1-билет Механикалық қозғалыс. Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыс. Жылдамдық



бет11/35
Дата06.01.2022
өлшемі119,78 Kb.
#15616
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35
Байланысты:
физика билет

10-билет

1. Ядролық реактор. Термоядролық реакция

Қазір көптеген елде ядролық реактор қолданылуда. Олар практикалық мақсаттарда, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданылумен қатар, АЭС-да қолданылады. Ядролық реактордың негізгі бөлігін белсенді аумақ құрайды. Белсенді аумақ жылу шығарғыш элементтер деп аталатын ядролық отынмен толтырылған таяқшалардан, оларды айнала қоршап тұрған графит тежегіштерден тұрады. ЖШЭ-ді айнала жылу тасығыш сұйықтар ағып өтетін түтіктер орналасқан. Нейтрондардың сыртқы ортаға ұшып шығуын азайту үшін белсенді аумақты нейтрон қайтарғышпен қаптайды. Ал оның сыртын болат сауытпен, бетон қорғанмен қаптайды. Тізбекті реакцияны басқару үшін басқарушы және апаттық таяқшалар орналастырылған.



Жеңіл элементтерді (сутек, гелий, литий, т. б.) жүздеген миллион градусқа дейін қыздырғанда, олардың бейтарап атомдары тұтастығын жойып, ядролар мен электрондарға ыдырайды. Нәтижесінде оң зарядты ядролардан, теріс зарядты электрондардан тұратын ерекше орта — жоғарғы температуралық плазма пайда болады. Мұндай плазмада ядролар кулондық тебіліс бөгетін (барьерін) жеңе алатын кинетикалық энергияға ие болады:

Ek= мұндағы k—Больцман тұрақтысы; Т—плазманың температурасы

Миллиондаған градус температурада жүзеге асатын ядролық бірігу реакциясы термоядролық реакция немесе термоядролық синтез деп аталады.

Жер бетінде термоядролық реакция алғаш Қазақстанда Семей полигонында 1950ж. сутек бомбасын жару арқылы жүзеге асты.

2. Булану және конденсация. Қаныққан бу. Ауаның ылғалдылығын өлшеу.

Сұйықтың буға айналу құбылысы булану деп аталады. Булану процесінде сұйықтың бетінен ұшып шыққан молекулалардан бу түзіледі. Сұйықтың температурасы неғұрлым жоғары болса, булану соғұрлым тез жүреді.

Будың сұйыққа айналу құбылысы конденсация деп аталады. Мысалы, кешке таман шық түсуі.

Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын буды қаныққан бу деп атайды. Мысал: жабық ыдыста судың булануы. Сұйықтан қанша бөлшек бу ретінде ұшып шықса, сол уақыт ішінде ол конденсацияланып қайта оралады.

Ауадағы су буы р қысымның берілген температурадағы рқ қаныққан бу қысымына қатынасының пайызбен өрнектелген шамсын ауаның салыстырмалы ылдалдылығы деп атайды: = Атмосфералық ауаның салыстырмалы ылғалдылығы неғұрлым аз болған сайын, судың булануы тезірек жүреді.



Бу қаныққан күйге өтіп конденсацияланған және салыстырмалы ылғалдылығы 100%-ға тең болған кездегі температураны шық нүктесі деп атайды. Ауадағы су буының шық нүктесін Ламбрехтің конденсациялық гигрометрімен анықтайды.

3. Берілгені: Шешуі:

R=100м a= a=

U=36км/сағ=10м/с

Табу керек: Жауабы:

а ц.т.=?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет