ӨКПЕНІҢ ЖАСАНДЫ ВЕНТИЛЯЦИЯСЫН «АУЫЗДАН МҰРЫНҒА» ЖАСАУ ӘДІСІ - зардап шегушінің мандайындағы қолыңызбен, басты артқа қарай шалқайтыңыз, ал екінші қолмен төменгі жақ сүйегін алға қарай жылжытып иекті тартыңыз зардап шегушінің ауызы жабылады;
- терең демді ішке алып, зардап шегушінің мұрнын еріндермен қамтып, демді шығарыңыз.
Ересек адамдарға өкпенің жасанды вентиляциясы минутына 12 рет дем алу жиелігімен жасалады ерікті дем алу пайда болғанша немесе «жедел жәрдем беру машинасы» келгенше немесе биологиялық өлімнің белгілері көрінгенше зардап шегушінің өкпесіне әрбір 5 секунд сайын үрлеу жасау керек.
С ережесі. Ересек адамдардың жүрегіне сырттай массаж жасау
Жүрекке массаж жасау жұмыс жасамайтын жүрек жағдайында қан айналымын қалпына келтіруге бағытталған. Төс пен омыртқа арасындағы жүректі дұрыс қысу нәтижесінде, оның қуысындағы қан, қан жүретін тамырларға итеріп шығарылады. Төске қысуды тоқтатқаннан кейін, кеуде торы иілмелі күшімен қайта жазылып және қан қайтадан жүректі толтырады.
Мақсаты: жүрек қызметін, қан айналымын қалпына келтіру.
Қолдану көрсетілімдері: клиникалық өлім.
Іс-әрекет алгоритмі: 1. Зардап шегушіні шалқасынан қатты жерге жатқызыңыз.
2. Онан қысып тұрған киімін (көйлегін) шешіңіз, жүрек аймағын жалаңаштаңыз, белдікті босатыңыз.
3. Реаниматор зардап шегушіден қырына тұрады.
4. Зардап шегушінің кеуде торы жанынан тізелеп тұрып, төс сүйегінін төменгі үштен бір бөлігіне тіке ұстаған қолыңызды перпендикулярлі қойыңыз.
5. Өзіңіздің иығынызды оның төс сүйегіне паралельді орналастырыңыз.
6. Төстін төменгі үштен бір бөлігіне бір алақанға екінші алақанды, саусақтарды сәл жоғары көтере отырып қойыңыз. Зардап шегушінің кеуде торына сауқсақтарыңыз жанаспау керек – қолдарыңыз «ұшып бара жатқан құстын қанатындай» қалыпта болады.
7. Шынтақ буынынан қолыңызды толық түзетіңіз.
8. Төс сүйегінін төменгі үшінші бөлігін дене салмағы күшін пайдалана отырып, оны 5-6 см омыртқаға қарай ығыстырып 0,5 секунд үзіліспен жігерлі, итеріп, қатты басыңыз.
9. Үзілісте қолды төстен алмайды, саусақтары көтерінкі қалады, шынтақ буынынан қолдары толық түзетіледі.
Есте сақтаңыз! Кеуде торын қысу, оның толық тоқтауымен алмасуы қажет, жүрек қанмен толуы қажет. Ересек адамдарда қысу жиелігі минутына 60-80 соққы құрастырады.
Кеуде торын қысқаннан соң ауа жіберілуі қажет.
Егерде реанимацияны 1 адам жүргізсе, онда өкпеге 2 рет үрлеу және төске 15 компрессия (басу) жасайды. Екі манипуляцияны бір және сол жағынан жүргізеді.
Егерде реанимацияны 2 адам жүргізсе, онда өкпеге 1 рет үрлеу және төске 5 компрессия (басу) жасалады.