1 билет «Күлтегін» жыры жайлы әңгімелеңіз Күлтегін жыры


Базар жыраудың «Мақпал-Сегіз» дастанына болжау кестесін толтырыңыз



бет29/31
Дата03.12.2022
өлшемі143,26 Kb.
#54545
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
1-25

2.Базар жыраудың «Мақпал-Сегіз» дастанына болжау кестесін толтырыңыз.

Не болады деп ойлайсың?



Неліктен солай деп ойлайсың?

Шын мәнінде не болды?

Мақпал мен Сегіз бірге бола алмайды.Себебі,Мақпалға қарақалпақтың батыры Жабы құда түседі.

Біріншіден,Мақпалдың ағалары, Мақпалды Жабыға беруге қарсы болмады.
Екіншіден,Сал сері елде болмады.
Үшіншіден,Сегіз сері халқының салтына қарсы шықпай, Мақпалды алып қашпады.

Сегізбен ғана қосылуды армандаған Мақпал зар шегеді. Еріксіз елден, сүйгенінен айырылады.
Себебі, Жабы-қарақалпақтың батыры Мақпал қызды алуға келгенде, оның сүйген жігіті Сегіз Арқада жылқы бағып жатады. Ел-жұрты Мақпалды Жабы батырға бермек болған соң, қыз Сегізге суыт хабар жібереді. Бірақ Мақпалдың жіберген хабаршысы Арқаға жеті күнде зорға жетеді. Бұл кезде Мақпал ұзатылып, жанына шешесін қосып, Жабы еліне жөнелтеді.
Сүйгенінен тірідей айырылған Мақпал ақырында зарығып өледі.



3.Базар жыраудың арнау өлеңіне поэтикалық талдау жасаңыз.
Нарман байға
Нарман бай сараңдық жасап,Базар үйіне қонғанда көже асып береді.Сонда Базар былай депті:
Дуалы Жабағыны тек демейді,
Төспенге басқа байлар беттемейді.
Нарманның айдары көп,шайнары жоқ.
Қыс бойы қызыл турам ет жемейді.
Өзгелер ондай сөзге арланса да,
Нарекең есіткенмен кектемейді.
Кемісін кей сараңдар мойнына алмай,
Айттың деп айыбымды өкпелейді.
1-шумақ, 8-тармақ,10-11 буын,3-бунақ,

24 1.Қазтуған жырау жайлы ой қозғаңыз.


Қазтуған Сүйінішұлы (1420, қазіргі Астрахан облысы Красный Яр қала маңы - ө.ж.б.) - жырау. Қазтуған Сүйінішұлының туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Халық арасында Қарға бойлы Қазтуған атанып кеткен. Қазақтың XV ғасырдағы айтулы жорық жырауы. Әскербасы, батыр болған.Еділдің Ақтума, Бозан бойларында туып-өскен. XV ғасырдың орта шенінде іргесі жаңадан қаланған Қазақ хандығына қоныс аударған.
Қазтуған жырау жорық жыршысы және халық эпосын жасаушылардың бірі саналады. Артына қазақтардың әскери рухын, туған жерін, халық өмірі мен тұрмысын суреттейтін көптеген өлеңдерден тұратын шығармашылық мол мұра қалдырды. Олардың көпшілігі сақталмаған. Дегенмен, бізге жеткен жекелеген туындылары оның әдебиет тарихы төрінен орын алуға лайықты екенін айғақтайды. Оның поэзиясы жауынгерлердің көшпелі өмірін, көзқарасын суреттейді. Және олардың тұрмысын, айналадағы құлан таза табиғат туралы ойларын бейнелейді. Ақын-жыраудың қиялының жүйріктігі, өткірлігі, бай және әдемі көркемдік әдістері сол дәуірдегі қазақтардың поэтикалық өнерінің жоғары деңгейде болғанын, сонымен бірге, өзіндік ерекшеліктері бар екенін білдіреді. Ұлттық бояуы жағынан айқын суреттелген, жасампаз романтикамен көркемдеген, нақылдық ой орамдары мен көркемдік тіркестерге бай. Қазтуған жырау өлеңдері көп ғасырлық өнер мектебі мен әдеби үлгі ретінде санамыздан орын алды.
Қазтуған жыраудың "Мадақ жыры", "Туған жермен қоштасу" сынды туындыларын ежелгі қазақ поэзиясының таңдаулы үлгілеріне жатқызуға болады. Ақынның халық жыраулары арқылы жеткен бірқатар толғаулары И.Березиннің "Түрік хрестоматиясында" (1862), Ғабдолла Мұштақтың 1910 жылы шыққан "Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары" жинағында, М.Мағауиннің "Алдаспан" кітабында (1970) жарияланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет