1.Ядроның тамшы моделі. Бұл модельді бірінші рет 1936 ж.Н. Бор және Я. И. Френкель ұсынған болатын. Атом ядросындағы нуклондардың орналасу жағдайы су тамшысындағы молекулалардың тәртібіне ұксас. Яғни, ядродағы нуклондардыңжәне су тамшысындағы молекулалардың әсерлесуі қысқа мерзімді әрі олардын қанығу қасиеті болады. Сол сияқты су тамшысының тығыздығы тұракты болса, оған ұқсас ядро да нуклондардыц санына тәуелсіз тұрақты тығыздығы мен тұрақты меншікті байланыс энергиясы арқылы сипатталады. Ядроның көлемі тамшы көлемі сияқты оларды құрайтын бөлшектер санына пропорционал болады.