1-билет Компьютерлік желілердің жіктелуі


Мәлімет тарату ортасының типтері



бет9/25
Дата18.03.2023
өлшемі91,25 Kb.
#75324
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
Байланысты:
1-билет Компьютерлік желілерді жіктелуі

1. Мәлімет тарату ортасының типтері
Мәлімет жіберу ортасының негізгі типтеріне мыналар жатады:
- аналогты канал;
- сандық канал;
- кабельдік канал;
- радиоканал (спутник байланыс) - радиотолқындарды жіберу және қабылдау негізінде жұмыс жасайды.
Канал (Арна) – техникада (байланыс ортасында) – таратқыштан (ақпарат көзінен) қабылдағышқа (ақпаратты алушыға) дабыл (сигнал) тарайтын техникалық құрылым немесе физикалық орта. Канал – мәліметтерді бір құрылғыдан екінші құрылғыға жеткізуге арналған техникалық құралдар жиынтығы.
Канал – есептеу торабының түйіндері байланысатын орта. Канал – хабарлардың шығу көзі мен оны қабылдаушыны өзара байланыстыратын қатынас жүйесінің бөлігі.
Шалғай құрылғыларға қызмет көрсету сипаты бойынша каналдар мультиплекстік және селекторлық болып бөлінеді;
Компьютерде канал ішкі және сыртқы болуы мүмкін. Байланыс жүйелерінде канал ретінде ақпарат таситын өткізгішті немесе кабельді атайды.
2. Физикалық, каналдық, желілік деңгейлер қызметі
Физикалық деңгей – байланыс желісінің физикалық, механикалық және электрлік сипаттамаларын анықтайды. Бұл деңгей OSI эталондық моделінің бірінші деңгейі болып табылады. Физикалық деңгей желілік байланыс каналы арқылы мәліметтер тасымалдайды және осы жұмысты атқаруға қажетті аппараттық құралдардан тұрады. Хабар құрайтын символдар электр сигналдарға түрлендіріледі және олардың есептеу машиналары арасында
8 билет
тасымалдануы қамтамасыз етіледі. Яғни, физикалық деңгейде электр сигналдарды кабельге жеткізу және кабельден қабылдау жұмыстары жүргізіледі. Бұл деңгейді есептеу желісінің аппараттық қамтамасыз етілуіне жауапты деп санауға болады.
2. Каналдық (арналық) деңгей – OSI моделінің екінші деңгейі. Каналдық деңгей мәліметтер дестесінің құрамына кіретін символдарды тізбектелген түрде жеткізуге арналған. Каналдық деңгей жұмысы екіге бөлінеді: физикалық ортаға қатынас құруды бақылау және логикалық арнаны басқару.
3. Желілік деңгей – мәліметті адрестеу және жеткізу жұмысын қамтамасыз етеді. OSI моделінің үшінші деңгейі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет