1 билет Кинематика элементтері. Материалдық нүкте және оның орны. Треактория, жол, орын ауыстыру векторы, жылдамдық және үдеу



бет10/71
Дата14.10.2023
өлшемі346,78 Kb.
#114303
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   71
Байланысты:
1 билет Кинематика элементтері. Материалдық нүкте және оның орны-emirsaba.org

Ньютонның бірінші заңы.
Дене басқа бір сыртқы күш әсер еткенше тыныштық күйін сақтайды немесе түзу сызықты қозғалыста болады. Дененің өз қозғалысын немесе тыныштық күйін сақтауға ұмтылуын инерттілік деп атайды. Сондықтан Ньютонның бірінші заңын инерция заңы деп атайды. Егер денелердің инерциалдық қасиеті болмаса, онда оның қозғалысы үдеуді сипаттамай, тек сол уақыттағы жылдамдықтың шамасын ғана көрсетеді. Инерциалдық қасиет, ол қозғалыс түріне байланысты емес, ол барлық физикалық денелерге тән қасиет.
Кеңістікте қозғалыстағы денелердің қозғалмайтын денелер арқылы салыстырып қарау жүйесін санақ жүйесі деп атайды.
Санақ жүйесі ретінде Декарттық координат жүйесі қолданылады. Мысалы, М нүктесінің орнын радиус - вектор арқылы сипаттауға болады:
Ньютонның екінші заңы
Бұл заңды қарастырмас бұрын күш, масса, импульс сияқты физикалық шамаларды қарастырайық.


Масса
Дененің, басқа денелер әсер етпеген кездегі өзінің жылдамдығын сақтауын инерттілік деп атайды. Материалдық нүктенің және ілгерілемелі қозғалыстағы дененің инерттілік өлшемін сипаттайтын физикалық шаманы –инертті масса деп атайды.
Масса - бүкіләлемдік тартылыс заңына сәйкес, денелердің басқа денелермен әсерлесу қабілеттілігін де сипаттайды. Мұндай жағдайда, масса гравитацияның өлшемі болып табылатындықтан – оны гравитациялық масса деп атайды.
Дененің берілген нүктедегі тығыздығы  деп дененің бір кішкентай бөлігінің dm массасының, осы бөліктің көлеміне dV қатынасын айтады.
Күш деп денелердің өзара әсерлесуінің нәтижесінде бір-біріне үдеу беруін айтамыз. Денелердің өзара әсері бір-біріне үдеу беріп қана қоймай, бір-бірінің көлемі мен пішінін де өзгерте алады, яғни дененің бөлшектерінің орын ауыстыруы пайда болады.

Импульс

Дененің массасы мен жылдамдығының көбейтіндісін импульс деп атайды



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет