Чарлз Роберт Дарвин — ағылшынның табиғат зерттеушісі, оның табиғи сұрыптау теориясы биологиялық көптүрліліктің пайда болуының революциялық негіздемесін берді.
Дарвин ілімінің негізгі қағидалары. Дарвиннің негізгі еңбегі ол эволюциялық қозғаушы күшті ашты. Дарвин бейімделгіштіктің пайда болуы мен салыстырмальі сипатын табиғаттан тыс күштердің қатысынсыз-ақ, тек табиғи заңдардың ғана әрекет етуімен материалистік тұрғыда түсіндірді. Дарвин ілімі түрлердің тұрақтылығы мен олардың құдай жаратқандығы туралы метафизикалық түсініктердің түбіріне балта шапты. Сонда жабайы табиғаттағы түрлердің жануарлар мен тұқымдары және мәдени өсімдіктер сорттарының эволюциялық қозғаушы күші қандай болмақ?
Тұқымдар мен сорттардың эволюциялың қозғаушы күштері - ол тұқым қуалайтын өзгергіштік және адамның қолдан сұрыптауы. Дарвин жануарлардың әртүрлі тұқымдары мен мәдени өсімдіктердің сорттарын адам қолдан сұрыптау процесінде жасағанын дәлелдеп берді. Адам міндетті түрде тұқым қуалайтын, қайткенде де өз көңіліне ұнаған өзгерістері бар особьтарды ұрпақтан ұрпаққа сұрыптай, басқа особьтарды көбейтуге қатыстырмай, тұқымға қалдырып отырды, осының нәтижесінде белгілері мен қасиеттері адам көңіліне ұнаған жаңа тұқымдар мен сорттар алынды.
Тұқым қуалайтын өзгергіштік негізінде жүретін тіршілік үшін күрес пен табиғи сұрыпталу. Дарвиннің пікірі бойынша органиқалық дүние эволюциясының негізгі қозғаушы күштері болып табылады.
Тіршілік үшін күрес 3-ке:түраралық,түрішілік,сыртқы орта қолайсыз жағдайларына қарсы күрес. ТҮРАРАЛЫҚ-бір түр мен екінші түр арасындағы күрес
ТҮРІШІЛІК-бір түрге жататын даралар арасындағы күрес
ҚОРШАҒАН ОРТ.ҚОЛ.ЖАҒ.-өлі табиғатпен күрес.
Бейімделушіліктің түрлері.
Организмдер эволюция барысында өзін қоршаған орта жағдайларына бейімделеді. Бейімделушілік деп организмдердің нақтылы ортада тіршілік етіп, ұрпақ қалдыруын қамтамасыз ететін жаңа қасиеттердің пайда болуын айтады. Бейімделушіліктің қалыптасуы тұқым қуалайтын өзгергіштік пен табиғи сұрыпталуға тікелей байланысты. Мысалы, құстардың ұшуға, кейбіреулерінің суда жүзуге бейім келуі.
Бүркеніш рең. Бейімделушіліктің бұл түрі –ашық жерлерде тіршілік ететін организмдердің жауынан қорғану белгісі. Көптеген көбелектер мен қоңыздарды қанаттарының немесе денесінің түрлі түсті болуына сәйкес өсімдіктер арасынан ажырату қиын.
Жасырушы рең. Бірқатар жануарлардың дене пішіні мен реңі айналасындағы заттарға ұқсайды. Мысалы, тропиктік орманда тіршілік ететін жыландарды ондағы лианалардан ажырату мүмкін емес. Судағы қалың өскен балдырлар арасынан теңіз атбасы мен инебалықты ажырату да оңайға түспейді.