1 билет «Күлтегін» жыры жайлы әңгімелеңіз Күлтегін жыры



бет23/31
Дата03.12.2022
өлшемі143,26 Kb.
#54545
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31
Байланысты:
1-25

Суреттеңіз.
 Дастан 11 буынды қара өлең үлгісінде жазылған. «Мақпал – Сегіз» – ғашықтық дастан. Мақпал атты сұлу бойжеткеннің өнері асқан жігіт – Сегіз серіге ғашықтық хикаясы баяндалған оқиғаны бірнеше ақын жырға қосқан. 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың 1-жартысында өмір сүрген Жанкісі жырау жырлаған «Сегіз сері мен Мақпал сұлу» дастанының аяқталмаған нұсқасын ауыз әдебиетін жинаушы Қ.Биғожин Жезқазған қаласының тұрғыны Д.Меңдіғалиевтен 1974 жылы жазып алған. 

Салыстырыңыз.
Дастанды ақынның өзге де екі: «Айна-тарақ» пен «Әмина қыз» атты дастандарымен салыстырсақ, ұқсастығы үшеуі де шығыс сюжетін пайдалана отырып, назира үлгісімен жазылған болатын болса, айырмашылығы сюжет желісінде: «Айна-тарақта» бір қызға ғашық ағайынды үш жігіттің басынан кешкен оқиғалары адамды тапқырлыққа баулыса, «Әмина қыз» дастаны Әмина дуаның күшімен сиқырлап, итке жеті жыл бойы итке айналған ері, кейіннен бір қыздың жәрдемімен адам қалпына келгені әділдік жолын берік ұстаған адал адам, ойға алған мақсатына жететінін үйретсе, ал «Мақпал-сегіз» атты көркем дастан қызын теңіне бермей малға берген кер замандағы бас бостандығын аңсаған екі жастың мөлдір махаббаты жайлы жыр етеді.
2. Базар жыраудың философиялық толғауына поэтикалық талдау жасаңыз.
Тақырыбы: «Сұм дүние»
Идеясы: Сұм дүниенің, заман ащы да шындығын ашып көрсету
Жанры: лирикалық
Бунақ: 2
Буын: 7-8
Тармақ: 78
Шумақ: 1
Ұйқас: аралас
3. Базар ақынның тұңғыш шығармалар жинағы жайлы ой қозғаңыз
Базар жырау 15 – 16 жасында бала жырау атанады. 1858 жылы Тәспен би Қызылқұмдағы игі жақсыларды шақырып, ұлан-ғайыр той жасап, Базардың астына жүйрік ат мінгізіп, үстіне шапан жауып, жыраулық жолына сәт сапар тілейді. Базар осы кезден бастап Ор төңірегін, Ырғыз, Сыр бойы, Қызылқұмды, Үргеніш, Хиуа жағын жырау ретінде аралайды. Осы төңіректе кеңінен жайылған Ноғайлы дәуірінің қиссаларымен танысып, оларды жаттап, халық арасында жырлайды. Хорезм жағында болған кездерінде Орта Азия жұртшылығы арасында кеңінен мәлім дастандарды («Көроғлы», «Жүсіп – Ахмет», т.б.) қазақ тілінде жырлап, Сыр бойына таратады. Сонымен қатар шығыс аңыздарының ізімен «Әминә қыз», «Айна – тарақ» дейтін шағын дастандар да шығарады. 1907 жылы Базар жырау Қазан қаласынан баспадан шыққан «Айман – Шолпан» жырын қайтадан жаңғырта жырлайды. Кейіннен «Қыз Жібек» жырына да көп өзгеріс енгізіп, қайта жырлап, ел арасына таратады. Мұның өзі Базар жыраудың нәзирашылдық жолды ұстанғанын байқатады. Жыраудың сол кездегі шығыс және ислам философиясымен жақсы таныс болғандығы анықаласы «Әр кемелге – бір зауал», «Тіршіліктің түрлері», «Керқұлан», «Кермиық», т.б. іргелі толғауларында ол өмірдің мән-мағынасына көз жүгіртеді, тіршілікте кездесетін жақсылық пен жамандық, адамшылық пен зұлымдық хақында тереңнен ой толғайды. Оның жырлары афоризмге толы, жырау ел аузында айтылып жүрген мақалдарды өз елегінен өткізіп, қайтадан түрлендіріп, әрлеп, кейде тіптен басқаша мағына беріп, асқан шеберлікпен қолданады. Сонымен қатар Лұқпан хакім, Қорқыт бабалардың да өнегелі сөздерін ретті жерінде жырға қосып отырады. Жыраудың жастық шақ, табиғаттың әртүрлі маусымы, туып-өскен жер, т.б. жайлы шығарған толғау-термелері де көп. Сараң байларға, қиянатшыл әкімдерге, арнаған сын-сықаққа толы, қазақтың ауызекі поэзиясындағы арнау-эпиграмма жанрында шығарылған бірқақпайлары да жетерлік. Базар жырау домбыраны өте жақсы тартқан, Сыр бойында таралып жүрген, көпке ортақ әуендерді өз даусына лайықтап, өлеңінің ырғағына орай өңдеп, өзгертіп қолданған. Оның жырлау сазы өте әсем, қисса мен толғауларды орындағанда неше түрлі құбылып отырады. Бұдан жыраудың сазгерлік қабілетінің де болғанын аңдаймыз.
16 Сұрақтар/тапсырма


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет