Жылулық сәулелену заттың атомдары мен молекулаларының жылулық қозғалыс энергиясы нәтижесінде орын алады. Бұл құбылыс температурасы 0 К -нен жоғары температураларда барлық денелерге тән. Жылулық сәулелену - тепе-теңдік құбылыс – дене бірлік уақытта қанша энергия жұтса, сонша энергияны жарық ретінде шығарады.
Енді денелердің сәуле шығаруын қарастырайық. Электрмагниттік толқындар зарядталған бөлшектердің үдемелі қозғалысы кезінде шығарылады, олар затты құрайтын атомдардың құрамына енеді. Атом сәуле шығару үшін, оған белгілі мөлшерде энергия берілуі керек. Дене температурасы неғұрлым жоғары болған сайын, оның атомдары соғұрлым жылдам қозғалады. Шапшаң атомдар бір-бірімен соқтығысқанда, олардың кинетикалық энергиясының бір бөлігі атомдардың қозу энергиясына айналады да, соңынан олар сәуле шығарады. Дененің ішкі энергиясы есебінен шыққан сәуле жылулық сәуле шығару деп аталады.
Дененің 1м2 бетінен 1 секундта шығарылатын сәулелік энергия мөлшері дененің сәуле шығарғыштық қабілеті Е немесе энергетикалық жарқырауы деп аталады.
Егер дененің сәуле шығарғыштық қабілеті d спектрлік интервалға қатысты есептелсе, онда оны дененің спектрлік сәуле шығарғыштық қабілеті деп атайды. Ол температура мен толқын ұзындығына тәуелді. Сонда дененің белгілі Т температурада толық сәуле шығарғыштық қабілетін былай өрнектеуге болады:
(17)
Жұтылған энергияның түскен энергияға қатынасы дененің сәуле жұтқыштық қабілетіА деп аталады. Толқындар ұзындығы мен аралығындағы сәулелер энергиясының белгілі температурада дененің 1м2 беті жұтқан үлесін көрсететін шама дененің спектрлік сәуле жұтқыштық қабілеті делінеді. Ол толқын ұзындығы мен температураға тәуелді. Ендеше дененің белгілі Т температурадағы сәуле жұтқыштық қабілетін өрнектейік:
Егер дене бетіне түскен сәулелік энергияны толық жұтатын болса, онда дене абсолют қара дене деп аталады. Абсолют қара дененің толық сәуле шығарғыштық қабілетін (толық энергетикалық жарқырауын) деп белгілеп, оны былай өрнектеуге болады:
(18)
мұндағы абсолют қара дененің спектрлік сәуле шығарғыштық қабілеті.
Кирхгоф заңы. Дененің сәуле шығарғыштық қабілетінің оның сәуле жұтқыштық қабілетіне қатынасы дененің табиғатына тәуелді емес, барлық денелер үшін бірдей, сәуленің толқын ұзындығы мен температурасына тәуелді. Абсолют қара дененің сәуле шығарғыштық қабілетіне тең универсал функция:
(19)
2-суретте абсолют қара дененің берілген бір температурада әр түрлі толқын ұзындығына сәйкес энергиясы (өлшеулер нәтижесі) келтірілген. Бұл графиктерден абсолют қара дененің сәуле шығарғыштық қабілеті оның температурасы көтерілген сайын күшейе түсетінін көреміз. Әрбір қисықтың максимумы температура артқан сайын қысқа толқындар алқабына қарай ығысады. Бұл айтылғандардан температура көтерілгенде дененің жарқырауы күшейеді, сонымен қатар шығарылатын сәуле түсі де өзгеретіндігін қуаттайды. Абсолют қара дененің эксперимент арқылы табылған мына дай екі заңы тағайындалған.
2-сурет
Достарыңызбен бөлісу: |