1 Абайдың әжесі Зере жайлы ой қозғаңыз Зере (1785 – 1873) – Абайдың әжесі. Өскенбай бидің бәйбішесі, Құнанбай қажының анасы. Азан шақырып қойған аты – Тоқбала. Өскенбай би 5 әйелінен 10 бала сүйген. Зереден Құттымұхамбет (жастай қайтыс болған), Құнанбай, Тайбала туған. Зерені Ырғызбай тұқымдары, барша ауыл адамдары “кәрі әже” деп атаған. Қартайған шағында құлағы естімей қалған Зере немерелеріне дұға оқытып, үшкіртеді екен. Абай әжесін өлеңмен үшкірген. Ақылды, зейінді, мейірімді Зере немерелерінің ішінде Ибраһимді ерекше жақсы көріп, оны Абай деп еркелеткен. Ізгі жүректі, үлкенге қамқор, кішіге пана бола білген Зере әже Абай өміріне, ақындығына игі әсерін тигізген. Бұл туралы М. Әуезовтің “Абай жолы” роман-эпопеясында шынайы суреттелген. Зере 1873 жылы қайтыс болған соң, баласы Құнанбайдың ұйғаруымен Жидебай қыстауының жанына жерленген. Абай ауылының азаматтары 1986 жылы қабір айналасын қайтадан жөнге келтіріп, Зере бейітінің басына Шығыс үлгісімен алты қырлы кесене тұрғызды
2 Абай мемлекеттік қорық – мұражайы жайлы ой қозғаңыз 30 Абайдың мемлекеттік тарихи және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы. Ең алғаш Әуезовтің ұсынысы бойынша, үкімет қаулысымен, Абайдың туғанына 95 жыл толуына орай 1940 жылы 16 қазанда Семей қаласында ашылған. 1940-1995 жылдары «Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық мұражайы» деп аталды. Ақынның туғанына 150 жыл толуына байланысты ЮНЕСКО деңгейінде өткізілген мерейтойдың қарсаңында Семей өңіріндегі Абайға қатысты мәдени муражайлардың басы бір араға шоғырланып, Ахмет Риза медресесі мен мешіті мұражайдың қасына көшірілді, қалпына келтірілді. Жидебайдан 6400 га мөлшерде табиғи қорық аймағы белініп, 1990 жылы Абайдың мемлекеттік тарихи және әдеби-мәдени мемориалдық мұражайы болып қайта құрылды. Оған:
Семей қаласындағы Абай мұражайы,
Әуезов және Алаш арыстары мұражайы,
Абайдың Жидебайдағы мұражай-үйі,
Әуезовтің Бөрілідегі әдеби-мемориалдық мұражайы,
Мақаншыдағы Әсет Найманбаевтың мұражайы,
Көкбайдың мешіт-медресесі кешені қарайды.
Мұражай-қорықтың құрылуына Т. Ибрагимов көп еңбек сіңіріп, қазіргі қалпына келтіруге елеулі үлес қосты. Мұражайда Абайдың өмірі мен шығармашылық қызметіне және қазақ елінің тарихы мен этнографиясына қатысты құнды мұрағаттар (архивтер), заттай айғақтар, сирек қолжазбалар, суреттер, көркемсуреттер, кино, дыбыс (фоно) таспалары, мемориалдық дүниелер, соның ішінде Н. Долгополов арқылы Семейдің өлкетану мұражайына тапсырылған Абайдың өзі жинаған экспонаттар орын алған. Мұнда Әуезов өткізген экспонаттар мен қолжазбалар, жазушының дауысы жазылған үнтаспа сақтаулы. Жалпы алғанда мұражай-қорықтың қорында 20 мыңға жуық экспонат бар.
3 Б.Жолбарысұлының «Есімбекке» өлеңіне поэтикалық талдау жасаңыз
5 шумақ
Ерікті ұйқас(а б а ә а)
8 бунақ
7-8 буын
23 тармақ