П. САФАРДЫҢ ҮШ ҚҰРАМДЫ ӘДІСІ Іс-әрекет алгоритмі: 1. Басты шалқайту: тыныс жолдарын түзету үшін – реаниматор бір қолын зардап шегушінің маңдайына қойып, басын толық артына қарай шалқайғанша алақанымен басады, ал екінші қолымен мойынын артынан көтереді.
2. Төменгі жақ сүйегін алға қарай жылжыту: тілдің артқа қарай түспеуін алдын алу үшін – саусақтардың ұштарын иек астына, орналастырып, көтеріңіз, жоғарғы және төменгі тістер сәйкестендірілулері керек. 1-ші саусақты алдынғы тістердін негізінен төмен ұстаңыз, 2-ші саусақ иек асты аймағынан, 3-5 саусаусақтармен төменгі жоқ сүйегін бекітіңіз. Төменгі жақты төмен ығыстырып алдына қарай жылжытыңыз. Екінші қолдын алақаны зардап шегушінің мандайында тұрады.
3. Ауызды ашыңыз: зардап шегушінің тыныс жолдарына ауаны үрлеу үшін.
Барлық бұл әдістер ауыз қуысынын түбіндегі бұлшық еттің тартылуын қамтамасыз етеді, сонын есебінен тіл бекітіліп, артқа қарай кетпейді.
В ережесі. Өкпенің жасанды вентиляциясы Өкпеге жасанды вентиляцияны жүргізгенде келесі ережелерді сақтайды:
1. Зардап шегушінің өкпесі мен реаниматордың өкпесі жүйелеріне саңлаусыздықты қамтамасыз ету қажет.
2. Вентиляциялауға сәйкесті тұрақты бақылау кеуде торының дем алуда көтерілуін және дем шығаруды түсіңін бақылау, дем шығарғаны өкпеден ауанын қозғалуын қабілеттігі естушілікпен қабылдау.
3. Есіңізде болсын, тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз еткенде вентиляция болады.
ӨКПЕНІҢ ЖАСАНДЫ ВЕНТИЛЯЦИЯСЫН «АУЫЗДАН АУЫЗҒА» ЖАСАУ ӘДІСІ Мақсаты: құтқарушыдан (реаниматордан) деммен шығатын ауаны зардап шегушінің өкпесіне енгізу.
Қолдану көрсетілімдері: клиникалық өлім (П. Сафардың үш құрамды әдісін қараңыз).
Іс-әрекет алгоритмі: - бір қолдың алақаны қырымен мандайын баса отырып, зардап шегушінің басын шалқайтылған қалыпта ұстаңыз;
- осы қолдың үлкен (І) және сұқ (ІІ) саусақтарымен зардап шегушінің мұрнын қысыңыз;
- екінші қолыңызбен иекті басыңыз зардап шегушінің ауызы ашылады, ауызына орамалды немесе салфетканы жабыңыз;
- терең демді ішке алыңыз, өзіңіздің ерінінізбен зардап шегушінің еріндерін тығыз және саңылаусыз қамтып алыңыз, салфетка арқылы өз өкпеніздегі барлық ауаны зардап шегушінің тыныс жолдарына жігерлі үрлеңіз, сонан соң өзінін басын қырына бұрады, ауызынан алғанда пассивті дем шығарылуы болады. Кеуде торы көтерілуі қажет. Келесі демді ішке алуды зардап шегушіге кеуде торы түскенде және алғашқы қалыпқа келгенде жасалады.