1 билет Онкологияны зерттеу пәні мен әдістері Ойылу және ойылудың алдын алу шаралары


билет 1. Паллиативті көмектің негізгі мақсаты мен міндеттері



бет17/30
Дата18.06.2023
өлшемі1,15 Mb.
#102117
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30
Байланысты:
онкология билет ответ

14билет
1. Паллиативті көмектің негізгі мақсаты мен міндеттері
2. Онкологиялық науқастарды диспансерлік бақылау және сауықтыру
Жауап 1. Паллиативтік көмек бұл - мақсаты денсаулық сақтау ұйымы берген медициналық қорытындымен реттелген терминалдық сатыдағы сырқаты емделмейтін емделушілердің өмір сүру сапасын және жалпы жағдайын жақсарту үшін медициналық көмек және әлеуметтік көрсету.
Паллиативтік күтімнің негізгі мақсаты – емделушінің және науқас отбасының өмір сапалығын жақсарту.
Паллиативті көмектің негізгі міндеттері
1.Талапқа сай ауырсынуды басу және басқа физикалық симптомдарды тоқтату.
2. Науқастарға және оларға күтім жасап жүрген туыста- рына психологиялық қолдау көрсету.
3. Адамның өмір жолындағы қалыпты кезең ретінде өлімге деген қатынастарын қалыптастыру.
4. Науқастың және оның жақындарының рухани қажеттілігін қанағаттандыру
5. Әлеуметтік және заңды сұрақтарды шешу.
6. Медициналық биоэтика мәселелерін шешу болып табылады
2сұрақ жаубы
Жалпы қатерлі ісікпен ауырған адамдар диспансерлік бақылауда болады, ал олардың ішінен арнайы ісікке қарсы ем қабылданғандарына емханадан шыққаннан кейін бірінші жылы әрбір үш ай сайын, екінші жылы әрбір алты ай сайын, ал үшінші жылдан бастап өмірінің соңына дейін жылына бір рет онкологиялық бөлмелерге немесе диспансерге шақырылып, толық клиникалық зерттеулерден өтіп, ісіктің жергілікті және алшақ дене мүшелерінде рецидиві (ісіктің қайталануы) мен метастаздарының пайда болғаны немесе жоқтығы анықталады. Егер ісік қайталанса, оған тағы да ем шараларын қолдануға болатындығы немесе болмайтындығы анықталады. Қатерлі ісікке қарсы күрделі ем тәсілдері қолданылады, соның салдарынан науқастардың көңіл-күйі, жалпы денсаулығы нашарлап, бұрынғыдай күнделікті жұмыс қабілеті төмендейді. Сондықтан емделген науқастарға әртүрлі сауықтыру (жалпы көмек, жұмысқа жарамдылығын арттыру, әлеуметтік) шаралары қолданылады. Онкологиялық диспансер – ісік ауруына қарсы шараларды ұйымдастырып, оны іс жүзіне асырып отыратын негізгі денсаулық сақтау мекемесі. Диспансердің негізгі құрамында аурухана,зертхана, ұйымдастыру-әдістемелік бөлме,кеңес беретін емхана болуы керек. Диспансердің ұйымдастыру-әдістемелік бөлмесінің негізгі міндеті есеп-санақ жұмыстарын қадағалап тексеріп, үнемі талдап отыру, диспансер бойынша ісік ауруына қарсы шараларды жоспарлау, ғылыми мекемелердің ұсынған жаңа тексеру және емдеу әдістерін қадағалап, практикаға енгізу, диспансердегі және аудандар көлемінде онкология саласында жұмыс жасап жүрген дәрігерлердің қатарын көбейтіп, білімдерін көтеру, оларды жоспарлау, жалпы емдеу орындарындағы ісікке қарсы жүргізіліп жаткан жұмыстардың тиімділігін талдап, оған әдістемелік жолбасшылық көрсету және жыл аяғында есепті ақпар дайындау болып табылады. Қатерлі ісікпен ауырған адамдар өмір бойы диспансерлік бақылауда болады. Емделіп шыққаннан кейін ісіктің қайта өрбіп, жаңа метастаздарының пайда болған не болмағандығын анықтау мақсатында емханалардағы онкологтар науқастанған адамдарды бірінші жылдың ішінде 4 рет (әрбір үш ай сайын), екінші жылы 2 рет (әрбір 6 ай сайын), ал үшінші жылдан бастап өмiрнiң соңына дейін жылына бір рет міндетті түрде жан- жақты тексеруден өткізіп тұрады.
15 билет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет