Дидактикалық қағидалар оқу мен тәрбие жұмысын қалай жүзеге асыруды
және жетілдіруді қамтамасыз ететін нұсқауларды басшылыққа алады.
Математиканы оқытуда басшылыққа алатын негізгі дидактикалық
қағидаларға жататындар :
1) Математиканы оқытудың ғылымилық қағидасы.
2) Математиканы оқытудың тәрбиелеу қағидасы.
3) Математиканы оқытудың көрнекілік қағидасы.
4) Математикадағы саналылық пен белсенділік қағидасы.
5) Математиканы оқытудағы білімнің берік болу қағидасы.
6) Математиканы оқытудың жүйелілік және реттілік қағидасы.
7) Математиканы оқытудың түсініктілік қағидасы.
Рационал сандар және олардың қасиеттері
Рационал сан[1] — түріндегі сан, мұндағы m және n — бүтін сандар (n-0). m бүтін санын түрінде жазуға болатындықтан, барлық бүтін сандар рационал сан болып есептеледі. Рационал сандар алгебр. өріс құрайды, өйткені рационал сандарға қосу, азайту, көбейту және бөлу (нөлден басқа бөлгішке) амалдарын қолданғанда рационал сан шығады. Рационал сандарға амалдар қолдану мына формулалар арқылы беріледі:
Рационал Санды ондық бөлшек немесе шекті және шексіз периодты ондық бөлшек түрінде жазуға болады.
3-билет Мектеп математика курсының жалпы орта білім беру жүйесіндегі мəні мен маңызы. Математиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері.
«Математиканы оқыту әдістемесі» курсы математиканың оқу пәні ретіндегі өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, дидактиканы нақтылай түседі, психологиялық-дидактикалық негізде жалпы әдістемелік идеяларды, қағидалар мен нұсқаулықтарды жасайды, сонымен қатар осы білімдерді мектеп математика курсының нақты тақырыптарын оқып-үйренуде қолданудың жолдарын айқындайды. Курс негізінен алғанда, Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы жалпы білім беретін мектептерінің математика пәні мұғалімдерінің кәсіби дайындығының қазіргі қоғамның әлеуметтік сұранысын қанағаттандыратындай сапалық деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған.
Жалпы алғанда, «Математиканы оқыту әдістемесі» курсы болашақ математика пәні мұғалімдерін оқушыларға сапалы математикалық білім беруге дайындау болып табылады. «Білім беру» ұғымы философияда, психологияда және педагогикалық ғылымда жиі қолданылатын ұғым болып табылады. Білім беру-алдыңғы ұрпақтың кейінгі ұрпаққа әлеуметтік тәжірибелерді тұрақты түрде жеткізіп отыру үрдісі. Қазіргі заманғы білім беру оқушыға көңіл аударуды, оның өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі тануын күшейтумен, жалпыадамзаттық білімдерді берумен, оқушының қоршаған ортаға және өзіне көңіл аударуымен, оның өмірде өз орнын іздеуімен және табуымен сипатталады. Педагогикада және әдістемелік ғылымдарда «Білім беру» ұғымымен тығыз байланысты оның синонимі болып табылатын
«Оқыту» ұғымы да жиі пайдаланылады.
Курстың мақсаты: білім алушыларды жалпы білім беретін мектептерде математиканы оқытудың нақты жағдайларында туындайтын оқу-әдістемелік міндеттерді кәсіби тұрғыда шешуде қажет болатын білім, білік, дағды және құзіреттіліктер жүйесімен қаруландыру.