Рэлей-Джинс формуласы бойынша абсолют қара дененің спектрлік сәуле шығарғыштық қабілетінің жиілікке тәуелділігі мына түрде болады:
(22)
Бұл тәуелділік тек ұзын толқындар және жоғары температуралар алқабында ғана, тәжірибе мәліметтеріне сәйкес келеді. М.Планк 1900 ж. жарық үздік-үздік белгілі мөлшерде, энергия порциялары-энергия кванттары түрінде шығарылады, энергия кванты жарық тербеліс жилігіне пропорционал болады деп жорыды. Планк осы болжамға сүйеніп және статистикалық физика заңдарын пайдалана отырып, абсолют қара дене сәуле шығарғыштық қабілетінің толқын ұзындығы мен температураға тәуелділігін дұрыс көрсететін формула қортып шығарды, яғни функциясының тәжірибеден мәлім абсолют қара дене сәуле шығару қисығына сай түрін тапты:
(23)
мұндағы h - Планк тұрақтысы.
Жылулық қозғалыс энергиясынан квант энергиясы аз болғандықтан
бұдан
Бұны Планк формуласына апарып қойсақ, Релей-Джинс формуласын аламыз:
(24)
Планк формуласынан Стефан-Больцман заңын да қортып шығаруға болады:
(25)
Жаңа айнымалы шама (х) алайық, ол болсын, онда
(26)
мұндағы
себебі
Планк формуласы жылулық сәуле шығарудың негізгі заңы деп аталады. Планктың энергия кванттары жайындағы болжамы тек абсолют қара денелердің сәуле шығару заңдарын түсіндіріп қана қойған жоқ, ол осы күнгі физиканың кванттық теориясының негізін қалады.
3. Массасы 1 тонна машина үдемелі қозғала отырып 2 сек ішінде 20м жол жүрді. Машинаның қуатының шамасын анықтаңыз.
№12 билет
1.Молекула-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі. Максвеллдік таралуы. Больцман таралуы
Достарыңызбен бөлісу: |