2-билет
1. Температура. Температураны өлшеу.
Температура-дененің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама.
Жылу алмасу – екі дене жанасқанда жылу берілу жолымен жылу энергиясының қаттырақ қыздырылған денеден азырақ қыздырылған денеге өту процесі.
Дененің температурасын термометрмен өлшейді. Температураны өлшеу үшін сынап, спирт сияқты термометрлік заттар қолданылады.
Термометр – өзімен жылулық байланыста болатын дененің температрасын өлшеуге арналған құрал.
Термометрдегі шкаланы 100 бөлікке бөлсек, соның біреуі градустар деп аталады. Осылай анықталған температуралық шкаланы оны ұсынған швед ғалымы Цельсийдің есімімен Цельсий шкаласы деп атайды.
АҚШ-та, Англияда Фарангейт температуралық шкаласы қолданылады. Бұл шкала бойынша су 32°F-те қатады, 212°F-те қайнайды.
Әлемдегі ең төменгі шектік температура -273,15°С-қа тең. Ол температураның абсолют нөлі деп аталады.
Халықаралық бірліктер жүйесінде температуралардың абсолюттік термодинамикалық шкаласы- Кельыин шкаласы қабылданған. (К) (-273,15К – 373К)
Т=(t+273)K t=(T-273)°C
2.Дененің еркін түсуі. Еркін түсу үдеуі.
Галилей 1583ж. Пиза қаласындағы биіктігі 58м биік көлбеу мұнара үстінен диаметрлері бірдей ауыр және жеңіл шарларды бір мезгілде тастап, олардың жерге шамаменн бір уақытта келіп түсетінен көз жеткізіп, мынадай қорытынды жасайды:
Ауасыз кеңістікте барлық денелер бірдей түседі.
Енді Галилей бұны ауасыз кеңістікте дәлелдей алмағандықтан, Оны 80 жыл өткен соң Ньютон дәлелдеді.
Ортаның кедергісі болмаған кездегі денелердің түсуі – еркін түсу деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |