3. Желіні мост арқылы логикалық құрылымдау Мост құрылғысы да репитор секілді желі сегменттерін жалғастыра алады. Бірақ оның репиторден айырмашылығы – мост желіде қажетсіз дестелер пайда болғанда, сол дестелер тұрған жұмыс станциясын желі сегменті ретінде бөліп жіберіп, жалпы желіден ажыратады. Яғни қажетсіз десте желіден бөлініп қалған жұмыс станциясында қалып қояды.
Мосттың атқаратын қызметтері:
Ethernet және Token Ring секілді әртүрлі типті желі сегментін жалғайды. Мост OSI моделінің каналдық деңгейінде жұмыс жасайды. Мост желідегі барлық хаттамалардың пайдаланылуына рұқсат етеді.
№2-билет 1. Біррангілі желілер Желіде сервер болмай, компьютерлер бір-бірімен тең дәрежеде қызмет атқарса, мұндай желіні бір рангіліжелі деп атайды.
Біррангілік желінің сипаттамасы:
Желідегі компьютерлердің саны 10 компьютердің шамасында.
Қорғау мәселесін әрбір пайдаланушы өз бетінше шешеді.
Өз компьютерін администрациялаумен әрбір пайдаланушы өзі айналысады.
Біррангілі архитектура (peer-to-peer architecture) – бұл ресурстары барлық жүйелерде тең дәрежеде орналасқан ақпараттық желі концепциясы.
Біррангілі желілер қатарына кез келген жұмыс станциясы бір уақытта файлдық сервердің де және жұмыс стациясының да қызметін атқаратын шағын желілерді жатқызуға болады. Біррангілі жергілікті есептеуіш желілерде кез келген компьютердің дискілік кеңістігі мен файлдары ортақ қойылуы мүмкін. Ресурс жалпы болуы үшін оны желілік біррангілі операциялық жүйенің қашықтан қатынау қызметін қолдана отырып жалпы қолданысқа беру қажет. Мәліметтерді қорғауды орнатуға байланысты файлдың құрылуы сәтінен кейін басқа қолданушылардың қалай қол жеткізетіндігі анықталады. Біррангілі жергілікті есептеуіш желі шағын жұмыс топтарына тиімді болып есептеледі.