Функциядегеніміз бір айнымалыға басқа бір айнымалының бір мәнің сәйкес қоятын тәуелділік, заң. Мысалы y = x + 1 функциясы әрбір x-ке y-тің x+1 мәнің сәйкес қояды.
8-билет
Математикалық терминдер мен символдар. Математикалық сөйлемдер. Аксиомалар.
Түзулер мен жазықтықтардың кеңістіктегі орналасуы.
Үш өлшемді кеңістіктегі ең қарапайым және ең негізгі геометриялық фигуралар нүкте, түзу және жазықтық болып табылады.
24-билет Қазіргі заманғы математика сабағы.
Оқытудың ақпараттық технологиялары – ол компьютердің көмегімен білім алушыға ақпаратты дайындау және беру үдерістері.
Сабақ АКТ-ны қолданумен өту үшін не істеу керек?
Біріншіден, құрал-сайман, кем дегенде бір компьютер, оқытушының идеалды түрде автоматтандырылған жұмыс орны, оқушылардың бірнеше жұмыс орны, видеопроектор және интерактивті тақта.
Екішіден, компьютерде жұмыс істеу дағдысы бар мұғалім мультимедиялық проектор ережелерімен және интерактивті тақтамен таныс болуы қажет.
Үшіншіден, білім беру өнімдері бар цифрлық компакт-дискілер болуы қажет.
Тәжірибе көрсеткендей, компьютерлік жүйе қолданылатын сабақтар мұғалімнің орнын баспайды, керісінше, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты неғұрлым мазмұнды, жеке тұлғалы және әрекетті етеді. Электрондық құралдарды математика сабақтарында қолдану уақытты үнемдейді, оқушылардың түрткісін (мотивациясын) және оқу-танымдық үдерістің тиімділігін арттырады.
Мұғалім – сабақтағы әрекет етуші негізгі тұлға. Сондықтан компьютер мен мультимедиалық құралдарды тек оқытудың инструменті (құрал-сайманы) ретінде ғана қарастыру керек. Бұл инструменттің көмегі маңызды.
АКТ-ны математика сабақтарында қолдану көрнекіліктің және жұмыстың тез орындалуы (жазбаша жұмыстың болмауы) арқасында материалды игеруге уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Интерактивті режимде оқушылардың білімдерін тексеру оқытудың тиімділігін арттырып, тұлғаның барлық потенциалын, танымдық, моральды-адамгершілік, шығармашылық, коммуникативтілік және эстетикалық мүмкіндіктерін іске асыруға көмектеседі, оқушылардың зияткерлігін, ақпараттық мәдениетін дамытуға әсер етеді.
Оқу үдерісінде электрондық оқыту бағдарламаларын дәстүрлі оқыту әдістерді педагогикалық инновациялармен ұштастыру арқылы жүйелі түрде қолдану дайындық деңгейлері әртүрлі балаларды оқытудың тиімділігін біршама көтереді.
Алгебра, геометрия, математика сабақтарын цифрлы білімдік ресурстарын қолданып өткізудің мынадай әдістері болуы мүмкін.
Көпжақтар. Көпжақты бұрыштар жəне көпжақтардың түрлері.
Көпжақ, үш өлшемді кеңістікте – бірнеше (шектеулі) жазық көпбұрыштан құрылған геометриялық бет. Көпжақ құрамындағы көпбұрыштың әрбір қабырғасы оған іргелес екінші көпбұрыштың да қабырғасы болып саналады. Ал әрбір көпбұрыштан іргелес көпбұрыштар арқылы кез келген көпбұрышқа өтуге болады. Жазық көпбұрыштарды көпжақтың жақтары деп, екі көпбұрыштың ортақ қабырғасын көпжақтың қырлары деп, ал көпбұрыштардың төбелерін көпжақтың төбелері деп атайды.
25- билет Математиканы оқыту əдістемесі педагогикалық ғылым ретінде
Орта мектепте математиканы оқытудың негізгі мақсаттарына: жалпы білім беру, дамыту, тәрбиелеу (тәрбиелік), теориялық білімдерді практикада қолдана білу (практикалық) мақсаттары жатады.
Математиканы оқытудың жалпы білімділік мақсаттары:
- математикалық ұғымдарды қалыптастыру,
- нақты дәлелдерді, құбылыстарды, тәжірибелерді ұғындыру,
- формулаларды дәлелдей білуді үйрену,
- ұғымдардың анықтамасын, заңдарын, оқылуын, теорияның негізін оқыту,
- оқушыларды ғылым негізімен таныстыру,
- оқушыларды нақты өмірді ұғынудың математикалық әдістерін меңгеруге үйрету,
- оқушыларды математикалық тілде сөйлеу және жазу мәдениетіне үйрету7