1.Әл-Фарабидің «Қайырлы қала адамдарының көзқарастары» еңбегі жайлы айтыңыз Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары», «Бақытқа жету туралы» трактаттарында ол адам қоғамының шығуы, өмір
сүруформалары, адамның мінез-құлқы, әділетті әкімнің бейнесі туралы ой
толғайды. Ол, ең алдымен, өзі өмір сүріп отырған қоғамның құрылымын
талдайды. Адамдар қауымы өмір сүру ортасы ретінде қала халқын алады
Әл Фараби адам қоғамдастығын екіге бөліп көрсетеді: толық қоғам және толық емес қоғам.Толық қоғамдастықтың өзін үшке бөліп көрсетеді: үлкен, орташа және кіші. Үлкен қоғамдастық оның пікірінше, барлық Жер бетін мекендеуші адамдардың жалпы қоғамдастығы. Орташа қоғамдастық
деп, белгілі бір халық ретіндегі қоғамдастықты айтады да, кіші қоғам ол белгілі бір қала дейді. Толық емес қоғамдастықты Әл Фараби төртке бөліп көрсеткен. Олар көше, үй, ауыл. Ауыл қала құрамына кірмегенімен, ол қалаға қызмет көрсетіп отыратын толық емес қоғам. Жоғары деңгейдегі даму мен игілікке адам ең бірінші қалада ғана қол жеткізе алады делінеді. Кез келген қалада бақытқа қол жеткізу үшін, адам барлық нәрсеге шын көңіл білдіріп, шынайы таңдау жасап, талаптану қажет дейді. Әрбір тұрғыны бақытқа жету жолында бір біріне көмектесетін қала қайырымды қала деп түсіндіріледі және онда қайырымды қоғам да, қайырымды халық та болады дейді. Әл-Фараби қайырымды қаланы басқаратын адамда алты түрлі қасиет
болуы керек деп есептейді. Олар: даналық, асқан пайымдылық. сенімділік, ойлау қабілетінің жоғары болуы, соғыс өнерін жетік білуі, денсаулығының мықты болуы. Осы қасиеттің барлығы бойында бар адам, барлық уақытта қайырымды қала адамдарына кімге еліктеу керек екенін, кімнің айтқан сөзі мен ақылына құлақ қоюы керек екенін көрсететін үлгі бола алады.
Қайырымды қала Әл-Фараби әлеуметтік әділеттілік пен еркіндікті
орнықтыратын қоғам туралы ой қозғайды. Халықтың аз қамтылған топтарын
мемлекет тарапынан қолдау қажеттігі туралы осыдан мың жылдан астам бұрын айтылған ғұламаның идеясы бүгінгі күні де мемлекеттердің басты
саясаттарының бірі болып табылады. Осындай жетілдірілген қоғамда бір бірімен қарым қатынас жасау, көмектесу, қолдау, ұжымдасу адамдардың өмірлік қажетіне айналады дейді және адамдар өзін өзі жетілдіріп, қиындықтан қашпауы тиіс дейді. Әл Фараби мемлекет саясатының басты мақсаты адамдарды бақытқа жеткізу, игілікпен жеткізу деп санайды Осы еңбегінде ол «бақыт дегеніміз-игіліктердің ішіндегі ең қадірлісі, ең үлкені, ең жетілгені» деп атап көрсетеді және әр адамның оған толық құқығы бар дейді. Ал ондай құқыққа ие болуға қайырымды қала тұрғындарының ғана
мүмкіндігі бар, сондықтан да қайырымды билеушілер билеген қала тұрғындары ғана бақытқа жете алатындығын айтады. Мұндай қалалардың басқа қалалардан ерекшелігі және негізгі белгісі жоғарғы тәртіп пен оның тұрғындарының мәдениеттілігі, сыпайыгершілігі және билеушілерінің қайырымдылығы, ақыл
парасаты.