1-билет Механикалық қозғалыс. Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыс. Жылдамдық


-билет 1. Реактивті қозғалыс. Жердің жасанды серіктері



бет35/35
Дата06.01.2022
өлшемі119,78 Kb.
#15616
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
физика билет

24-билет

1. Реактивті қозғалыс. Жердің жасанды серіктері.

Дененің бір бөлігі одан қандай да бір жылдамдықпен бөлініп шыққан кездегі қозғалысы реактивті қозғалыс деп аталады.

1957ж. 4 қарашада алғаш жасанды жер серігі ұшырылды. 1961ж. Юрий Гагарин ғарышқа аттанды. Одан бөлек елімізден Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов ғарышқа сапар шеккен болатын.

U2=-

Бүгінде мыңдаған жасанды серіктер Жерді айналуда. Зымырандардың көмегімен орбитаға шығарылған серіктер сол алған жылдамдық есебінен орбиталар бойымен қозғалады.

Жер бетіне жанама бойымен лақтырылған дене ауырлық күшінің әректінен Жерді айнала дөңгелек орбита бойымен қозғала алады.

Бүкіләлемдік тартылыс күші әрекетінен дененің дөңгелек орбита бойымен қозғалысы жүзеге асатын жылдамдық бірінші ғарыштық жылдамдық деп аталады.

Парболалық траекторияға сәйкес келетін жылдамдық екінші ғарыштық жылдамдық деп аталады. U2=11,2км/с



2. Толқындық қозғалыс. Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары.

Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бір бөлшегіне таралу процесі механикалық тоқын деп аталады.

Бөлшектерінің тербелісі толқынның таралу бағытына перпендикуляр бағытта жүзеге асатын толқынды көлденең толқын деп атайды. Бөлшектерінің тербелісі толқынның таралу бағытында жүзеге асатын толқынды бойлық толқын деп атайды.

Толқын ұзындығы λ – Т периодқа тең уақыт аралығында толқын таралатын арақашықтық. Басқаша, толқын ұзындығы деп толқын ішіндегі бірдей қозғалатын және тепе-теңдік күйінен ауытқулары да брдей болатын бір-біріне ең жақын жатқан екі нүктенің арақашықтығын айтамыз.

Толқын ұзындығының λ бөлшектердің тербеліс периодынаТ қатынасы арқылы анықталатын физикалық шама толқын жылдамдығы деп аталады: U=

Тербеліс жиілігі 16Гц-тен 20000 Гц-ке дейінгі механикалық толқындар адамда дыбыс әсерін туғызады. Сондықтан оларды дыбыс немесе акустикалық толқындар деп атайды.

Жиілігі 20000Гц-тен жоғары тоқындар ультрадыбыстар, 16Гц-тен төмен толқындар инфрадыбыстар деп аталады. Дыбыстың ауада таралу жылдамдығы 330 м/с

Дыбыс қаттылығы дыбыс шығаратын дененің тербеліс амплитудасымен анықталады.Дыбыстың қаттылығының деңгейін өлшеу үшін логарифмдік шкала бектіліген. Қаттылықтың бірлігі Дб. 1бел-10Дб

Дыбыс биіктігі тербеліс жиілігімен анықталады, яғни тербеліс жиілігі үлкен болса, тон да биігірек болады.

Тембр – адамның дауысына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы.



Кендірбаева Аяжан
Физика пәнінен

экзамен билеттері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет