіршілік етіге бейімделген,өздеріне тән таралу аймағы бар даралар тобы.
Түр түзілу немесе жаңа түрдің пайда болуы-өте күрделі,ұзақ уақытты қамтитын эволюциялық процесс.Оны алғаш рет Дарвин табиғи сұрыпталу атты тұжырымдамасында атаған болатын.
Популяция-бір түрге жататын белгілі бір даралардың еркін шағылып,өздерінен кейін өздері қалағандай ұрпақ қалдыра алуы.
Түр түзілудің оқшаулану механизмі.Түр популяциялардан құралады.Егер бір популяция даралары басқа популяция дараларымен мүлде немесе ішінара шағылыспайтын болса, онда мұндай популяция оқшаулану процесіне душар етеді.
Оқшаулаушы факторлар- түр ішінде популяциялардың оқшаулануы географиялық,экологиялық және биологиялық факторларға байланысты болады.
Географиялық өзгерістер популяцияның бөлектенуіне-географиялық оқшаулануға әкеледі
Геограиялық оқшаулану-бір түр популяцияларының бір-бірімен өте алшақ аумақтарда орналасулары себепті олардың еркін шағылысуына мүмкіндік бермейтін факторлар және аумақтық-климаттық,микроклиматтық,маусымдық-климаттық факторлар жатады.
Биологиялық оқшаулану-ол оқшаулану түріне генетикалық және физиологиялық факторлар жатады:Генетикалық факторға-көбінесе мейоздың қалыпты өтуінің бұзылуы жатады,ол өсімталдығы жоғары ұрпақ алуға кедергі келтіреді.
Физиологиялық факторлар-мысалы,өзенде уылдырық шашатын теңіз балықтары уылдырық шашу үшін өздері дүниеге келіп,теңізге түскенге дейін тіршілігін өткізген өзеніне қайтып оралуын қамтамасыз ететін физиологиялық процесс,осы өзен балықтарының популяциясы үшін оқшаулану факторы болып келеді.Мұндай оқшаулану бір тұр ішіндегі даралардың өзара шағылысу еркіндігіне шектеу қояды.
Экологиялық оқшаулану-бір аймақта тіршілік ететін бір түрдің популяциясын бөліп тастайтын мекен ету жағдайлары. Бір өзендері судың әр түрлі қабаттарындағы температура, жарықтың және мекен етушіліктің әртүрлілігі бұған мысал бола алады. Үстіңгі беткі қабат едәуір жарығырақ, жылы және қоныстанушылары көп болып келеді. Сөйтіп, бір көлде тіршілік ететін түрлер жағдайлардың айырмашылығына байланысты топтарға бөлінген болып шығады. Экологиялық түр түзу үдерісінде атап айтқанда экологиялық оқшаулану басты рөл атқарады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет