1. Паллиативті көмектің міндеттері 2. Науқасты төсекте орналастыру Жауап
1.Паллиативті көмекті көрсететін мейірбикенің міндеті мен рөлі.
Емделушінің жай күйін бағалау, дәрігер тағайындауын уақытымен сапалы орындау,емдеу жоспарларын тұрақты бағалау, емделушімен және туыстарымен дұрыс қарым қатынаста болу арқылы көмек көрсету.Науқастың жеке бас гигиенасын қадағалап қамтамасыз ету, ойылудың алдын алу, төсек ауыстыру тәсілдерін жетік меңгеру қажет.
Емделушінің жағдайын бағалап,дәрігерге хабарлап отыруы қажет.Емделуші ренжіп ашу шақырып жатса, өз сезімдерін білдіруге мүмкіндік беру керек,кедергі жасамау керек. Әдептілік, шыдамдылық, науқасқа назар аудару, сезімталдық көрсету қарым қатынасқа көмегі тиеді.
Науқаспен сөйлескенде, оған уақыт бөлуге тырысу керек. Науқасқа өз туысына қарағандай қарау керек, оларда қорқыныш болады, үмітсіздік болады, соны жоюға тырысу керек. Науқастың өмірінің ұзақтығы емес, өмір сапасы үшін күресу керек. Бұл жағдайда науқас тамақтан бас тартып, келген туыстарын көргісі келмей, керісінше көргісі келіп өзгеріп отырады, сол шешімдерінің бәрімен келісіп отыру керек. Мейірбике науқастың тері тазалығына көп көңіл бөлу керек, терең дем алып , арқа аяқтарына массаж жасап, өздерін күтуді ұсынады.
Паллиативті көмек көрсететін медицина қызметкерлері әрдайым науқастың құқықтарын құрметтеуі керек, кәсіби міндеттерін орындап, науқас муддесі үшін әрекет етуі қажет. Науқастың шешімі бойынша, науқасты емдеу дәрігер құқығында, емдеу әдістерін медицина қызметкерлері психологтармен бірігіп шешеді, ал күтуші мейірбикелерге төзімділік қажет, барлық жұмыс мейірбикенің адалдығына, ұқыптылығына байланысты [23].
2. Паллиативті науқастың төсекке жату тәртібі [2,43].
Ұзақ төсек тартып жату тәртібі тағайындалған науқас диван мен кушеткада емес, міндетті түрде жайлы төсекте жатуы тиіс. Төсек тек науқас үшін ғана ыңғайлы емес, ол әр түрлі күтім шараларын өткізуге өте ыңғайлы болу керектігін ескерген жөн. Науқастың төсегі арнайы талаптарға сай болуы қажет. Еденнен матрасқа дейінгі ара қашықтық 60-70см болуы керек. Төсекті қозғалыс ыңғайлылығы үшін құралдарымен және баспен аяқ жақты қозғалту функцияларымен жабдықтау қажет. Төсекті ауыстыру ретін қауіпсіздікті сақтаумен, құлаудан сақтауды қадағалау қажет.
Науқасқа жақсы күтім көрсету мен оның қалпын ауыстыру ыңғайлы болу үшін төсек екі жақтан тұратындай етіп орналастыру керек. Егер төсектің бір жағы қабырғаға тіреліп тұрса, ол көптеген бір жақты ісінулер, жамбас тесілу және бір жақ өкпенің нашар жұмыс жасауына акеліп соғады. Жақсы керует науқастың төсектен тұруын жеңілдетіп, оның күшін белсендіреді. Науқастың қолы сырғанамас үшін тіреуіштер, түйіндер болуы тиіс. Тізе асты көпшігі, бұлшық еттердің босаңсуын қамтамасыз етеді [33,42].
Науқас жүргенде, отырғанда, тұрғанда қосымша тіректі қамтамасыз етеді. Тіреуіштер науқастың дене салмағын көтеру үшін жеткілікті дәрежеде берік болуы тиіс. Тіреуіштер диаметрі 2-4 см металл немесе пластик түтікшелерден құралған. Олардың көпшілігінің беті қолдың сырғып кетпеуі үшін кедірі, бұдыры болады. Қабырға мен тіреуіш арасында ыңғайлы ұстап алу үшін бос кеңістік қалуы тиіс. Тіреуіш диаметрі науқасқа бойына сәйкес келуі тиіс. Қолдану мақсатына байланысты тіреуіштер әр түрлі болады. Тік тіреуіштер науқастың отырған қалпынан жатқызуға және кері іс-әрекет жасау үшін керек. Көлденең тіреуіштер науқастың отырған қалпынан тартылып тұруына көмектеседі. Көлденең тіреуіштер дәретхана, жуыну бөлмелерінде, палаталарда қолданады. Тіреуіштерді қолданған кезде науқас өз күшін біркелкі орналастыруы қажет. Тіреуіштерді жуынатын бөлменің қабырғаларына, дәретхана қабырғасына, жататын бөлмеге, дәлізге, ас бөлмесіне қойған жөн.
Жағдайы нашар, әлсіз науқастарды немесе тепе-теңдік ақтай алмайтын және тағы да басқа құлап кету қаупі бар науқастар үшін арналған [1,14].
Мейірбикелер науқастың сырт киімін кигізуге көмектеседі. Науқас денесін белдік қыспас үшін оның үстіне жұмсақ қаптама кигізу керек. Науқас қозғалатын кезде бір қолымен көмекші мойынынан ұстап тұрады. Ал күтуші жанындағы көмекші науқасты екі немесе бір қолымен белдік арқылы ұстап тірейді. Бұл белбеу көмекшінің көп күшін жоймайды және жағдайды бақылауға көмегі тиеді. Белбеу науқасты тасымалдау үшін және д е басқа да жағдайларда да қолданылады.
№23 билет