1 билет. Мақта иіру өндірісінің технологияcын жобалау этаптары


билет. Иіру жүйелерінің технологияларының ерекшеліктері



бет3/14
Дата19.05.2023
өлшемі32,78 Kb.
#94970
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
гост 22 (11)

3 билет.
Иіру жүйелерінің технологияларының ерекшеліктері
Иіру жүйесі иірімжіп өндірісінде қолданылатын технологиялық процестердің және машиналардың жиынтығы арқылы анықталынады. Иіру жүйесін талшықты материалдарды тарау әдісі бойынша (кардты тарау немесе тарақты тарау) және талшықтардың ағынын жұқарту әдістері бойынша (бөлу немесе созу) топтайды. Мақта талшықтарын және оның химиялық талшықтармен қоспасын өңдеуге арналған мақта иіру өндірісінде, иірудің төрт жүйесі қолданылады – кардты, тарақты, меланжды және аппаратты. Иірудің меланжды жүйесінде иірімжіптерді сұрып және боялған талшықтар немесе әртүрлі түсті талшықтар қоспасынан өндіреді. Иірудің аппаратты жүйесі бойынша сызықтық тығыздығы жоғары төмен сортты мақтадан және қалдықтардан иірімжіптерді өндіреді. Иірудің кардты жүйесінде талшықты материалдарды тарау, қалпақшалы кардты тарау машинасында, ал өнімнің жұқаруы – созу аспаптарында жүзеге асырылады. Иірудің тарақты жүйесінде талшықтарды тарау мерзімді қозғалыстағы қалпақшалы кардты тарау және тарақты тарау машиналарында, ал өнімнің жұқаруы – созу аспаптарында жүзеге асырылады. Таза жүн және талшықтардың жартылай жүнді қоспасын өңдеуге арналған жүн иіру өндірісінде иірудің үш жүйесін қолданады – аппаратты, тарақты және жартылай тарақты. Иірудің аппаратты жүйесінде талшықтарды тарау – білікті кардты тарау машиналарында, ал жартылай дайын өнімді жұқарту, бөлу әдісімен – кардты тарау аппараттарының созба кареткаларында және созу – иіру машиналарында жүзеге асырылады. Зығыр иіру өндірісінде шикізат қасиеттеріне және иірімжіптің белгілеуіне байланысты, оны иірудің әртүрлі жүйесі бойынша өндіріледі: ұзын зығырды иіру жүйесі, тарамды, тарамды-тарақты және аппаратты. 7 Барлық талшықтардың түріне арналған иіру өндірісінің құрылымы бірдей болып келеді. Иіру өндірісі үш негізгі кезеңнен тұрады: - иіруге текстиль талшықтарын дайындау – таспаны дайындау; - алдын-ала иіру – созбаны дайындау; - иіру – иірімжіпті дайындау. Матаның немесе трикотаж жаймаларының басты элементіне жіп жатады. Құрылымы бойынша текстиль жіптерін иірімжіпке, комплексті жіптерге және моножіптерге бөледі. Бұл жіптерді бастапқы деп айтады. Иірімжіп дегеніміз – салыстырмалы қысқа талшықтардан тұратын, ширату немесе желімдеумен байланысқан және белгілі төзімділігі мен тегістілігі бар, белгісіз үлкен ұзындықтағы және аз көлденең қималы жіптерді айтады. Иірімжіптер қарапайым, фасонды, әрмірленген болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет