1. Онкологиялық науқастарды оңалту түрлері жəне оларды жүзеге асыру принциптері
2. Мейіргерлік үрдіс туралы түсінік
Жауап
1. Онкологиялық ауруларды сауықтыру шаралары
Қатерлі ісікті заманауи талапқа сай ерте анықтау тәсілдерін біршама жетілдірудің күрделі
Ем тәсілдерін (хирургилық, сәулелік, химиотерапиялық ем тәсілдерін жеке, қабаттастырылып,
Кешенді түрде) кең қолданудың арқасында науқастанған адамдардың өмір сүру мерзімі елеулі
Ұзарып, диспансерлік бақылауда тұрған адамдардың саны жылдан-жылға көбеюде. Күрделі
Ем тәсілдерінен кейін көптеген науқастардың әртүрлі ағзаларының қалыпты жағдайдағы
Атқаратын қызметтері бұзылады, әртүрлі сатыдағы мүгедектікке ұшырайды, кейбірі болашағын,
Отбасы жағдайын, атқарып жүрген қызметінің бабын, әлеуметтік мәртебесін ойлап, көңіл-күйі
Мазасыздыққа ұшырайды, тіпті қауіп-қатер дабылы қалыптасады. Осыған орай қатерлі ісік
Ауруы алғашқы рет анықталған сәттен бастап оларға медициналық, еңбекке жарамдылық,
Әлеуметтік шараларды қолданып, науқастанған адамның денсаулығын жақсарту, мүмкіндігінше
Қалыпты жағдайда өмір сүруіне бейімдеу онкологиядағы сауықтыру саланың негізгі міндеті.
Оны іс жүзіне асыру үшін әртүрлі мамандықтағы дәрігерлер, психологтар, кәсіподақ пен
Әлеуметтік саласының қызметкерлері қатысады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімі бойынша, онкологиялық ауруларды
Сауықтыру шаралары үш тұрғыда жүзеге асырылуға тиісті. Олар:
1. Медициналық
2. Кәсіби
3. Әлеуметтік
І. Медициналық тұрғыда сауықтыру — ол үш кезеңге бөлінеді. Олар:
Бастапқы кезең;
- Емханада емдеу, қолданылған емнен кейін пайда болған әртүрлі асқынулар мен
Кемтарлықтардан оңалту, науқасты емханадан шыққаннан кейінгі қалыпты өмір сүру үрдістеріне
Бейімдеу кезеңі;
Емделіп ауруханадан шыққаннан кейінгі кезең.
Әр кезеңдерде науқасқа қолданылатын сауықтыру шаралары әртүрлі бағыттарда жүргізіледі.
Бірінші кезең қатерлі ісік ауруы алғашқы рет анықталған сәттен басталады. Қатерлі ісік- Бүкіл дүниежүзіндегі халықтарды үрейлендіретін дерт. Бұл дерттен толық жазылып кеткен
Адамдардың саны осы күнге дейін төменгі деңгейде. Сондықтан науқастанған адам қатты жан
Күйзелісіке түседі. Осыған байланысты ауруының жағдайын алғашқы рет хабарлаған дәрігер
Науқастың рухани сезіміне байыппен қарап, оңтайлы әсер қалыптастыруға тырысуы керек
Және білікті мамандары мен заманауи талаптарға сай қатерлі ісікке қарсы қолданылатын құрал-
Жабдықтарымен безендірілген онкологиялық мекемеге жолдама берулері керек. Неғұрлым
Тез арада шипалы ем қолданылса, соғұрлым науқасынан жазылып кетуге мүмкіншіліктің бар
Екендігіне сенім ұялатуы ләзім.
ІІ. Емдеу кезеңі. Ауруханаға келгеннен кейін науқасты емдеуге дайындалып жатқан немесе
Күрделі емді асқынусыз қабылдаған аурулардың бөлмесіне орналастыру керек. Ауруханалық
Жағдайда емдеуші дәрігер науқастан ісіктің ағзадағы орнынан, даму сатысын, морфологиялық
Тұрғыда пісіп-жетілу дәрежесін, науқаста ісіктен басқа негізгі дене мүшелерінің (жүрек, Өкпе, бауыр, бүйрек, қан құрылымы) атқаратын қызметтерінде деректі бұзылыстардың бар Немесе жоқтығын анықтап, шипалылық қасиеті жоғары ем тәсілін қолдануға қатынасатын Мамандармен бірге емдеу тәсілін жоспарлайды. Қолданылатын ем кезінде асқыну үрдісінен Сақтану шараларына баса көңіл бөлінеді. Қатерлі ісікке қолданылатын ем тәсілдері (хирургиялық, сәулелік емдерді, полихимиотерапияны жеке немесе құрастырып, кешенді Тәсілмен қолдану) күрделі, әсіресе түбегейлі тұрғыда қолданылатын хирургиялық операция. Емделген науқастардың бірқатарында ісік орналасқан ағзаның қызметі бұзылып, мүгедектікке, Кемтарлыққа ұшырайды. Сондықтан ауруханалық жағдайда науқасқа әртүрлі оңалту, сауықтыру Қолданып, қалыпты жағдайда өмір сүруіне бейімдеу керек. Мысалы, сүйек саркомасына аяқ Мүшелеріне ампутация жасаған науқасқа алдымен балдақ арқылы жүруге бейімдеп, кейін Протездеу жоспарланады. Сүт безі рагына кеңейтілген мастэктомия жасағаннан кейін қолтық Астының веналық, лимфалық тамырлары қысылып, аталмыш тамырлар арқылы қанның жүруі Әуелгі кезде баяулайды. Осының салдарынан қолтық астынан төмен орналасқан жұмсақ тіндер Ісінеді, қолдын функциялық қызметтері бұзылады. Сондықтан операцияны жасау барысында Алдын-ала аталмыш асқынуды болдырмайтын әдіс қолданылады. Сайып келгенде, емделген Науқастарды қабылдаған ем тәсілдерінен кейін пайда болған ағзалардағы бұзылыстарының Түріне, ауырлығына байланысты әртүрлі оңалту, сауықтыру шараларын аурухана жағдайында Бастап, келесі кезеңге дайындау жұмыстары жүргізіледі.
ІІІ. Ауруханадан шыққаннан кейін қолданылатын сауықтыру шаралары. Кешенді тұрғыда әртүрлі мамандықтағы дәрігерлер (емханалық онколог, бөлімшелiк Дәрігерлер, диетологтар, емдік денешынықтыру т.б.) және психиатрлар іске асырады. Онкологтар Мен бөлімшелiк дәрігерлер бірге отырып, әрбір науқасты ұқыптылықпен диспансерлік Бакылауға алады. Олар науқасына қарсы қолданған негізгі емнен басқа денсаулықты бұрынғы қалпына келтіру немесе пайда болған кемтарлықты жеңілдету үшін қосымша ем тәсілдерін қолданады.
2. Мейіргерлік үрдіс туралы түсінік
Мейіргерлік үрдіс бұл адамның денсаулығына байланысты әмбебап қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған пациенттерге жүйелі күтімді ұйымдастырудың және орындаудың ғылыми әдісі.
Оның 5 кезеңі бар.
Бірінші кезеңі - мейіргерлік тексеру
Бұл пациенттің денсаулығы, оның жеке басы, өмір салты туралы ақпарат жинау және алынған мәліметтерді мейіргерлік медициналық тарихта корсету.
Мейіргерлік тексерудің мақсаты- пациент туралы ақпараттық база құру.
Науқас туралы негізгі ақпарат көздері
- пациент
- отбасы мүшелері, мед.қызметкерлері, достары
- мед.құжаттама
- зерттеу деректері
- арнайы әдебиеттерге шолу.
Науқас туралы ақпарат жинау әдістері:
сұрау (анамнез жинау)
физикалық тексеру
зертханалық және аспаптық зерттеулер
психологиялық тексеру.
Екінші кезең- мейіргерлік диагностика
Мейіргерлік диагностиканың мақсаты- тексеру нәтижелерін талдау және пациент пен оның отбасы қандай денсаулық проблемасына тап болғанын анықтау.
Науқастың проблемалары:
- қазіргі таңдағы ( қазіргі уақытта науқасты алаңдатады )
- потанциалды ( уақыт өте пайда болуы мумкын )
- бастапқы ( шұғыл көмекті талап ететін проблемалар )
- аралық ( елеулі қауіп төндірмейді )
- екіншілік ( ауруға және оның болжамына тікелей қатысы жоқ).
Үшінші кезең - мейірбикелік араласуды жоспарлау
Мейіргерлік араласуды жоспарлау мақсаты: науқастың қажеттіліктеріне қарай басым проблемаларды бөліп көрсету, қойылған мақсаттарға қол жеткізу стратегиясын әзірлеу.
Жоспар - бұл күтім мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті мейірбикелік араласудың дәйектілігі мен фазалылығын көздейтін жазбаша нұсқаулық.
Үшінші кезеңнің соңында мейірбике өз іс әрекеттерін пациентпен және оның отбасымен міндетті түрде келіседі.
Төртінші кезең - мейірбикелік араласу.
Мейірбикенің мақсатты араласуы - қажетті жоспарды орындау науқасқа күтім жасау кезінде қолдан келгеннің бәрін жасау.
Науқастың қажеттіліктерін қанағаттанудырудың негізгі категориялары:
1-науқас өз-өзіне көмек көрсете алмайды.
2-науқас өзін-өзі серуендеуді ішінара жүзеге асыра алады.
3-науқас өз-өзіне көмек көрсете алады.
Мейірбикелік араласу түрлері:
- тәуелді ( дәрігердің нұсқауларын талап етеді, бірақ мейірбикенің білімі мен дағдыларын қолдану керек )
- тәуелсіз ( мейірбике өз ойларын басшылыққа алады )
- өзара тәуелді ( мейірбикенң денсаулығын сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің басқа мамандармен бірлескен қызметі ).
Бесінші кезең - нәтижені бағалау.
Бұл пациенттің мейірбикелік араласуға реакциясын талдау.
Мақсаты:қойылған мақсаттарға қаншалықты дәрежеде қол жеткзігенін анықтау.
Бағалау процесі мыналарды қамтиды:
1-мақсатқа жетуді анықтау
2-күтілетін нәтижемен салыстыру
3-тұжырымдарды тұжырымдау
4-мейірбике құжаттамасындағы белгі күтім жоспарының тиімділігі.
№10 билет
Достарыңызбен бөлісу: |