1 билет Онкологияны зерттеу пәні мен әдістері Ойылу және ойылудың алдын алу шаралары


Онкологиядағы негізгі емдеу әдістері.Онкологиядағы аралас және кешенді емдеу



бет20/30
Дата18.06.2023
өлшемі1,15 Mb.
#102117
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30
1. Онкологиядағы негізгі емдеу әдістері.Онкологиядағы аралас және кешенді емдеу
2. Паллиативті көмектің міндеттері
Жауап
Қатерлі ісіктердің химиотерапиясы – адам ағзасына арнайы химиялық препараттарды енгізу арқылы емдеу. Оның мақсаты қатерлі ісік жасушаларының өсуін жою немесе тежеу болып табылады.
Онкологияда емнің үш түрі бар: оперативті, сәулелік және химиялық терапия. Химиотерапия емнің басқа екі түрімен салыстырғанда ең жас әдіс болып есептеледі. Онкология тарихында ең алғаш хирургтың отапышағын қолданды, одан кейін 100 жыл бұрын ракты сәулемен емдеу, ал ХХ ғасырдың 40-шы жылдары химиотерапия пайда болды.
Ең алғашқы зерттеушілер американдық химик-фармакологтар Луис Гудман мен Альфред Гилман болды. Олар эмбихин атты жаңа препаратты жасады. Эмбихин адамдағы лимфоманың асқынған түрін емдеу үшін алғаш рет қолданды. Бұл қатерлі ісіктердің жылдам кішіреюіне және толық жойылуына әкелді. Осы жайт онкологиядағы нағыз жетістік болды!
Химиотерапия дамуына американдық педиатр Сидни Фарбер үлкен үлес қосты. Оны заманауи химиотерапияның әкесі деп те атайды. Өйткені ол лейкемиямен күрес үшін фолий қышқылының антагонисттерін қолданған. Бұл қатерлі ісіктерді емдеу үшін қажетті басқа да химиотерапевттік дәрілерді жасауға мүмкіндік берді. Нақты айтатын болсақ, қазіргі таңда өте жиі қолданатын метотрексат препараты жасалды.

2.Емделушінің өмір сапасын жақсартып, ауру ағымын жеңілдету қажет. Ауырсынуды басып, физикалық симптомдарды тоқтату қажет.Адамның өмір жолындағы қалыпты кезеңі ретінде өлімге деген қатынасын қалыптастыру. Әлеуметтік заңды сұрақтарды шешу. Науқасты азаптан құтқару, ауырсынуды басуға көмектесу. Дәрі дәрмекпен химия терапиялық ем беріп, науқас өмірін ұзартуға көмектесу.Паллиативтік науқас отбасымен жұмыс жасау, қажетті гигиеналық әдістерді үйрету, түсіндіру, оқыту психологиялық көмек беру.



18 билет
1. Онкологиялық науқастарға күтім жасаудың жалпы принциптері
2. Онкологиялық аурулармен күрес
Жауап
1. Онкологиялық науқастарға күтім жасаудың жалпы принциптері
Паллиативтік көмекті және мейірбике күтімін көрсету үшін науқастарды ауруханаға жатқызу үшін мыналар негіз болып табылады.Науқастарға паллиативтік көмек және мейірбике күтімі стационарлық көмек және стационарды алмастыратын көмек нысанында көрсетіледі.Паллиативтік көмекті және мейірбике күтімін көрсету нысанындағы стационарды алмастыратын көмек бір күннің ішінде ұзақтығы төрт сағаттан сегіз сағатқа дейін білікті медициналық көмек және мейірбике күтімі түрінде жүзеге асырылады.Пациентке мейірбике күтімін көрсету үшін күндізгі стационардың және үйдегі стационардың орта медицина қызметкері үшін күн сайынғы күтімді жүзеге асырады.Күтім - дегеніміз науқастардың қасіретін жеңілдетіп, олардың тез жазылуын, асқынуын алдын-алып қолданатын емдік, алдын-алу шараларының, санитарлық -эпидемиологиялық тәртіптердің жиынтығы болып табылады [6,36].Кейбір науқастар бар, өздігінен қимылдай алмайтын, тамақ іше алмайтын, жуына алмайтын, төсекте қозғала алмайтын жағдайда болады. Тері қуысын, ауыз қуысын күту, дұрыс тамақтану, уақытында іш-киімін ауыстырып отыру, қиындық кезде жедел көмек көрсету (қызу котерілу, естен тану, жүрек ұстамалы ауруы), санитарлық-эпидемиологиялық тәртіп орындаудың барлығы- медициналық мекемелердің тазалығын сақтау үшін және жұқпалы аурулардың болдырмауын, таралуына жол бермеу үшін үлес қосу. Бұның бәрі бір сөзбен айтқанда «науқасты күту» немесе «мейірбикелік күтім» деп аталады.Жалпы күтім деп науқастың түріне қарамай ,емдік дәрі дәрмегін салу, тамақтандыру, күту, бөлмелерді жиыстыру т.б.Арнайы күтім деп ерекше күтім қажет ететін науқастар тобына ғана көрсетілетін шаралар, таза жара таңу, урологиялық, қуықты шаю, дренаждық түтікше жалғау, терапиялық іш қуысына және плевра қуысына пункция жасау кезінде, дәрігерге көмек көрсету. Науқасты күту мейірбикенің тікелей міндеті. Тек күтімнің кейбір лас түрлерін кіші буын медициналық қызметкерлер атқарады (бөлмелерді жиыстыру, дәрет ыдыстарын алып беру мен зәр қабылдағыштарды алып беру, науқасты санитарлық тазалықтан өткізу), бірақ емдік әдістерді қатесіз дұрыс орындау үшін мейірбике тікелей жауап береді.
Паллиативті науқастың төсекке жату тәртібі
Ұзақ төсек тартып жату тәртібі тағайындалған науқас диван мен кушеткада емес, міндетті түрде жайлы төсекте жатуы тиіс. Төсек тек науқас үшін ғана ыңғайлы емес, ол әр түрлі күтім шараларын өткізуге өте ыңғайлы болу керектігін ескерген жөн. Науқастың төсегі арнайы талаптарға сай болуы қажет. Еденнен матрасқа дейінгі ара қашықтық 60-70см болуы керек. Төсекті қозғалыс ыңғайлылығы үшін құралдарымен және баспен аяқ жақты қозғалту функцияларымен жабдықтау қажет. Төсекті ауыстыру ретін қауіпсіздікті сақтаумен, құлаудан сақтауды қадағалау қажет.Науқасқа жақсы күтім көрсету мен оның қалпын ауыстыру ыңғайлы болу үшін төсек екі жақтан тұратындай етіп орналастыру керек. Егер төсектің бір жағы қабырғаға тіреліп тұрса, ол көптеген бір жақты ісінулер, жамбас тесілу және бір жақ өкпенің нашар жұмыс жасауына акеліп соғады. Жақсы керует науқастың төсектен тұруын жеңілдетіп, оның күшін белсендіреді. Науқастың қолы сырғанамас үшін тіреуіштер, түйіндер болуы тиіс. Тізе асты көпшігі, бұлшық еттердің босаңсуын қамтамасыз етеді Науқас жүргенде, отырғанда, тұрғанда қосымша тіректі қамтамасыз етеді. Тіреуіштер науқастың дене салмағын көтеру үшін жеткілікті дәрежеде берік болуы тиіс. Тіреуіштер диаметрі 2-4 см металл немесе пластик түтікшелерден құралған. Олардың көпшілігінің беті қолдың сырғып кетпеуі үшін кедірі, бұдыры болады. Қабырға мен тіреуіш арасында ыңғайлы ұстап алу үшін бос кеңістік қалуы тиіс. Тіреуіш диаметрі науқасқа бойына сәйкес келуі тиіс. Қолдану мақсатына байланысты тіреуіштер әр түрлі болады. Тік тіреуіштер науқастың отырған қалпынан жатқызуға және кері іс-әрекет жасау үшін керек. Көлденең тіреуіштер науқастың отырған қалпынан тартылып тұруына көмектеседі. Көлденең тіреуіштер дәретхана, жуыну бөлмелерінде, палаталарда қолданады. Тіреуіштерді қолданған кезде науқас өз күшін біркелкі орналастыруы қажет. Тіреуіштерді жуынатын бөлменің қабырғаларына, дәретхана қабырғасына, жататын бөлмеге, дәлізге, ас бөлмесіне қойған жөнЖағдайы нашар, әлсіз науқастарды немесе тепе-теңдік ақтай алмайтын және тағы да басқа құлап кету қаупі бар науқастар үшін арналған [1,14].Мейірбикелер науқастың сырт киімін кигізуге көмектеседі. Науқас денесін белдік қыспас үшін оның үстіне жұмсақ қаптама кигізу керек. Науқас қозғалатын кезде бір қолымен көмекші мойынынан ұстап тұрады. Ал күтуші жанындағы көмекші науқасты екі немесе бір қолымен белдік арқылы ұстап тірейді. Бұл белбеу көмекшінің көп күшін жоймайды және жағдайды бақылауға көмегі тиеді. Белбеу науқасты тасымалдау үшін және басқа да жағдайларда да қолданылады.Дәрежесі үлкен мейірбике жас мейірбикелерге этика және деонтология тәртіптерін сақтай отырып ,паллиативті көмекті ұйымдастыру, стационар және үй жағдайындағы паллиативті күтудін ерекшеліктерінін уйретед
2. Онкологиялық аурулармен күрес

1.Біріншілік алдын алу шаралары дегеніміз – қатерлі ісік ауруларының пайда болуына әсерлерін тигізетін сыртқы және ішкі себептерді анықтап, ол себептердің


адамның дене мүшелеріне тигізетін зиянды әрекеттерін болғызбау шараларын ұйымдастыру. Ісіктің пайда болуына әсерін тигізетін себептерді эпидемиологтар, тазалық саласында жұмыс жасайтын дәрігерлер және ғылыми-тәжірибелік зертханалар іздейді де, ал анықталған сыртқы себептерді болдырмау немесе оның мөлшерін азайту, тіпті жойып жіберу шараларымен өнеркәсіп пен шаруашылық мекемелері және жергілікті әкімшіліктер шұғылданады. Мысалы, өкпе қатерлі ісігін туғызатын себептердің бірі-сыртқы ауаның әртүрлі газдармен, шаң-тозаңмен ластануы болып табылады. Осы зиянды шаң мен газдың мөлшерін азайту немесе жоқ қылу үшін өндірісте қалдыксы технологиялық жұмыс әдістерін кеңінен қолдану керек.
2. Екіншілік алдын алу шаралары дегеніміз - ісікалды ауруларды дер кезінде тауып, ондай адамдарды І «б» диспансерлік топтың есебіне алып, тиісті ем шараларын қолдану арқылы қатерлі ісіктің пайда болуына жол бермеу. Бұл жұмысты жалпы емдеу шебінде жұмыс жасайтын әртүрлі мамандықтағы дәрігерлер іске асырады.
3. Қатерлі ісікті анықтау үшін қажетті құрал-жабдықтарды тиімді пайдалана отырып, қатерлі ісікке шалдыққан адамдарды мүмкіншілігінше дер кезінде тауып, оларды ІІ, ІІ «а», ІV клиникалық топқа есепке алады. Қатерлі ісік ауруын анықтау кезінде жалпы емдеу орындарындағы дәрігерлерге аудандық онкологтар әдістемелік кеңестік көмектер береді. Науқасы толық анықталған адамдарға жоғары дәрежеде қатерлі ісікке қарсы жан- жақты дәрігерлік көмек көрсете алатын онкологиялық диспансерге жолдама беріледі.
4. Қатерлі ісік анықталған адамдарға жоғары дәрежеде арнайы ем тәсілдерін қолдану.
5. Қатерлі ісіктен емделген адамдарды диспансерлік бақылауға алу және
сауықтыру.
19 билет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет