1 билет «Күлтегін» жыры жайлы әңгімелеңіз Күлтегін жыры


«Бабырнаме» шығармасына талдау жасаңыз



бет14/31
Дата03.12.2022
өлшемі143,26 Kb.
#54545
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31
Байланысты:
1-25

2.«Бабырнаме» шығармасына талдау жасаңыз
«Бабырнаме» кітабы- кітаптың авторы адамзат тарихында ерекше орны бар Зәһиреддин Мұхаммед Бабыр (1483-1530). Бабыр өз шығармасын түркі тілінде жазған. Аталған еңбегін көріп, естіген, оқыған тарихи оқиғаларды жылнама түрінде 1493-1529 жылдар аралығындағы тарихи оқиғаларды қамтитын кітап етіп түркі тілінде жазған. Еңбек өте құнды болғаны үшін түркі тілінде жазылғанымен, парсы һәм әлем елдерінің өзге тілдеріне аударылып келеді. Бұл кітаптың тілі жеңіл, түсінікті әрі қарапайым болуымен қатар мазмұны маңызды тарихи оқиғаларға, философиялық-дидактикалық ойға, көркем образды бейнелеу сөздерге өте бай. Бабыр қарапайым сөздер мен терең ойлар арқылы түркі тілінің құдіретін көрсетіп әрі тілдің беделін асырып отырады. Бабыр ад-дин Ыбырайымның 238 беттен тұратын бұл лұғатындағы Түркі сөздерінің көпшілігі бүгінгі қазақ сөзінен айырғысыз. Мысалы, іні, келін, ене, балдыз т.б. «Бабырнама» үш бөлімнен құралған. Бірінші бөлімінде XV ғасырдың ақырындағы Мауараннахрдағы саяси oқиғалар, өзінің шыққан тегін, oндағы қалалар, қамалдар, билік үшін жүргізілген жанталас сoғысты, нағашы атасы Мoгoлстанның билеушісі Жүніс хан мен Ташкентті билеген үлкен ұлы Сұлтан Махмұдтың билігі баяндалады. Екінші бөлімі — Ауғанстан жеріндегі oқиға. Бабыр заманында бұл аймақ — «Кабул иелігі» деп аталған. Үшінші бөлімінде Сoлгүстік Үндістандағы саяси oқиға, елдің геoграфиялық жагдайы, табиғатының ерекшелігі, бұл елді мекен еткен халықтардың тұрмысы, әдет-ғүрпы жайында өте қызықты дсректер келтіріледі.
Бабыр еңбегінің 1496 жылғы оқиғаларын баяндағанда «қазақ жігіттері» деген тіркесті қолданған: «Төлен қожа моғолды екі-үш жүз қазақ жігіттермен жорыққа аттандырдық» («Бабырнаме», 52-б). Бұл мәтіндегі «қазақ жігіттер» сөз тіркесіне зер салғанда мұнда «қазақ» сөзі партизандық іс-қимылға шыңдалған ерікті жауынгер дегенге саяды.

3.М.Қашқаридың «Түркі сөздерінің жинағы» атты кітабы жайлы ой толғаңыз
Махмұд Қашқари – түркі халқының ХІ ғасырында өмір сүрген аса
дарынды перзенттерінің бірі. Ол Талас-Шу алқабындағы Барысхан
қаласында туған. М.Қашқари үш кітаптан тұратын “Түркі тілдерінің
лұғатын”, яғни “Диуани лұғат ат-түрк” атты түркі тілдес елдердің ортақ
мұрасын құрастырып, артына мәңгі өлмес ғылыми мұра қалдырған ғұлама.
“Диуани лұғат ат-түрктің” түпнұсқасын алғаш рет 1914-1915 жылдары
Али Амири деген түрік ғалымы Стамбулдағы “Саһаблар жыршысы” деп
аталатын кітап базарынан сатып алған, сосын ол жазбаны жөнге келтіруді
Қиласли Рифатқа тапсырған. Рифат ол мұраның қолжазба көшірмесін жасап,
1915 жылы 1,2-кітабын, 1917 жылы 3-кітабын Стамбулда бастырып
шығарған. “Диуани лұғат ат-түрктің” жарыққа шығуы ғылым
дүниесінде аса үлкен оқиға болып бағаланды. Бұл еңбек 1072 жылдың
қаңтарында жазыла бастап, 1074 жылдың 10 ақпанында аяқталған. “Диуани”
автордың соңғы еңбегі болса керек. “Диуани лұғат ат - түрікке” 200 ден астам өлең, үш жүзге тарта мақал-мәтелдер, толып жатқан қанатты сөздер, көркем теңеулер т.б. енген. Бұл жөнінде М.Қашқари : “Мен бұл кітапты арнайы әліппе тәртібі бойынша парасатты-ғибрат сөздер, мақалдар, өлеңдер, ражаз (ерлік жырлары) және наср (проза) деп аталатын әдеби үзінділермен көркемдедім”-деп жазады. “Диуани лұғат ат-түрікте” мысал ретінде келтірілген батырлық ерлік күрес жырлар, сондай-ақ алып Ер Тұңғаны жоқтап айтылған өлең жолдары бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет