1. Онкологиялық науқастарды диспансерлік бақылау және сауықтыру 2. Диспепсиялық бұзылыстар кезіндегі мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру Жауап
1.Онкологиялық науқастарды диспансерлік бақылау және сауықтыру.
Жалпы қатерлі ісікпен ауырған адамдар диспансерлік бақылауда болады, ал олардың ішінен арнайы ісікке қарсы ем қабылданғандарына емханадан шыққаннан кейін бірінші жылы әрбір үш ай сайын, екінші жылы әрбір алты ай сайын, ал үшінші жылдан бастап өмірінің соңына дейін жылына бір рет онкологиялық бөлмелерге немесе диспансерге шақырылып, толық клиникалық зерттеулерден өтіп, ісіктің жергілікті және алшақ дене мүшелерінде рецидиві (ісіктің қайталануы) мен метастаздарының пайда болғаны немесе жоқтығы анықталады. Егер ісік қайталанса, оған тағы да ем шараларын қолдануға болатындығы немесе болмайтындығы анықталады. Қатерлі ісікке қарсы күрделі ем тәсілдері қолданылады, соның салдарынан науқастардың көңіл-күйі, жалпы денсаулығы нашарлап, бұрынғыдай күнделікті жұмыс қабілеті төмендейді. Сондықтан емделген науқастарға әртүрлі сауықтыру (жалпы көмек, жұмысқа жарамдылығын арттыру, әлеуметтік) шаралары қолданылады. Онкологиялық диспансер – ісік ауруына қарсы шараларды ұйымдастырып, оны іс жүзіне асырып отыратын негізгі денсаулық сақтау мекемесі. Диспансердің негізгі құрамында аурухана,зертхана, ұйымдастыру-әдістемелік бөлме,кеңес беретін емхана болуы керек. Диспансердің ұйымдастыру-әдістемелік бөлмесінің негізгі міндеті есеп-санақ жұмыстарын қадағалап тексеріп, үнемі талдап отыру, диспансер бойынша ісік ауруына қарсы шараларды жоспарлау, ғылыми мекемелердің ұсынған жаңа тексеру және емдеу әдістерін қадағалап, практикаға енгізу, диспансердегі және аудандар көлемінде онкология саласында жұмыс жасап жүрген дәрігерлердің қатарын көбейтіп, білімдерін көтеру, оларды жоспарлау, жалпы емдеу орындарындағы ісікке қарсы жүргізіліп жаткан жұмыстардың тиімділігін талдап, оған әдістемелік жолбасшылық көрсету және жыл аяғында есепті ақпар дайындау болып табылады. Қатерлі ісікпен ауырған адамдар өмір бойы диспансерлік бақылауда болады. Емделіп шыққаннан кейін ісіктің қайта өрбіп, жаңа метастаздарының пайда болған не болмағандығын анықтау мақсатында емханалардағы онкологтар науқастанған адамдарды бірінші жылдың ішінде 4 рет (әрбір үш ай сайын), екінші жылы 2 рет (әрбір 6 ай сайын), ал үшінші жылдан бастап өмiрнiң соңына дейін жылына бір рет міндетті түрде жан- жақты тексеруден өткізіп тұрады.
2.Диспепсиялық бұзылыстар кезіндегі мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.
Диспепсия дегеніміз-ас қорыту дәрісінің бұзылуы.Ал мейіргерлік үрдіс дегеніміз-бұл адамның денсаулығына байланысты әмбебап қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған пациенттерге жүйелі күтімді ұйымдастырудың және орындаудың ғылыми әдісі.Ол бес кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең-Науқастың денсаулығы жайлы ақпарат жинау. 1.Паспорт бөлімі 2.Шағымдары:кекіру,қыжылдау,жүректің айнуы,лоқсу,құсу,жалпы әлсіздік,тәбеттің болмауы,іштің ауруы,іштің кебуі т.с.с 3.Ауру тарихы 4.Өмір тарихы. Екінші кезең-мейірбикелік диагноз-Асқорыту жүйесіндегі қатерлі ісік аурулары. Үшінші кезең-Жоспар құру.Яғни науқастың шағымдары бойынша жоспар құру. Төртінші кезең-Жоспарды жүзеге асыру-Шағымдарын қарап отырып көмек көрсету. Құсық кезіндегі көмек:пациенттің маңдайын ұстап тұру және басын быр қырға қарай бұрып табақ алып көмектесу,құсқан сайын аузын шайып тұру, дереу дәрігерге хабарлау. Диарея кезінде көмек:дәрігерге ескерту және қышқыл басатын дәрілерді дәрігер нұсқау бойынша беру,жыныс органдарын жуып,вазелин майын жағу. Бесінші кезең-Қорытынды.
№16 билет