1-билет Математиканы оқыту әдістемесі курсының мақсаты, міндеттері, пəні жəне оның басқа оқу пəндерімен байланысы



бет4/12
Дата22.05.2023
өлшемі88,62 Kb.
#95801
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Дәрістер курсы
№1 дәріс. «Математиканы оқыту әдістемесі» оқу пәні ретінде.
Қарастырылатын мәселелер:


  1. Курстың мақсаты, міндеттері, пәні және басқа оқу пәндерімен байланысы.


  2. Математика пәні мұғалімінің кәсіби дайындығы.


  3. Математиканы оқытудың дидактикалық принциптері.


  4. Математиканы оқытудың әдістемелік жүйесі және оның негізгі компоненттерінің сипаттамасы.





Дәрістің қысқаша мазмұны
«Математиканы оқыту әдістемесі» курсы математиканың оқу пәні ретіндегі өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, дидактиканы нақтылай түседі, психологиялық-дидактикалық негізде жалпы әдістемелік идеяларды, қағидалар мен нұсқаулықтарды жасайды, сонымен қатар осы білімдерді мектеп математика курсының нақты тақырыптарын оқып-үйренуде қолданудың жолдарын айқындайды. Курс негізінен алғанда, Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы жалпы білім беретін мектептерінің математика пәні мұғалімдерінің кәсіби дайындығының қазіргі қоғамның әлеуметтік сұранысын қанағаттандыратындай сапалық деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған.
Жалпы алғанда, «Математиканы оқыту әдістемесі» курсы болашақ математика пәні мұғалімдерін оқушыларға сапалы математикалық білім беруге дайындау болып табылады. «Білім беру» ұғымы философияда, психологияда және педагогикалық ғылымда жиі қолданылатын ұғым болып табылады. Білім беру-алдыңғы ұрпақтың кейінгі ұрпаққа әлеуметтік тәжірибелерді тұрақты түрде жеткізіп отыру үрдісі. Қазіргі заманғы білім беру оқушыға көңіл аударуды, оның өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі тануын күшейтумен, жалпыадамзаттық білімдерді берумен, оқушының қоршаған ортаға және өзіне көңіл аударуымен, оның өмірде өз орнын іздеуімен және табуымен сипатталады. Педагогикада және әдістемелік ғылымдарда «Білім беру» ұғымымен тығыз байланысты оның синонимі болып табылатын
«Оқыту» ұғымы да жиі пайдаланылады.
Курстың объектісі: Математика мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес әдістемелік-математикалық білім,білік,дағдылар мен құзыреттіліктерді қалыптастыру барысы.
Курстың пәні: болашақ математика мұғалімінің математиканы оқыту әдістемесінен білім, білік, дағды және құзыреттіліктерін қалыптастыру барысы.
Курстың мақсаты: білім алушыларды жалпы білім беретін мектептерде математиканы оқытудың нақты жағдайларында туындайтын оқу-әдістемелік міндеттерді кәсіби тұрғыда шешуде қажет болатын білім, білік, дағды және құзіреттіліктер жүйесімен қаруландыру.
Курстың міндеттері:



  • математиканы оқыту барысындағы педагогикалық үдерістің оқушыларды дамытудың құралы мен факторы ретіндегі мән-мағынасын, заңдылықтарын, тенденденциялары мен даму болашағын оқып-үйрену;

–жалпы білім беретін мектепте математиканы оқытудың әдістемелік жүйесінің негізгі компоненттерін оқып-үйрену;

  • математиканы оқытудың педагогикалық үдерістің жалпы әдіснамасынан туындайтын әдістерін, мазмұнын, құралдары мен формаларын іріктеумен байланысты ғылыми түсініктерді қалыптастыру;

  • математиканы оқыту үдерісінің мазмұны мен оны ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық негіздерін оқып-үйрену;

  • математиканы оқыту барысында техникалық құралдар мен заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың мүмкіндіктері мен тәсілдерін оқып-үйрену;

-мектеп математика курсын ізгілендірумен, саралаумен және оқу үдерісін ұйымдастырудың әрекеттік және технологиялық амалдары тұрғысынан алғандағы математиканы оқытудың қазіргі заманғы бағыттары туралы түсініктерді қалыптастыру;
–білім алушылардың математика мұғалімінің кәсіби қызметінің негізгі түрлерін жүзеге асыруда қажет болатын тұлғалық және зияткерлік сапаларын дамыту.



  1. Нақты сандар және олардың қасиеттері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет